• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 253 бұйрығы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Мыналардың:
1) «Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан, Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-1/620 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12092 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 қарашада жарияланған);
2) «Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-1/620 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13194 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
"КЕЛІСІЛГЕН" 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
 ____________ Қ. Бишімбаев 
2016 жылғы 13 маусым