Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
17-қосымша
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қояндарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Қояндарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және қояндарға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды, сондай-ақ қояндарды бонитирлеу кезінде қойылатын зоотехникалық талаптарды белгілейді.
2. Қояндарды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Қояндарды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Бонитирлеу – жануарларды тиiстi сыныбын бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау. Бонитирлеуді жыл сайын, қараша, желтоқсан айларында жүргізеді. Асыл тұқымды қояндарды өсіретін фермаларда бонитирлеуге негізгі табынның барлық аталықтары мен аналықтары, бір реттік (тексерілетін) аналықтар және селекциялық табынның үш айлығындағы және қараша-желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кезде бағаланатын барлық жас қояндар, сондай-ақ басқа шаруашылықтарға тұқымын алуға өткізілетін жас қояндар жатады.
Тауарлық фермаларда негізгі табындағы асыл тұқымдық ядроның аналық қояндарының барлық аталықтары, үш айлық жасында іріктелген және қараша-желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кездегі өсімді молайтатын жас қояндар бонитирленеді.
қояндарды жақсы (зауыттық) қоңдылықты (арып немесе семіріп кетпеген) жай-күйге келтіру;
барлық ауру және ауруға күдікті, сондай-ақ кәрі және өнімділігі төмен қояндарды жарамсыздыққа шығару;
қояндардың шығу тегін нақтылау және жануарлардың нөмірлерін тексеру (анық емес нөмірлер қалпына келтіріледі);
табақшалы таразыны, сантиметрлік лента мен сызғышты дайындау қажет.
5. Өсімді молайтатын жас қояндар және тұқымды алуға сатылатын жас қояндар 2 немесе 3 айлық жаста мынадай төрт көрсеткіш бойынша бонитирленеді:
4) түкті жабынының қалыңдығы (табандарының мамықтануы).
Негізгі табындағы қояндарды және негізгі табынға енгізілетін өсімді молайтатын жас қояндарды, бір реттік (тексерілетін) аналықтарды қараша–желтоқсан айларында тұқымдылығы, тірідей салмағы, дене бітімі, түкті жабынының тығыздығы және оның біркелкілігі (етті-терілік тұқымдарда), түбіттік өнімділігі (түбітті тұқымдарда) түкті жабынының түсі (етті-терілік тұқымдарда) бойынша бонитирлейді.
6. Тұқымдылығын бағалау. Таза тұқымды қояндарға бір тұқымдағы ата-енеден шыққан қояндар жатады, бұл тиісті зоотехникалық құжаттармен расталуы және қояндардың сыртқы көрінісі бойынша белгіленуі тиіс. Сондай-ақ таза тұқымды қояндарға сіңіре шағылыстыру жолымен алынған және тұқым типі айқын көрінетін будан қояндарды (төртінші буыннан бастап) жатқызады.
Элита сыныбына және бірінші сыныпқа тек таза тұқымды қояндарды жатқызуға болады. Тірідей салмағын бағалау қояндарды 100 грамға дейінгі дәлдікпен жеке өлшеу жолымен жүргізіледі. Дене бітімін бағалау, сүйегінің даму дәрежесі, кеудесінің ені мен тереңдігі, басының пішіні мен өлшемі, арқа сызығы мен пішіні, аяқтарының мықтылығы мен қойылуы бойынша көзбен көріп жүргізіледі. Дене бітімінің ақауларына бас пішінінің дұрыс болмауын, мойнының тым ұзын болуын, құлақтарының салбыраңқы немесе алшақ орналасқанын жатқызады.
7. Қоянның түкті жабынының тығыздығын анықтау:
1) түкті жабынға үрлеген кездегі ауа ағынының бағыты;
2) «дегелек» түбі (бүйірден көрінісі):
3) сирек үлбірдің «дегелек» түбі;
4) үлбір қанағаттанарлықтай тығыз кездегі «дегелек» түбі;
5) үлбір жақсы тығыз кездегі «дегелек» түбі;
6) – «дегелек» түбі көрінбейді - үлбір өте жақсы тығыздықта болғанда. Элита сыныбына және бірінші сыныпқа дене бітімінде ақауы жоқ, екінші сыныпқа бір ғана ақауы бар, үшінші сыныпқа екі немесе одан да көп ақаулары бар қояндарды жатқызады. Дене бітімінде кемшілігі бар қояндар жарамсыз саналады және асыл тұқымдық пайдалануға жіберілмейді. Түк жабынының тығыздығы мен оның біркелкілігін бағалау қояндардың етті-терілік және етті тұқымдарына жон ортасынан түктің өсуіне қарсы үрлеген кездегі «дегелек» түбінің алаңы бойынша көзбен көріп жүргізіледі. Тығыздығының біркелкілігін бағалау үшін сауырындағы, жонындағы, бүйіріндегі «дегелек» шамасы салыстырылып тексеріледі. Сондай-ақ артқы аяқтарының (табандарының) вентральды беттеріндегі түгінің қалыңдығы мен тығыздығы бағаланады.
8. Қояндарда түкті жабынының тығыздығы мен біркелкілігін бағалауға арналған талаптар төменде келтірілген.
Элита сыныбы. Бүкіл дене бойындағы түк жабыны қатты иілгіш қылшықты біркелкі өте қалың, түгі өте қалың. Түкті жабынды үрлеген кезде «дегелек» түбінен тері беті көрінбейді деуге болады, табандарында түгі өте қалың қатты. Бүкіл дене бойында түк жабыны қатты иілгіш қылшықты біркелкі қалың, түгі қалың. Түкті жабынды үрлеген кезде «дегелек» түбінен 2 шаршы миллиметрге дейін тері беті көрінеді. Табандарында түгі қалың қатты. Біркелкі емес түктену қалыңдығы: жаясында түгі қалыңырақжәнежоны мен бүйірлерінде қалыңдығы шамалы. Түкті жабынды үрлеген кезде «дегелек» түбінен 2-ден 4-ке дейінгі шаршы миллиметрде тері беті көрінеді. Табандарының түгі селдір және жұмсақ. Түктену қалыңдығы жеткіліксіз: түкті жабынды үрлеген кезде «дегелек» түбінен 4-тен 6-ға дейінгі шаршы миллиметрде тері беті көрінеді. Табандарының түгі селдір, жұмсақ, табан түктерінің қажалу белгілері бар. Түбітті тұқымның негізгі табындағы түбіт өнімділігін бағалау жыл бойы жиналған түбіттің саны бойынша, ал жас қояндарды 2 және 4 ай жасында алғашқы екі жиналымы бойынша бағалайды. Етті-терілік тұқымды қояндардың түкті жабынының түсін бағалау күндізгі жарықта көзбен көріп жүргізіледі. Қылшықты түктерінің аймақтық түсінің дәрежесі жаясындағы және бүйіріндегі «дегелек» сипаты бойынша сипаттайды. Бұл ретте сақиналардың саны мен алуан түрлілігі есептелінеді.
9. Кешенді белгілеріне қарап сыныбын анықтау.
Элита сыныбына таза тұқымды, мықты, дене бітімінде ешқандай ақауы жоқ, қараша–желтоқсан айларында бонитирлеуде барлық көрсеткіштері бойынша элита бағасын алған қояндар жатқызылады.
Бірінші сыныпқа барлық белгілері бойынша немесе қалған белгілерін жоғары бағалау кезінде біреуі болсын бірінші сыныпты баға алған таза тұқымды, мықты, дене бітімінде ешқандай ақауы жоқ қояндар жатады.
Екінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша екінші сыныпқа бағаланған немесе кем дегенде бір белгісі жоғары бағаға бағаланған қояндар жатады.
Үшінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері үшінші сыныпқа бағаланған немесе кем дегенде бір белгісі жоғары бағаға бағаланған қояндар жатады. 2 немесе 3 айлық жасында бонитирленетін (бағаланатын) қояндарға тұқымдық көрсеткіштері, тірідей салмағы, дене бітімі, табандарындағы түкті жабынының қалыңдығы бойынша осы қағидаларда сынып белгіленеді. Түк жабынының түсін бағалау басқа көрсеткіштер бойынша қосынды сыныбын, бір сыныптан артық азайта алмайды.
10. Асыл тұқымдық ядро мөлшері өсімді молайтатын жас қояндарды қажет етумен анықталады. Асыл тұқымдық ядроға фермадағы қояндардың кем дегенде негізгі табынның 20%-ы енуі тиіс. Асыл тұқымдық ядродағы ұрпақ сапасын тексергеннен кейін көрсеткіштер асыл тұқымдық ядродағы қояндардан жас аралығы бірдей жас қояндардың орташа көрсеткішінен төмен жануарлар шығарылады. Бірінші және екінші көжектеуден алынған жас қояндардың сапасы бойынша ұрғашы және еркек қояндарды тексеру неғұрлым дұрыс болады. Ұрпақтарының сапасын 2 немесе 3 айлық жасындағы бонитирлеу (бағалау) нәтижесі бойынша бағалайды. Асыл тұқымды табыннан ұрпақтарының түсі бөлектеніп туылған таза тұқымды жануарлар шығарылады. Бонитирлеу бойынша көрсеткіштері үшінші сыныптан төмен қояндарды; алғашқы екі көжектеуінің әрбіреуінде кем дегенде 5 көжекті өсірген аналық (егер стерильді аталықтан туындаған жағдайларды қоспағанда) және аталықты, қалыпты жағдайда аналықтың 30 %-дан астамын ұрықтандыра алмаса; ерекше асыл тұқымды жануарлардан басқа 3 жастан асқан аталықтар мен аналықтарды, саулығының жай-күйі және ветеринариялық талаптар бойынша жануарларды; түсік тастаған немесе өз көжегін жеп қойған аналық қояндырды; зауыттық қоңдылықтығы және күн сайын 15 күн бойы шағылысудан бас тартатын; қалыпты күтіп-бағу жағдайында жүктілігін тексергенде қатарынан екі рет буаз болмаса (егер стерильді аталықтан туындаған жағдайларды қоспағанда) жарамсыз деп тану және союға өткізу ұсынылады.
11. Қояндарды, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру кезінде, оларды сыртқы түрі, саулықтың жай-күйі, жергілікті ауа райына бейімделуі бойынша бағалайды. Осы көрсеткіштердің жиынтығы қояндардың конституциясын айқындайды. Конституцияда өнімділік сипатына және сыртқы орта жағдайларына ден қоюға байланысты организмнің барлық анатомиялық-физиологиялық сипаттамалары көрінеді. Конституция типімен бордақылауға бейімділігі, тез жетілгіштігі, еттілігі, түк жабынының сапасы, ауруға қарсы тұру сияқты қабілеті бар қояндардың шаруашылықта маңызды пайдалы сапасын байланыстырады. Қояндардың конституциясын ең алдымен сыртқы тұрқы – сырт бітімі бойынша бағалайды. Сыртқы тұрқы конституцияның мықтылығы, өнімділік бағыты мен қояндардың саулығы туралы түсінік береді. Сырт бітімі деп жануардың жалпы түрін, пішінін, яғни оның қалыптасқан үйлесімділігі және дұрыстығы сипатталатын дененің жеке бөліктерінің арасындағы өзара қатынасты білдіреді. Дене бітімін сүйектің даму дәрежесі, кеудесінің ені мен жалпақтығы, басының пішіні мен көлемі, арқа пішіні мен сызық өлшемі, аяқтарының беріктігі мен қойылуы бойынша көзбен көріп анықтайды. Қоянды бағалау кезінде ең алдымен жалпы оның дене бітіміне назар аударылады, сосын қалған бөліктері тексеріліп-қаралады. Бұндай кешенді бағалау осы ерекшелік туралы жетерліктей толық және дұрыс көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дене бітімін (сырт бітімін) бағалауды басынан бастайды, содан кеуде орамын, белінің енін, пішінінің ұзындығын анықтауға көшеді. Қояндардың әрбір тұқымының белгілі бір бас пішіні болады. Еркектерінің басы аналыққа қарағанда ірілеу, ауырлау болады. Құлақтарының ұзындығы мен пішіні тұқым белгісіне жатады, бірақ олар барлық жануарларда құлақтың түбінен тығыз және түзу болуы тиіс. Кең және жалпақ кеуде - саулықтың жақсылығы мен конституция мықтылығының көрсеткіші. Кеудесінің жіңішке болуы жануардың конституциясының әлсіздігін көрсетеді. Арқасы мен белі тегіс, түзу және кең болғаны дұрыс, бұлшық еті барлық дене бойы қатты және тығыз болуы тиіс (әсіресе бүйір жағында және белінің бойында). Созылыңқы қысыңқы пішінді, жіңішке жауырынды, ұзын мойынды және бүйірлері қабысқан қояндар етке өсіруге келіңкіремейді. Етті бағыттағы қояндардың мойыны қысқа және бұлшық етті болып келеді.
12. Қоян өсіру шаруашылығында конституцияның екі сыныптауыш типі қолданылады. Біріншісі бойынша жануарлар екі негізгі типке бөлінеді: лептосомдық және эйрисомдық.
Бірінші типті жануарлардың қаңқасы қысыңқы, кеуде клеткасы созылған, ұзын мойынындағы басы шағын болады. Оларда зат айналымы жоғары. Эйрисомдық типке жататын жануарлардың денесі шомбал, май қабаты мықты дамыған, кеудесі көлемді, бұлшық етті мойыны қысқа болып сипатталады. Олардың зат айналымы төмен, май және ет жинауға бейім болады. Кең денеліге (эйрисомдыққа) кеңестік шиншилла, күміс түстісі және басқалар жатады.
Жіңішке денеліге (лептосомдыққа) – зор денелі сұр, ақ түбітті және басқалар жатады. Әрбір негізгі тип (эйрисомдық және лептосомдық) шегінде ірі, күшті, болбыр және нәзік конституциялы қояндар кездеседі.
Ірі конституциялы қояндардың сүйектері үлкен және ірілеу, басы үлкен және ірі, терісі қалың, түк жабыны қатты болып келеді. Бұл типтегі қояндар жарамсыз деп танылады, себебі олар ет өнімділігі төмендігімен ерекшеленеді.
Тығыз (мықты) конституциялы жануарлар дәнекер тінінің және тері астында және сонымен қатар ішкі ағзалардың айналасында май қыртыстарының нашар дамуымен ерекшеленеді. Бұл жануарлардың терісі созылмалы, бұлшық еті жақсы дамыған, күшті, бірақ сүйегі ірі емес, денесі ұзын, құлағы тік қойылған, кеудесі жақсы дамыған, арқасы кең және тік, жаясы жұмыр болып келген, күшті, аяқтары денесіне қатысты дұрыс қойылған. Аталықтардан еркектік типі айқын көрінеді. Мұндай жануарлар азықты жақсы пайдаланады және өнімділігі жоғары болады.
Конституциясы мықты қояндар кез келген тұқымның асыл тұқымдық ядросын құрауы тиіс.
Конституциясы болбыр (бос) жануарлардың сүйегі жеңіл, түк жабыны сирек, терісі және бұлшық еті болбыр, тері астындағы дәнекер тіні жақсы дамыған. Тері мен бұлшық еті ұстап көргенде, бос, ісінген сияқты, түк жабыны өте сирек. Конституциясы осындай типтегі жануарлар бордақылау үшін ең жарамды болып келеді, бірақ тамақтандыруды, күтіп-бағуды қажет етеді, суық тию ауруларына бейім.
Конституциясы нәзік қояндарда - сүйегі нәзік жіңішке, түк жабыны қалың емес, терісі созылмалы болады. Тері астының дәнекер және май тіні жақсы дамыған. Бұлшық еті болбыр, майлы қабаты жиі болады. Бұл қояндар азықты жақсы жейді және бордақылау үшін жарамды. Түк жабынының қалыңдығы және оның бүкіл дене бойы біркелкілігін көзбен және ұстап көріп, сондай-ақ түгінің өсу бағытына қарсы бүйірі мен жотасы, жая үстінің түгін үрлеу арқылы алатын «дегелек» түбінің көлемі бойынша анықтайды. Түгінің қалыңдығы туралы дәл анықтау терінің 1 шаршы сантиметр аумағындағы түгінің санымен көрсетіледі.
Қояндарда: дене бітімі мықты; сүйегі жақсы дамыған; осы тұқымға тән денесі, осы тұқымның типіне жататын басы, аналықтарында бірқатар ұзындау және аталықтарында дөңгелектеу, шомбалдау; құлақтары тік қойылған; жақсы дамыған, кеудесі кең және жалпақ; арқасы кең тік емес; дөңгелек пішінді сауыры; мықты, аяқтары денесіне қатысты дұрыс қойылған болуы тиіс.
13. Сырт бітімін бағалау кезінде көжектегіштігін және табынның тіршілік әрекетін қолдау үшін маңызы бар жыныстық диморфизм белгілеріне назар аударылады. Қояндардың аталықтарында еркек типі жақсы білінуі тиіс, тіпті сыртқы түрі арқылы аналықтардан ерекшеленуі тиіс. Еркектерінің бастары үлкендеу, аяқтары ірі және мықты, түк жабыны дөрекілеу, кеудесі ұрғашыларына қарағанда жалпағырақ. Жақсы ұрғашы мықты, дені сау, жақсы дамыған, дене бітімі дұрыс, түк жабыны қалыңырақ, жылтыр болуы тиіс. Асыл тұқымды ұрғашыда: сүйегі мықты, бірақ ірі болмауы; еркегіне қарағанда басы ұзынша және нәзіктеу; арқа сызығы түзу; кеудесі дөңгеленген және жалпақ; сауыры кең, қарыны салпимаған созылмалы; аяқтары мықты; жақсы дамыған кемінде сегіз (төрт жұп) емшек болуы тиіс. Дене бітімінде ақауы бар, конституциясы әлсіз жануарларды табыннан жарамсыз деп шығаруға жатқызылады. Бұл қажет, өйткені қояндар жоғары қарқынды көбеюмен және тез жетілгіштігімен ерекшеленеді, ал мұның мәнісі, организм өмір бойы жоғары ширығу жағдайында болады. Конституциясы әлсіз, дене бітімінде ақауы бар қояндар зат алмасуының жоғары қарқындылығына шыдай алмайды, дене салмағы төмен әлсіз ұрпақ береді. Конституциялық типтегі қояндарды бағалаған кезде терісінің жай-күйі, түк жабынының қалыңдығы, түсі және біркелкілігі рөл атқарады.
