| Балдары |
Көтермеленетін қызмет түрлері |
| Министрліктің орталық аппараты мен оның ведомствосы үшін |
| 5 балл |
заңдардың, мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының жобаларына, нормативтік құқықтық актілердің, меморандумдардың, келісімдердің жобаларына тұжырымдар әзірлеу |
| заңдардың, мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының жобаларына, халықаралық шарттардың, келісімдер жобаларының тұжырымдарына құқықтық сараптама жүргізу |
| Тізілімге енгізу үшін анықталған және тиісті мемлекеттік органдарға жіберілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу |
| Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің шұғыл тапсырмаларын орындау |
| Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметіне баяндамалар (оның ішінде Ұлттық баяндаманы) дайындау және жинақтау |
| жоғары тұрған органдарға жіберілетін жинақ есептерді, талдамалық ақпараттарды сапалы және мерзімінде дайындау |
| Министрліктің беделін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру (халықаралық конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер және басқалар) |
| мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлеріне жасалған сыртқы талдау нәтижесі бойынша берілген ұсыныстарды орындауларын қамтамасыз ету |
| ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-әрекеттің Стамбулдық жоспарының ұсыныстарын орындау жөнінде орталық мемлекеттік органдардың ведомствоаралық үйлестіруін жүзеге асыру |
| Қазақстанның халықаралық беделіне әсерін тигізетін елдік зертеулер жүргізетін халықаралық сарапшылардың сұраныстары бойынша ақпараттар дайындау |
| оқытуға жататын Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін оқытуды толық қамтуды қамтамасыз ету (дайындау, қайта дайындау, арттыру) |
| Министрліктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды мерзімінде және толық қамтамасыз ету |
| Министрлік қызметшілерінің арасындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданғандардың лауазымға тағайындалғаннан кейін жұмыстан шығу санының өсуіне бірінші жыл ағымында жол бермеуге бағытталған шараларды ұйымдастыру |
| 4 балл |
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және басқа мемлекеттік органдар әзірлеген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізу |
| келісімдерге, шарттарға, оларға қосымша келісімдерге, техникалық ерекшеліктерге құқықтық сараптама жүргізу |
| лауазымдық міндеттерін тікелей орындауда мемлекеттік және (немесе) шет тілін қолдану |
| қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін өтініштерді қарау |
| Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары, мемлекеттік органдар ұйымдастырған және жүргізген тексеру іс-шараларына қатысу |
| Министрліктің, ведомствосының басшылығына баяндамалар мен ұсыныстар дайындау |
| мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың ережелеріне түсініктеме беруде БАҚ-та сөз сөйлеу |
| мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесі бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізу |
| ішкі аудит бойынша тоқсандық есепті уәкілетті органның қабылдауы |
| Министрліктің, ведомствосының 3 жылдық кезеңінің бюджеттік өтінімдерін уәкілетті органның сіз қабылдауы |
| Министрліктің, ведомствоның қызметін реттеуші құқықтық актілерді әзірлеу |
| 3 балл |
Министрліктің, ведомствосының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарының іс шараларын мерзімінде орындау |
| Министрліктің, ведомство басшылығының шұғыл тапсырмаларын орындау |
| нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде бақылау іс-шараларын жүргізу |
| Министрліктің алқа және кеңестері отырыстарын өткізуді ұйымдастыру және материалдарын дайындау |
| Министрліктің кеңестері мен комиссиялары отырыстарын өткізуді ұйымдастыру және материалдарын дайындау |
| лауазымдарды қоса атқару және уақытша жұмыста болмаған мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындау |
| мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, сонымен қатар Министрліктің және ведомствосының қызметшілеріне оқыту семинарларын, дәрістер, түсініктеме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу |
| лауазымдарды қоса атқару және уақытша жұмыста болмаған мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындау |
| тағылымдамалық қызметті жүзеге асыру |
| 2 балл |
Министрліктің, ведомствоның қызметін реттейтін құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу |
| бейнежазба және тыңдалым сценарийлерін әзірлеу, Министрліктің қызметі туралы авторлық мақалалар және шығарылымдар дайындау |
| БАҚ-қа жариялау үшін ақпараттарды дайындау |
| мемлекеттік органдарда және ұйымдарда дәрістер, түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
| жоғары тұрған ұйымдардың құжаттарын қабылдау және Министрліктің, ведомствоның шұғыл құжаттарын жіберу үшін жұмыстан тыс уақытта кезекшілік ету |
| Министрліктің, ведомствоның интернет-сайттарында жариялауға жататын ақпараттық материалдарды мерзімінде орналастыруды қамтамасыз ету |
| Министрліктің, ведомствоның мемлекеттік сатып алу шарттарына техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлеу |
| 1 балл |
қосымша зерделеуді және тексеруді талап етпейтін өтініштерді қарау |
| мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтері бар құжаттармен жұмыс жасау |
| «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс жасау |
| жұмыс тобында жұмыс жасауға қатысу |
| ұжымның қоғамдық жұмысына қатысу (ұжымның спорттық және мәдени іс шараларына) |
| Министрліктің аумақтық органдары және оның ведомствосы үшін |
| 5 балл |
*Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу |
| Министрліктің беделін арттыруға бағытталған іс шараларды (форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқалар) ұйымдастыру және қатысу |
| Министрліктің, ведомствоның шұғыл және көлемді тапсырмаларын орындау |
| Департаменттің, құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарының іс шараларын мерзімінде орындау |
| басқа құрылымдық бөлімшелер және (немесе) Министрліктің аумақтық органдары, басқа мемлекеттік органдар ұйымдастырған және өткізген тексеру іс шараларына қатысу |
| Министрлікке, ведомствоның мекен-жайына жіберілетін есептерді, талдамалық ақпараттарды сапалы және мерзімінде дайындау |
| оқытуға жататын Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін оқытуды толық қамтуды қамтамасыз ету (дайындау, қайта дайындау, арттыру) |
| Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды мерзімінде және толық қамтамасыз ету |
| Департамент қызметшілерінің арасындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданғандардың лауазымға тағайындалғаннан кейін жұмыстан шығу санының өсуіне бірінші жыл ағымында жол бермеуге бағытталған шараларды ұйымдастыру |
| 4 балл |
қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін өтініштерді қарау |
| мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ережелеріне түсініктеме беруде БАҚ-та сөз сөйлеу |
| функционалдық міндеттерін орындау барысында мемлекеттік және (немесе) шет тілін қолдану |
| лауазымдарды қоса атқару және уақытша жұмыста болмаған мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындау |
| Департаменттің 3 жылдық кезеңінің бюджеттік өтінімін уәкілетті органның сіз қабылдауы |
| Департамент басшылығының баяндамалары мен ұсыныстарын дайындау |
| 3 балл |
бейне жазба және тыңдалым сценарийлерін әзірлеу, Департаменттің қызметі туралы авторлық мақалалар және шығарылымдар дайындау |
| БАҚ-қа жариялау үшін ақпараттарды дайындау |
| мемлекеттік органдарда және ұйымдарда, оның ішінде Департаментте дәрістер, түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
| Департаменттің кеңесі мен комиссиясы отырыстарын өткізуді ұйымдастыру және материалдарын дайындау |
| тағылымдамалық қызметті жүзеге асыру |
| 2 балл |
мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтері бар құжаттармен жұмыс жасау |
| «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс жасау |
| Департаменттің мемлекеттік сатып алу шарттарына техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлеу |
| 1 балл |
қосымша зерделеуді және тексеруді талап етпейтін өтініштерді қарау |
| ұжымның қоғамдық жұмысына қатысу (ұжымның спорттық және мәдени іс шараларына) |
Комментарий успешно добавлен