Bestprofi Logo

Тізбе № 295 от 2016-07-04г./Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (05.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі

Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 31.10.2016 жылғы № 366 Жарлығымен (04.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 04.11.2016 жылғы № 369 Жарлығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (04.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) Тізбенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығына сәйкес Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығымен (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 75 Жарлығымен (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 76 Жарлығымен (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 14.06.2022 жылғы № 927 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (14.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 02.01.2023 жылғы № 78 Жарлығымен (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 19.01.2023 жылғы № 106 Жарлығымен (02.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 05.06.2023 жылғы № 239 Жарлығымен (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (05.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2024 жылғы № 570 Жарлығымен (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары Бағалауды жүргізетін уәкілетті адам
Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері Жұмысы бағаланбайды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері Қазақстан Республикасының Президенті
Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті
Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары мен орынбасарлары Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Президенті тікелей бағалайтын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Президенті тікелей бағалайтын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың мемлекеттік саяси қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Жол алып тасталды (ескертуді қараңыз)  
Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесінің директоры

«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын министрдің бірінші орынбасарлары мен орынбасарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы министрлерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары (вице-министрлер) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тиісті Қазақстан Республикасы министрінің ұсынысы бойынша
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары тағайындайтын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі директорының орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы тағайындайтын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өзге де құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының әкімдері облыстардың әкімдері
Қалалардағы аудандардың әкімдері қалалардың әкімдері
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппараты басшысының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппараты басшысының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание