Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13939 болып тіркелді
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ислам банктері үшін мынадай пруденциалдық нормативтер және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттер белгіленсін:
1) банктің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшері;
2) өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;
4) өтімділік коэффициенттері;
5) ашық валюталық позиция лимиттері;
6) банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелеріне арналған капиталдандыру;
7) банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесі белгіленсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 144 қаулысына
1-қосымша
Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесі
1. Осы Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және есеп айырысу әдістемесі (бұдан әрі – Нормативтер) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және ислам банктері (бұдан әрі – банктер) үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілейді.
1-1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-2. Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің «ВВ+» төмен емес рейтингі бар сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарты сақтандырушының пайда алушыға (банкке) сақтандыру төлемінен (сақтандыру төлемін) бас тартуға (жүзеге асырмауға) мүмкіндік беретін мынадай:
сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) шығындардың орнын толтыру туралы талаптары сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын;
шығын немесе шығыстар ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, түрлі сипаттағы халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер нәтижесінде пайда болған;
банктік қарыз шарты жарамсыз болып танылған;
сақтандырушының жазбаша келісімінсіз банктік қарыз шартына, кепіл шартына, кепілдік шартына немесе кепілдемеге өзгерістер енгізген;
пайда алушының (банктің) сақтандырушыға сақтандыру нысаны, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы жалған мәліметтер хабарлаған;
пайда алушы (банк) шығын үшін жауапты тұлғадан немесе үшінші тараптан шығынды толық өтеп алған;
пайда алушы (банк) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуының мән-жайын тексеруге және келтірілген шығынның мөлшерін белгілеуге кедергі жасаған;
пайда алушы (банк) сақтанушыға, оның ішінде сот немесе соттан тыс тәртіппен қарыз шарты бойынша өзінің талап ету құқықтарынан бас тартқан жағдайлардан ғана тұрады.
Сақтандыру шартында сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын есепке алмай (шегеріп) сақтандыру төлемін жүзеге асыру талаптарын көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда сақтандыру шарты сот жарамсыз деп таныған кепіл шартын шегере отырып қамтамасыз ету ретінде ескеріледі.
Банк сақтандыру шартын қамтамасыз ету ретінде қабылдаған кезде осы шарт сөзсіз франшизаны шегере отырып қабылданады.
1-3. Нормативтерді есептеу кезінде нормативтердің 1-5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктер берген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер халықаралық рейтингтік шкала бойынша рейтингтің шетелдік объектілеріне қатысты ғана пайдаланылады.
1-4. Нормативтердің мақсаттары үшін Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларын, Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) агенттіктерінің рейтингтік бағаларын және Нормативтердің 1-3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда, Нормативтердің 1-5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктерді (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) таниды.
1-5. Нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:
1) рейтингтік агенттік шығу елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;
2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге баламалы соманы құрайды;
3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік:
рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;
рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік ұйымдар немесе рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;
рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды;
рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді;
рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі бар;
рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;