Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келісімге Хаттама (Мәскеу қ., 2002 жылғы 13 мамыр)
ҚР 2002 жылғы 14 қарашадағы 356 Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегі келісімге (бұдан әрi - Келісім) сәйкес,
Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң жер қойнауын игеруге екi Тарап қызметiнiң құқықтық негiзiн жасаудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан «Құрманғазы» («Құлалы»), «Центральная» геологиялық құрылымдарының және «Хвалынское» кен орнының көмiрсутегi ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтыла отырып,
Каспий теңiзiнiң экологиялық жүйесiн және оның биоресурстарын қорғау мен сақтау қажеттiгiн негiзге ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Осы Хаттамада жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының өтуiне қатысты географиялық координаттар белгiленедi.
2. Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының бұрылыс нүктелерi географиялық координаттарының каталогы осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады (1-қосымша).
3. Модификацияланған ортадағы сызық каталогқа сәйкес Тараптар келiскен Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу схемасына түсiрiлдi (2-қосымша).
4. