"Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 363 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемінде:
«Гигиеналық заттар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 26, 27, 28, 29, 32, 33, 34-жолдар алып тасталсын;
«Кір жууға, кептіруге және ас үйге арналған мүлік» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 35, 36, 61, 62-жолдар алып тасталсын;
«Шаруашылық мүлкі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 73, 97-жолдар алып тасталсын;
«Әкімшілік үшін кеңсе тауарлары және ұйымдастыру техникасы», «Тамақ өнімдері», «Жанар-жағармай материалдары» деген бөлімдер алып тасталсын;
«Дәрілік заттар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс құралдары» деген бөлім алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов