Toggle Dropdown
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 25.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 370 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында:
Toggle Dropdown
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
Toggle Dropdown
«Терминдер мен анықтамалар» деген 2-тарауда:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны.»;
Toggle Dropdown
«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 3-бөлімде:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«10-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
«Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 4-тарауда:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 31-1 тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«31-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мұндай жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны Кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:
Toggle Dropdown
«Терминдер мен анықтамалар» деген 2-тарауда:
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;»;
Toggle Dropdown
«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары» деген 3-тарауда:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«10-1. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.»;
Toggle Dropdown
«Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары» деген 4-тарауда:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«28-1. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.».
Toggle Dropdown
Өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 370 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары
Toggle Dropdown
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беретін микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлерге берген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Субсидиялау кәсіпкерлер микрокредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Қаржы агенттігінің қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
Toggle Dropdown
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокердиттеуді субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Toggle Dropdown
5. Субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Терминдер мен анықтамалар
Toggle Dropdown
6. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) банк-төлем агенті – микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға тиіс;
Toggle Dropdown
2) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, микроқаржы ұйымы және кәсіпкер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кәсіпкердің микроқаржы ұйымы берген микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ішінара субсидиялайды (бұдан әрі – субсидиялау шарты);
Toggle Dropdown
3) микрокредит беру туралы шарт – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша микроқаржы ұйымы кәсіпкерге жобаны іске асыру үшін микрокредит береді;
Toggle Dropdown
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
5) микрокредит – микроқаржы ұйымы жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретін ақша;