• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысы

Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші абзацтарын, өзгерістер мен толықтыруларға 8-қосымшаның жиырма жетінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ 215 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесінде:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым – өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы);»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 1-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтың үшінші жолындағы «(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)» деген сөздер «(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 2-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса), туған жылы»;
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 3-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 3-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса)»;
көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 4-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 4-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)»;
көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 5-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 5-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)» деген сөздер «(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 6-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 6-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 6-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтiнiш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)»;
көрсетілген Ережеге 6-1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 6-1-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 6-1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші жолдағы «Әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(бар болса)» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 7-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға  4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Ережеге 8-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 8-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 8-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтың үшінші жолындағы «(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә.)» деген сөздер «(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса))» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 9-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 9-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 9-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)».
4. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2023 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (21.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
4-қосымша
Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тiркеу, оларға бiржолғы
мемлекеттiк ақшалай өтемақы
төлеу және жеңілдіктер мен
өтемақы алу құқығын растайтын
куәлік беру ережесiне
7-қосымша
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм
20 ____ ж. «___» ____________ № ______
  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, өтемақы алушы ісінің № ______
  Азамат _____________________________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер,               мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
  Жынысы ______________ Туған күнi 19___ж. «__» _________
        1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес:
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ж. дейiн тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн__________ теңге сомасында (АЕК-пен_____) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындалсын.
        Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын  (АЕК-пен____)
        2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
      жылы ___________ теңге (АЕК-пен________)
      жылы ___________ теңге (АЕК-пен _______)
        3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақыны шегергенде).
      жылы _____________________________ ______ теңге (АЕК-пен_____)
               (сомасы жазумен, теңге)
        4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                       (бac тарту негiздемесi)
Тексерiлдi және бекiтiлдi:
  M.O. Департамент директоры ______________ _________________________
                               (қолы)              (тегі)
Зейнетақы және жәрдемақы
тағайындау жөніндегі
бөлімнің бастығы ______________ __________________________
                     (қолы)              (тегі)
  Тағайындау жөнiндегi маман ______________ _________________________
                               (қолы)              (тегі)
Шешiм жобасын дайындаған:
M.O. Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің бастығы ______________ __________________________
                         (қолы)               (тегі)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің маманы ______________ __________________________
                        (қолы)                (тегі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 571 қаулысымен
бекітілген
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары
Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек – банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі – зардап шеккен адамдар) – Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адам 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күннен бастап 10 жыл (120 ай) өткеннен ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым – банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
4) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;
5) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) істің электрондық макеті (бұдан әрі – ІЭМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы ісінің электрондық макеті;
7) капиталдандыру кезеңі – капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
8) капиталдандырылған төлемдер сомасы – зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай түрінде өтелген, сот актісінде (актілерінде), кредиторлар тізілімінде, анықтама-есепте көрсетілген сома;
9) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық және аудандық бөлімшелері;
10) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары;
11) Орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгіну тәртібі
2. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
3. Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның мамандары «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) көшірмесі;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
4) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):
капиталдандырылған төлемдер сомаларын мемлекеттен алу кезінде – зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде – бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).
Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архив құжатымен растауға болады.
Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:
денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 
3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде – өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан сұратылады.
Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісінде не архив құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекет қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.
4. Өтініш беруші ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген кезде өтініш берушіде төлемді тағайындау немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болуын тексеру жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен тиісті төлемді тағайындау фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде, сондай-ақ өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге кідіртпестен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорация маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
5. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша азаматтардың тағайындау туралы өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі.
6. Өтініш берушіден құжаттардың қабылданғаны туралы өтініш берушіге қолхат беріледі.
3. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
7. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерін есептей отырып, ІЭМ-ді және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі шешімнің жобасын қалыптастырады.
Қалыптастырылған ІЭМ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, ІЭМ-ді ресімдеудің және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеудің дұрыстығын тексереді.
8. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеу әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Уәкілетті орган келіп түскен ІЭМ-ді қарайды және бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Егер ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қосымша құжаттарды ІЭМ-ге қосып тіркеу қажеттігі анықталса, уәкілетті орган ІЭМ-ді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарламамен қайтарады. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Жете рәсімдеу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Егер отыз жұмыс күні ішінде талап етілген құжаттар ұсынылмаса, уәкілетті орган қолда бар құжаттар бойынша ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады.
Кейіннен барлық қажетті құжаттармен қайта жүгінген күн өтініш білдірген күн болып есептеледі.
10. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өзі жүгінген кезде өтініш берушіге береді және өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.
11. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерлерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жыл сайын арттырады және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі дайындаған электрондық шешім жобасы түрінде қалыптастырады.
12. Алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген кезде ОДҚ-да автоматты режимде өзгерістер жүргізіледі.
13. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлға ісінің әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз түріндегі нұсқасын қалыптастыру үшін Мемлекеттік корпорацияның маманы ІЭМ-ді басып шығарады.
4. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi
14. Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген адамдар ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісіне сұрау салу үшін әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне өтініш береді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады.
15. Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындалған адамдар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
16. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындалған адамдарға Қазақстан Республикасында бұрын тағайындалған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен кезінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіріледі не оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берілген күннен бастап жаңа тағайындау рәсімі жүргізіледі.
Егер кеткен кезеңінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері осы арттыру ескеріле отырып белгіленеді.
17. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісі Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.
18. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айды қоса алғанда жүргізіледі.
5. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібі
19. Мемлекеттік корпорация уәкілетті органның ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімдерінің негізінде ай сайын төлемге бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға төлем айының алдындағы айдың 25-күнiне қарай ұсынады.
20. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде төлеуге қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.
21. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
22. Төлейтін айға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.
23. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алысымен төлеу кестесіне сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуге төлем тапсырмаларын, сондай-ақ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектен ұстап қалуларды қалыптастырады.
24. Мемлекеттік корпорация ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына есептеу;
2) «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушылардың үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізеді.
Алушының банк шотының нөмірі, төлеу тәсілі, алушының (қамқоршының) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушылар (қамқоршылар) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса осы өзгерістер туралы өтініш береді.
25. Алушыларға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу бойынша өзара іс-қимыл жасау Мемлекеттік корпорация, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар  арасында жасалған шарттарда регламенттеледі.
26. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
27. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банк шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;
2) іздестірудегі адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтата тұрады.
Көрсетілген фактілер жойылған жағдайда ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген тәртіппен қалпына келтіріледі.
28. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер;
2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ішкі істер органдарындағы тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатады.
29. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар басталған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған ІЭМ-ді дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған күннен бастап жүргізіледі.
30. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің қызметкерлері күн сайын ОДҚ-да қайтыс болу, кету фактілері туралы, төлемді тоқтата тұру немесе алып тастау, төлемді қалпына келтіру, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне, төлемді тоқтата тұруға байланысты қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемені, іс-әрекетті белгілей отырып, ұстап қалу сомалары туралы жазбалар жасайды.
31. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын қайтару:
1) алушының өтiнiшi бойынша;
2) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хатының негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі төлемдерді республикалық бюджет кірісіне аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға қайтарудың негізділігін растайтын қажетті құжатты (алушының қайтыс болғаны не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткені туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді) қоса бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға хат ұсынады;
3) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің сомалары қате аударылған жағдайларда Мемлекеттік корпорация ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға Мемлекеттік корпорация мен ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасындағы шартта белгіленген нысан бойынша және тәсілмен төлем тапсырмасын кері қайтару немесе нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы ақпарат жолдайды.
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым қате аударым не кері қайтару немесе нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшаны Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады не нұсқаудың орындалуын тоқтата тұрады.
33. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне қатысы жоқ себептер бойынша алушыларға артық аударылған (төленген) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек сомаларын есептен шығару үшін Мемлекеттік корпорация борышкердің қайда екенінің белгісіз болуына немесе мұрагерлердің болмауына байланысты сомаларды қайтарудың мүмкін еместігі туралы ұйғарым шығару үшін сот органдарына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорация артық аударылған (төленген) сомаларды есептен шығаруды сот қаулыларының негізінде есептен шығару актісі бойынша жүргізеді.
6. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерiнде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi
34. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесiндегі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек өтiнiштің және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесiне қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкiмшiлiгi ұсынатын, осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың негiзiнде тағайындалады.
35. Егер адам қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесiне орналастырылған кезде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы болып табылса, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесi орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорация төлемді қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнiң әкiмшiлiгi осы Қағидалардың 13 және 17-тармақтарына сәйкес ұсынған көрсетiлген адамның өтiнiшi негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
36. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісін алғаннан кейін оны ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті аудару үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының деректемелерін көрсете отырып есепке қояды.
7. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi
37. Қамқоршы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекке құқығы бар адамды іс-әрекетке қабілетсіз (іс-әрекеті шектеулі) деп тану туралы соттың шешімін не қорғаншылық органының шешімін және қамқоршылықты растайтын құжатты ұсынады.
Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекеме орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесi осы Қағидалардың 13 және  17-тармақтарына сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеудi жүзеге асырады.
Соттың шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және қорғаншылыққа мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде өтініш тіркелген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады және тіркелген айдың аяғына дейін төленеді.
38. Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекет қабілеті шектеулі және қорғаншылыққа мұқтаж, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек ай сайынғы әлеуметтік көмек түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын олардың банк шоттарына аударылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
7-қосымша
7-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
8-қосымша
8-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
9-қосымша
9-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
10-қосымша
10-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2023 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (21.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)