Тері жағдайына қарап, жануарлардың конституциялық типін анықтауға болады. Терінің болбырлығы – конституцияның бос дамуының ең маңызды белгілерінің бірі. Конституциясы мықты типті (бірақ ірі емес) жануарлардың терісі тығыз, созылмалы. Конституциясы нәзік типті қояндардың терісі жұқа, тез тартылғыш, түкті жабыны жұмсақ болады. Конституциясы нәзік типті қояндарды қайта дамыту жағына қарай жылыстату кезінде түкті жабыны өте селдір болады, тіпті терісі көрініп тұрады. Қояндардың арнайы етті тұқымдарының өзіне тән конституция типі болады. Мәселен, жаңа зеландиялық қызыл, жаңа зеландиялық ақ, калифорниялық қояндар артқы аяқтарының еттілігімен, арқа бұлшық еттерінің жақсы жетілгендігімен, мойынының қысқалығымен және бұлшық еттілігімен, жауырынының жалпақтығымен сипатталады, осындай тұқымды қояндардың тығыз тіні денесін толық жауып жатады, денесінің артқы жағы домалақтанған және жалпақ болып келеді. Жамбасының ішкі жағының бұлшық еттері жақсы жетілген. Еркек қоянның басы ұрғашысына қарағанда үлкен болады. Терісі болбыр, созылмалы.
Конституцияның осы титіндегі қояндар үлкен болып көрінгенімен сүйегі жеңіл болады, сүйектері берік емес, терісі мен бұлшық еттері болбыр болады. Тері асты және май тіндері жақсы дамыған. Қояндардың етті типі мығымдылық индексінің жоғары болуымен, жақсы анық көрінетін етті пішінімен, мықты конституциямен сипатталады. Конституцияны бағалаған кезде жануарлардың конституциясын тұрақты шама ретінде қарамау керек екендігін естен шығармау керек. Орныққан конституция типі айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Жануарларды бір климаттық аймақтан басқа аймаққа ауыстырғанда өзгереді. Әсіресе түк жабынының қалыңдығы, дене бітімінің типі, ішкі органдарының өлшемдері өзгереді. Қояндардың конституциялық типін, олардың өсімді молайту қабілеттері жағдайын, қан реакциясын,сүйек құрылысын анықтайтын маңызды факторлардың бірі азықтандыру жағдайы болып табылады. Қояндарды ақуыздар мен концентраттар құрамы бойынша айрықшаланатын азық рациондарында өсірген кезде, қаңқаның жеке бөліктерінің арақатынасында елеулі өзгеріске ұшырауы байқалады. Концентраттар берілмеген және рацион құрамында ақуыз деңгейі аз болған жануарларда артқы аяқтарының толық дамымауы (туылғаннан кейін шамалы өсуі байқалған) және бас сүйегінің - аз дәрежеде (туылғаннан кейін өте төмен өсуі байқалған) болуы байқалады. Бұл дене бітімі пропорциясының өзгеруіне әкеліп соқтырады: жануарлардың денесі қысыңқы, жеңіл болады. Қояндар ағзасының дамуына көбіне климаттық жағдай әсер етеді. Сол жастағы наурыз айында туылған көжекке қарағанда, қаңтар айында туылған көжектің тірідей салмағы жоғары болады. Күзде туылған қояндардың түгі жазда туылған қояндармен салыстырғанда қалыңырақ болады. Қыста көжектеген қояндардың түк жабыны қалың, олардың терілері 4-5 айда жетіледі. Өсу және даму көрсеткіштерін зерделей келе қыста және көктемде көжектеген қояндар ұқсас болады, жазда көжектеген жас қояндар (әсіресе ыстық уақытта туылғандар) нашар дамиды. Советтік шиншилла ұрпағы қояндары ұрғашы қояндардың туу уақыты ұрпағының өнімділік сапасына ықпалын зерттеу нәтижелері негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілері (тірідей салмағы, өлшемі, жылдам жетілгіштігі, тіршілік әрекеті) және қаңтар айында көжектеген ұрғашы қояндардан туылған жануарлардың ішкі органдарының дамуы бойынша басқа мезгілдерде туылған қояндардан артығырақ болады. Жылдың түрлі мезгілдерінде туған ұрғашылардан алынған ұрпақтардың бірдей дамымауы жылдың суық уақытында ұрғашы қояндардың ағзасындағы зат алмасу деңгейінің жоғары болуымен сипатталады. Бұл фактор жануарлардың даму сипатына, сондай-ақ ұрпақтарының өсуі және дене бітімі типіне әсер етеді. Қояндардың сырт бітімін көзбен көріп (сыртқы түрін қарап-тексеру), сондай-ақ олардың өзгеру нәтижелері мен өлшеу арқылы бағалайды.
14. Қояндарды өлшеу және салмағын өлшеу (көзбен көріп бағалауға қосымша) әрбір жануардың аса неғұрлым объективті сипаттамаларына арналған деректерді алуға мүмкіндік береді. Мынадай өлшемдер: жауырын артының кеуде орамы, дене ұзындығы (танауының ұшынан бастап мойын бойымен, арқасы, белі, сауырынан бастап құйрық түбіне дейін) және корпусының ұзындығы (бірінші кеуде омыртқасынан бастап құйрық түбіне дейін) алынады. Қоян шаруашылығында негізінен өлшемдері бойынша мығымдылық индексі (жинақылығы) анықталады:
мығымдылық индексі = (жауырын артының кеуде орамы) Х100 (денесінің ұзындығы)
Бұл индекс - қояндардың дене салмағы дамуының жақсы көрсеткіші. Шартты түрде эйрисомалық типті қоянның индексі 63-тен көп, ал лептосомалық типті қоянның индексі 63-тен кем болуы тиіс деп есептеуге болады.
Қоянның дене бітіміндегі кемшіліктер осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген.
15. Қоянды сырт бітімі бойынша бағалау кезінде олардың тірідей салмағы маңызды болады, оны тамақтандыруға дейін, 50-100 грамға дейінгі дәлдікпен жануарларды өлшеу арқылы анықтайды.
