• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021 г

Отправить по почте

"Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13868 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
1. «Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7728 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 477-482 (27555) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
«Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларды, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөнінде талаптарға түсетін, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ерікті бағдарламаларды іске асыратын қондырғы операторлары қолданады.»; 
«2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген қондырғы операторларының парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау үшін өздерінің әдістемелерін әзірлеуі және қолдануы.»; 
«8. Ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемдерін орындауға тиісті әдістемелері болмаған жағдайда қондырғы операторлары ҚР СТ 2.18-2009 «ҚР МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі.» ұлттық стандарт талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелерін әзірлеуді жүзеге асырады.». 
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республиканың заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрінің 
міндетін атқарушы 
_____________ А. Рау 
2016 жылғы 1 маусым