• Мое избранное
Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 маусымда № 13789 болып тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидалары, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымы;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банк Басқармасының
 2016 жылғы 29 сәуірдегі
 № 115 қаулысына
 1-қосымша
Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық
 бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу, мемлекеттік емес
 облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы
 есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою
 қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі – облигациялар) шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою талаптары мен тәртібін айқындайды.
2-тарау. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны)
 мемлекеттік тіркеу тәртібі
3. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтiнiш;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 50 Қаулысына сәйкес (29.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі, онда мыналар қамтылады:
облигациялар шығаруға қатысты – облигациялар шығару, орналастыру, айналыста болу және өтеу, эмитент облигациялар орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер;
облигациялық бағдарламаға қатысты – облигациялық бағдарлама шығару көлемі туралы мәлімет;
3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларына, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымына 1-қосымшаға сәйкес Облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі); 
4) эмитент жарғысының көшiрмесi;
5) инфрақұрылымдық облигациялар және екінші деңгейдегі банктердің кепілімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттің міндеттемелер орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар. Инфрақұрылымдық облигациялар үшін осындай құжаттар мемлекет пен эмитент арасында жасалған концессия шартының және кепілдеме шартының көшірмелері болып табылады;
6) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың эмитент облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізуге және онда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысы, сондай-ақ эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздарын шығару проспектісіне енгізу бойынша қор биржасының листингілік комиссиясының ұсынымдары (мұндай талап облигациялық бағдарламаның проспектісіне қатысты қолданылмайды);
7) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі (хаттамадан үзінді-көшірмені) және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығару эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешімі болғанда жүзеге асырылса, облигациялар шығару туралы шешім қабылданған эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы бетінің көшірмесі.
Қағидалардың осы тармағының талаптары айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттердің облигацияларын шығаруды (облигациялық бағдарламасын) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі – халықаралық қаржы ұйымдары) тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын шығаруды (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге қатысты қолданылмайды.
4. Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтiнiш;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 50 Қаулысына сәйкес (29.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) облигациялар шығару, орналастыру, айналыста болу және өтеу, эмитент облигациялар орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер қамтылатын эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі;
3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларына, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымына 2-қосымшаға сәйкес Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі;
4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың эмитент облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізуге және онда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысы, сондай-ақ эмитенттің облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздарын шығару проспектісіне енгізу бойынша қор биржасының листингілік комиссиясының ұсынымдары;
5) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттамадан үзінді-көшірмені) және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығару эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешімі болғанда жүзеге асырылса, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару туралы шешім қабылданған эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы бетінің көшірмесі.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2018 жылғы № 141 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;
2) дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі, онда мыналар қамтылады:
облигациялар шығаруға қатысты – облигациялар шығару, орналастыру, айналыста болу және өтеу, эмитент облигациялар орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер;
облигациялық бағдарламаға қатысты – облигациялық бағдарламаның шығарылу көлемі туралы мәлімет;
3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларына, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымына 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);
4) дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің құрылтай құжаттарының көшірмелері;