Қояндарды сырт бітімі және конституциясы бойынша бағалау кезінде дене бітімінде кемінде бір ақауы бар, барлық жануарлар жарамсызға жататындығын білу керек; бір - екі ақауы болса – балы және жалпы сыныбы төмендетіледі.
Қоянның дене бітіміндегі ақаулар осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген.
16. Тірідей салмағы. Оны 100 грам дәлдікпен жеке өлшеу жолымен анықтайды. Етті, етті-терілі және етті түбітті тұқымды қояндардың тірідей салмағына қойылатын ең төменгі талаптар (килограмм) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген.
17. Дене бітімін (сырт бітімін) көзбен көріп бағалау негізінде бағалайды. Сүйектің даму дәрежесін, кеуде бөлігінің жалпақтығы мен енін, басының пішіні мен өлшемін, арқасының пішіні мен сызығын, аяқтарының мықтылығы мен қойылымын бағалайды.
Қояндардың дене бөліктері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада көрсетілген.
18. Сырт бітімін бағалау бас бөлігінен басталады, ары қарай алдыңғы және артқы дене бөліктерін, содан кейін аяқтарын бағалаумен аяқтайды. Бұл ретте сүйектердің, бұлшық еттердің дамуына, түк жабынының қалыңдығына және түсіне назар аударады және жалпы жануарды қарап-тексереді. Жекелеген бөліктерін қарап-тексеру кезінде әр тұқымға тән ерекшеліктер ескеріледі. Жыныстық айырмашылықтарына назар аударылады.
Сырт бітімінің негізгі қалаулы белгілері мыналар: басы денесімен қатар, еркек қояндарда ұрғашыларына қарағанда үлкенірек және ірі. Құлақтары түзу, түп жағына қарай тығыз, мойыны денесімен қатар, түгі мамықты, кеудесі жақсы жетілген, кең және жалпақ. Арқасы қысқа, түзу, белі-құйымшақ бөлігі ұзын, жалпақ, сауыры домаланған, аяқтары мықты, денесіне қатысты дұрыс орналасқан.
Қояндардың құлақтарының орналасуы, арқасының және жаясының кемшіліктері, аяқтарының қойылуындағы кемшіліктер және қояндардың құйрықтары осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада көрсетілген.
3-тарау. Зоотехникалық талаптар
19. Дене бітімінде ақауы жоқ қояндар элита сыныбына және бірінші сыныпқа, бір ақауы бар қояндар - екінші сыныпқа, дене бітімінде екі және одан да көп ақауы бар қояндар - үшінші сыныпқа жатады. Кемшіліктері бар қояндар жарамсыздыққа шығарылды және асыл тұқымды пайдалануға жіберілмейді.
Сыныптарды айқындау үшін осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес қояндарды түк жабынының қалыңдығы және біркелкілігі бойынша бағалау жүргізіледі.
20. Түк жабынының қалыңдығы және оның біркелкілігін көлемін, сауырындағы, жотасы мен бөксесіндегі «дегелек» түбін салыстыру арқылы біркелкілігі, қалыңдығы бойынша былғарыны үрлеу кезінде қалыптасатын «дегелек» түбі аумағының мөлшері бойынша көзбен көріп айқындайды.
Дегелек әдісімен түкті жамылғының қалыңдығын анықтау осы Нұсқаулыққа 7-қосымшада көрсетілген.
21. Түбітті тұқымның негізгі табындағы түбіт өнімділігін жыл бойы жиналған түбіт бойынша, ал жас қояндардың өнімділігі –екі және төрт айлық жасында алғашқы екі жиналым бойынша айқындайды. Ересек қояндарды элита сыныбына түбітті жинау кезінде жатқызады: аналық қояндарда түбіттің 500 грамм, еркегінен – кемінде 450 грамм, бірінші сыныпқа тиісінше 450, 400 грамм, екінші сыныпқа сәйкесінше-400 және 350 грамм, үшінші сыныпқа – 300 грамм; жас жануарлар мамық жинау кезінде элита класына жатады – 60 грамм, бірінші сыныпқа-50 грамм, екінші сыныпқа – 40 грамм және үшінші сыныпқа – 30 грамм.
22. Түк жабынының түсін күндізгі шашыраңқы жарықта көзбен көріп белгілейді. Әр жерінде боялып туылған қояндарда олардың айқындылық дәрежесін жонындағы, арқасы мен бүйіріндегі «дегелек» сипатына қарай айқындайды.
23. Қояндарды бөлек белгілері бойынша бағалағаннан кейін кешенді белгілер бойынша жалпы сыныпты белгілейді.
24. Элита сыныбына дене бітімі мықты таза тұқымды, барлық көрсеткіштер бойынша дене бітімінде ақауы жоқ элита бағасын алған қояндар жатады.
25. Бірінші сыныпқа дене бітімі мықты таза тұқымды, дене бітімінде ақауы болмаған кезде барлық көрсеткіштер бойынша немесе қалған белгілерін жоғары бағалау кезінде біреуі бойынша бірінші сынып бағасын алған қояндар жатады.
26. Екінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша немесе біреуі бойынша екінші сынып бағасын алған және қалған белгілер бойынша одан жоғары баға алған қояндар жатады.
27. Үшінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша немесе біреуі бойынша үшінші сынып бағасын алған, ал қалған белгілер бойынша одан жоғары баға алған қояндар жатады.
Етті-терілік тұқымдағы қояндарға сыныпты берген кезде мамық түсін бағалау жиынтық сыныбын бір балдан артық төмендете алмайды.
28. 2-3 айлық жастағы жас қояндар сыныбын асыл тұқымдылығы, тірідей салмағы, дене бітімі, табанындағы түк жабынының қалыңдығы ескеріле отырып, сол қағидалар бойынша белгілейді. Осы бонитирлеу деректерінің негізінде қояндарды қорытынды іріктеу жүргізіледі және олардың мақсатын айқындайды. Жоғары баға алған жануарларды асыл тұқымдық ядроны толықтыру үшін бөліп алады, бірінші және екінші сыныптағы жануарлар өндірістік табынға жіберіледі. Үшінші сыныптың қояндарын негізгі табынға ерекшелік ретінде жібереді.
29. Асыл тұқымдық ядродағы (селекциялық топтағы) өсімді молайтатын жас қояндарды ұрпақ сапасы бойынша ұрғашы және еркек қояндарды тексеру кезінде алынған деректерді ескере отырып, асыл тұқымдық ядро жануарларының төлдерінен қалыптастырады. Өсімді молайтатын жас қояндарды алу үшін жұптарды іріктеу жоспарын жасау кезінде әдетте ұрғашы қояндарға ата-енелерінің ең үздік көрсеткіштерін үйлестіретін және ұрпағын көбейтетін жоғары сапалы еркек қояндарды іріктеген жөн.
30. Көжектерді асыл тұқымдық ядро аналықтарынан 40-45 күнде бөліп алады. Өсімді молайтатын жас қояндарды алдын ала іріктеп алуды бөліп алған және 3 айлық жасында жүргізеді. Еркектері мен ұрғашыларын бірінші кезекте өміршеңдігі жоғары, жақсы дамыған, тірідей салмағы жоғары және дене бітімі жақсы бір анадан туған көп көжектердің ішінен таңдап алады. Осылайша таңдап алынған жануарларды өз табынының өсімін молайту және басқа шаруашылықтарға сату үшін пайдаланады. Шаруашылықта қалдырылатын 2-3 айлық жастағы жас төлдердің саны табынның өсімін молайтуға және оны кеңейтуге шаруашылықтың қажеттілігінен шамамен 1,5-2 есе асады.
31. Негізгі табынның өсімін молайту бір жылдың ішінде жүргізіледі. Жас аналықтарды алғаш көжектегеннен кейін, айдың соңғы күнінде негізгі (ересек) табынға, ал жас еркек қояндарды бес айлық жасында ауыстырады.
32. Асыл тұқымдық ядроға негізгі табындағы ең жақсы төлдерді бөледі. Оның мөлшері өсімді молайтатын жас қояндарға деген қажеттілікке байланысты айқындалады және фермадағы негізгі табындағы қоян басының кемінде 50%-ын құрайды.
33. Асыл тұқымдық ядроға бөлінетін еркек қояндарды шағылысу басталғанға дейін 2-3 ай бұрын жыныстық белсенділігін тексереді. Содан соң шамамен 80-85% ең үздік еркек қояндарды ұрпақ сапасына тексереді. Ол үшін әр еркек қоянға жастары мен өнімділік сапасы бірдей 8-10 ұрғашы қояндарды іріктейді. Еркек қояндарды екі көжектеген жас қояндардың сапасы бойынша тексереді.
34. Тексерілетін еркек қояндарды ұрғашы қояндармен шағылыстыру кезінде алынған жас қояндарды 3-айлық жасында тұқымдылық, еттілік көрсеткіштері, дене бітімі, өміршеңдігі, тірідей салмағы, өсу жылдамдығы, жас кездегі азық шығымдылығы және табанның мамықтығы бойынша бағалайды.
35. «Өте жақсы» деген бағаны ұрпағы бір жастағы асыл тұқымдық ядродағы жас қоянға талап етілетін көрсеткіштерден асып түскен еркек қояндар алады. «Жақсы» деген бағаны ұрпағы асыл тұқымдық ядро жануарларынан алынған қатарластарының орташа көрсеткіштеріне сәйкес келетін еркек қояндар алады.
36. Қояндарды негізгі табыннан бөліп тастау кезінде қажетті талаптарға жауап бермейтін жануарлар алынып тасталады. Бұл жұмыс жыл бойы және бонитирлеу кезінде жүзеге асырылады. Бонитирлеу кезінде өнімділік көрсеткіштері үшінші сыныптан төмен, сапасы бойынша шаруашылықтың жоғары талаптарына сәйкес келмейтін және ветеринариялық талаптарды қанағаттандырмайтын үш жастан асқан жануарлар (ең құндысын қоспағанда) бөлініп алынады. Сонымен қатар бір жыл ішінде алғашқы екі көжектеуінде бес көжектен кем көжек өсірген, екі жыл көжектемеген (стерильді аталықтар жағдайларын қоспағанда) ұрғашы қояндар және шағылыстырғаннан кейін ұрғашы қояндардың 30%-дан астамы ұрықтанбай қалған еркек қояндар бөлініп тасталады.
37. Жұптарды іріктеу мақсаты ұрпақтарында ата-енесінің жақсы қасиеттерін қалыптастыру және арттыру болып табылады. Іріктеу біркелкі (біртекті) және әр түрлі (гетерогенді) болып ажыратылады.
38. Біркелкі іріктеу ұрпағында ата-енелерінің жақсы қасиеттерін қалыптастыру және арттыру үшін қолданылады. Бұл ретте еркек қоянға жануарлардың өнімділігі бойынша біркелкілерін бекітеді. Біркелкі іріктеу асыл тұқымды табыны бар фермаларда және тауарлық фермалардың асыл тұқымдық ядроларында қолданылады.
39. Біркелкі іріктеудің жоғары нысаны – туыстық шағылыстыру. Бұл іріктеу кейде желіні жасау кезінде қолданылады. Әдетте, ондай жағдайларда қалыпты туыстық шағылыстыруға (3-4, 4-3, 2-5, 5-2, 4-4) жүгінеді. Туыстық шағылыстыру кезінде жануарларға күтіп-ұстау, азықтандыру бойынша жақсы жағдай жасап, қатал таңдаудан өткізу қажет.
40. Әр түрлі іріктеу кезінде әр типті белгілері бар жануарларды шағылыстыруды жоспарлайды. Оң қасиеттерімен қатар нақты бір кемшіліктері бар ұрғашы қояндарды ондай кемшіліктері жоқ еркек қояндармен шағылыстырады. Кемшіліктері әртүрлі немесе қалыпты типтен қарама-қарсы ауытқушылығы бар жануарларды іріктейді.
41. Селекциялық жұмысты дұрыс ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымдық және зоотехникалық есеп жүргізіледі.
42. Есепке алу құжаттарының бес нысаны бар:
1) негізгі табындағы еркек қоянның карточкасы;
2) негізгі табындағы ұрғашы қоянның карточкасы;
3) негізгі табындағы мал басының ведомосі;
4) өндірістік журнал, мұнда негізгі табындағы ұрғашы қояндардың нөмірі жазылады және тексерілетін жас қояндардың тордағы орындары бойынша жазылады;
5) еркек қояндарды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау ведомосі. Бұл асыл тұқымды жануарлар күтіп-бағылатын фермаларда жүргізіледі. Осындай есепті жүргізуге арналған құжатқа мыналар жатады:
төлдерді тіркейтін жинақтық акті. Туылған көжектерді бірінші күннен бастап қарап-тексереді. Трафареткада тірі немесе өлі көжектердің саны жазылады. Көжектерді туылған күнінен кейін екінші күннен бастап тіркеуге алады, деректерді жинақтық актіге және трафаретке енгізеді. Айдың соңында жинақтық актіні бухгалтерияға береді. Шаруашылық бухгалтериясы тек тірі қояндарды саралайды.
жануарларды топтан топқа ауыстыру актісі, оны айдың соңғы күндері жасайды. Жас ұрғашы қояндардан алғаш туған көжектерді бөлгеннен кейін, оларды негізгі табынға ауыстырады, жас еркек қояндарды – бес айлық жасында негізгі табынға ауыстырады. Актіні бригадир немесе ферманың басқарушысы жасайды;
табын ведомосі. Оны дайындау пунктіне жөнелтілетін әрбір қояндар партиясына үш данадан жасайды (ферма меңгерушісі, бригадир, зоотехник, қажет болған жағдайда ветеринариялық дәрігер);
қояндарды есептен шығару (сою, өлім-жітім) актісі. Құрамында қоян өсіру шаруашылығының зоотехнигі, ветеринария дәрігері, ферма меңгерушісі немесе бригадирі бар комиссия жасайды. Өлім-жітім немесе мәжбүрлі сою салдарынан жануарды есептен шығару кезінде актіде себебі көрсетіледі. Актіні өлім-жітім немесе мәжбүрлі сою күні толтырады, оны шаруашылық басшысы бекітеді. Актіде терінің пайдаланылғаны көрсетіледі (қоймаға тапсырылды немесе жойылды);
қояндардың қозғалысы туралы есеп. Жануарлардың келуі және есептен шығуы туралы алғашқы құжаттар мен жазба негізінде зоотехник, ферма меңгерушісі немесе бригадир жасайды;
талап-жүкқұжаты мен ерекшелігі – тиеп-жөнетілген асыл тұқымды жас қоянға, сондай-ақ қояндардың терісіне арналған ілеспе құжат. Ерекшелік құжатын екі данада, ал жүкқұжаты үш данада жасалынады.
43. Асыл тұқымдық жұмысты жоспарлау қояндардың тұқымын аса маңызды шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша одан әрі асыл тұқымдық жетілдіру перспективаларын және әдістерін айқындау жолымен жүзеге асырылады. Асыл тұқымдық жұмыс жоспары 3-5 жылға мынадай схема бойынша дайындалады:
1) шаруашылықтың жалпы мінездемесі. Бұл бөлімде қояндарды күтіп-бағу және азықтандыру бойынша мінездеме беріледі;
2) табын мінездемесі – табынды жасақтау (қояндар қайдан әкелінді), жас және жыныстық құрылымы туралы деректер келтіріледі, жануарлардың негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша сипаттама (тірідей салмағы, түк жабынының қалыңдығы мен біркелкілігі, дене бітімі, түсі, жануарлардың сыныптылығы мен өсімді молайту қабілеті) беріледі;
3) табынның генеологиялық құрылымын талдау және желілер мен туыстығын бағалау;
4) іріктеу және саралау жүйесі;
5) сандық және сапалық көрсеткіштердің өсу жоспары;
6) сандық және сапалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
Қояндарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Қоянның дене бітіміндегі кемшіліктер
|
Дене тұрпатының мүшелері
|
Дене бітімінің кемшіліктері
|
|
кемшіліктері
|
ақаулары
|
|
Жалпы дамуы
|
Дене мүшелері пропорционалды болмай дамуы
|
Қаңқасы әлсіз немесе нашар дамыған
|
|
Басы
|
Пішіні дұрыс болмауы
|
-
|
|
Құлағы
|
Кең қойылған салпаңқұлақ
|
|
|
Мойыны
|
Ұзын мойын
|
-
|
|
Кеудесі
|
Жеткіліксіз дамыған
|
Тар, терең болмауы
|
|
Арқасы
|
-
|
Тар, бүкір, салбыраған
|
|
Омырқа-жамбас бөлігі
|
|
Толық кең емес, қысқа
|
|
Сауыры (жаясы)
|
Етті тұқымды қояндардың етті типінің нашар көрінуі
|
Қысыңқы, салбыраған немесе шолтиған
|
|
Денесінің ортаңғы бөлігі
|
Ішінің салбырауы
|
|
|
Аяқтары
|
|
Жіңішке, майысқан, дұрыс қойылмаған, толық дамымаған
|
Қояндарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Қояндардың дене бітіміндегі ақаулар
Дене бітіміндегі кемшіліктер
1) арқасымен шоқтығының дұрыс формадағы дөңгеленген жаясы
Қояндарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Етті бағыттағы қояндардың тірідей салмағына қойылатын ең төменгі талаптар (килограмм)
|
Жасы (ай)
|
Сыныбы
|
Жаңазеландиялық ақ, калифорниялық
|
Жасы (ай)
