• Мое избранное
"Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 255 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.04.2019 жылғы № 29 Жарлығына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. "Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасында:
мазмұнында:
"6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген тармақ алып тасталсын;
"1. Бағдарлама паспорты" деген бөлімде:
"Қаржыландыру көздері мен көлемі" мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржыландыру көздері мен көлемдері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен жалпы шығыстар:
2015 жылы - 770,1 млрд. теңге; 
2016 жылы - 839,9 млрд. теңге; 
2017 жылы - 2 млрд. АҚШ долларына дейінгі баламаны құрайды. 
Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру 254,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы - 25,6 млрд. теңге;
2016 жылы - 71,8 млрд. теңге;
2017 жылы - 87,4 млрд. теңге;
2018 жылы - 49,1 млрд. теңге;
2019 жылы - 20,3 млрд. теңге.";
"2. Кіріспе" деген бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Инфрақұрылымдық, жобаларды іске асырудан кешенді, синергетикалық нәтиже алу үшін ілеспе іс-шаралар қолданыстағы бағдарламалық құжаттар (Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, Бизнестің жол картасы-2020, Жұмыспен қамту жол картасы-2020, Отын-энергетикалық кешен тұжырымдамасы) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.";
"3. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы бір жүз елу үшінші, бір жүз елу төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Денсаулық сақтау саласында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында ұжымдық пайдаланудағы ғылыми молекулярлық-генетикалық 2 зертхана құрылды, олар медициналық ғылыми ұйымдар мен ЖОО студенттері, оқытушылары және ғылыми қызметкерлері үшін заманауи жабдыққа және зерттеулерді орындауға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сонымен бір мезгілде зертханалар ресурстарының азаюына байланысты оларды жарақтандыру арқылы әрі жаңа технологиялардың дамуы мен ғылыми ұжымдардың практикалық сұраныстарын ескере отырып, зертханалардың қуатын күшейту мәселесі өзекті болып отыр.";
"4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:
нысаналы индикаторларда:
мына:
"
ЖІӨ-нің болжамды өсімін қамтамасыз ету алдыңғы жылға %-бен 104,3 101,5 102,2 103,3 103,6 104,1
                                                                    "
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
ЖІӨ-нің болжамды өсімін қамтамасыз ету алдыңғы жылға %-бен 104,1 101,5 100,5 101,1 101,9 102,4
                                                                   ";
мына:
"
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ЖІӨ өсіміне әсері пайыздық тармақтарда   1,83 0,87 1,18 0,18 0,65
                                                                    "
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ЖІӨ өсіміне әсері пайыздық тармақтарда   1,83 1,29 1,16 0,18 0,65
                                                                   ";
"1. "Шұғыла" қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру." деген міндетте:
мына:
"
Құрық портында жүкті ауыстырып тиеу млн. тонна       2,7 3 3,6
                                                                    "