|
Сыныбы
|
Жаңазеландиялық ақ, калифорниялықя
|
|
2
|
Элита
|
1,8
|
5
|
Элита
|
3,7
|
|
бірінші
|
1,6
|
бірінші
|
3,2
|
|
екінші
|
1,5
|
екінші
|
2,8
|
|
үшінші
|
1,3
|
үшінші
|
2,3
|
|
3
|
Элита
|
2,6
|
6
|
Элита
|
4,0
|
|
бірінші
|
2,3
|
бірінші
|
3,5
|
|
екінші
|
2,1
|
екінші
|
3,1
|
|
үшінші
|
1,8
|
үшінші
|
2,5
|
|
4
|
Элита
|
3,2
|
7 және одан үлкендері
|
Элита
|
4,0ден 5,0 дейін
|
|
бірінші
|
2,8
|
бірінші
|
3,5 нен 3,9 дейін
|
|
екінші
|
2,5
|
екінші
|
3,0 тен 3,4 дейін
|
|
үшінші
|
2,1
|
үшінші
|
3,0 кем және 5,0 артық
|
Етті-терілі және түбітті қояндардың тірідей салмағына қойылатын ең төменгі талаптар (килограмм)
|
Жасы (ай)
|
Сыныбы
|
Тұқымдар
|
|
Үлкен ақ
|
Советтік шиншилла, қарақоңыр,үлкен сұр, күмістүстес
|
Веналық көгілдір, советтік мардер
|
Түбітті ақ
|
|
2
|
Элита
|
1,8
|
1,7
|
1,5
|
1,5
|
|
бірінші
|
1,7
|
1,6
|
1,4
|
1,4
|
|
екінші
|
1,6
|
1,5
|
1,3
|
1,3
|
|
үшінші
|
1,4
|
1,3
|
1,2
|
1,1
|
|
3
|
Элита
|
2,6
|
2,5
|
2,2
|
2,1
|
|
бірінші
|
2,4
|
2,3
|
2,0
|
1,9
|
|
екінші
|
2,2
|
2,1
|
1,8
|
1,7
|
|
үшінші
|
1,9
|
1,8
|
1,6
|
1,4
|
|
4
|
Элита
|
3,3
|
3,2
|
2,9
|
2,7
|
|
бірінші
|
3,0
|
2,9
|
2,6
|
2,4
|
|
екінші
|
2,7
|
2,6
|
2,3
|
2,1
|
|
үшінші
|
2,3
|
2,2
|
2,1
|
1,7
|
|
5
|
Элита
|
3,9
|
3,8
|
3,5
|
3,2
|
|
бірінші
|
3,5
|
3,4
|
3,1
|
2,8
|
|
екінші
|
3,1
|
3,0
|
2,7
|
2,4
|
|
үшінші
|
2,6
|
2,5
|
2,3
|
1,9
|
|
6
|
Элита
|
4,5
|
4,3
|
4,0
|
3,7
|
|
бірінші
|
4,0
|
3,8
|
3,5
|
3,2
|
|
екінші
|
3,5
|
3,3
|
3,0
|
2,7
|
|
үшінші
|
3,0
|
2,8
|
2,5
|
2,1
|
|
7
|
Элита
|
5,0
|
4,8
|
4,4
|
4,1
|
|
бірінші
|
4,3
|
4,2
|
3,9
|
3,5
|
|
екінші
|
3,8
|
3,7
|
3,4
|
3,0
|
|
үшінші
|
3,3
|
3,1
|
2,9
|
2,3
|
|
8
|
Элита
|
5,3
|
5,1
|
4,7
|
4,4
|
|
бірінші
|
4,6
|
4,4
|
4,2
|
3,7
|
|
екінші
|
4,1
|
3,9
|
3,7
|
3,2
|
|
үшінші
|
3,6
|
3,4
|
3,2
|
2,4
|
|
9 және одан үлкендері
|
Элита
|
5,5
|
5,3
|
4,9
|
4,6
|
|
бірінші
|
4,8
|
4,6
|
4,4
|
3,9
|
|
екінші
|
4,4
|
4,2
|
3,9
|
3,4
|
|
үшінші
|
3,9
|
3,7
|
3,4
|
2,5
|
Қояндарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Қояндардың дене бөліктері
Дене бөліктері: 1 - басы; 2 - мойыны; 3 - құлағы; 4 - жалы; 5 - иығы; 6 - бүйірі; 7 - арқасы; 8 - жаясы; 9 - құйрығы; 10 – тізе тобық буыны; 11 - жамбасы; 12 - артқы аяқтары; 13 - асқазан; 14 - алдыңғы аяқтары; 15 - кеудесі; 16 - тырнақтары; 17 – кеудеасты
Қояндарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Қояндардың құлақтарының орналасуы
1 - қалыпты; 2 – құлақтары кең орналасқан; 3 – салпиған құлақ (1-сурет).
Қоянның арқасының және жаясының кемшіліктері:
1 – бүкір арқа; 2 - жаясы салбыраңқы; 3 - жаясы тік.
Құлағы салбыраңқы немесе кең орналасуы - тұқымдық белгісі бойынша құлағы салбыраған қылаң қояны тұқымын қоспағанда, дене бітімінде ақауы бар. Сондай-ақ, тым ұзын мойын дене бітімінің ақауын көрсетеді. Тар, нашар дамыған кеуде, бүкір немесе иілген арқа, тік немесе салбыраған жая, өте жұқа, немесе майысқан немесе дене бітіміне аяқ қатынасы дұрыс қойылмаған дене ақауын көрсетеді.
Қояндардың аяқтары дұрыс қойылмаған
3) артқы аяқтарының буындары тақау;
4) құйрығының дұрыс формасы;
5, 6) құйрығының дұрыс емес пішіні.
Қояндарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Қояндардың түк жабынының қалыңдығы және біркелкілігі бойынша бағалау
|
Сыныбы
|
Талабы
|
|
элита
|
Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді және икемді осьімен біркелкі, өте қалың, түгі өте қалың. «Дегелек» түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті көрінбейді деуге болады, табандарында өте қалың түк бар.
|
|
бірінші
|
Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді икемді осьімен біркелкі қалың. «Дегелек» түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті 2 шаршы миллиметр дейін ашылып қалады, табандарында қалың және серпінді түк бар.
|
|
екінші
|
Түктің қалыңдығы біркелкі емес, жонында жотасы мен бүйіріне қарағанда түбіті қалыңдау. «Дегелек» түбінен түк қабатынан үрлеген кезде 2-ден 4 шаршы миллиметрге дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанының түгі сирек әрі жұмсақ.
|
|
үшінші
|
Түктің қалыңдығы жеткіліксіз –«Дегелек» түбінен түк жабынын үрлеген кезде 4-ден 6 шаршы миллиметрге дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанында түгі сиректеу, сирек әрі жұмсақ түк,табан түктерінің қажалу белгілері бар.
|
Қояндарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Дегелек әдісімен түкті жамылғының қалыңдығын анықтау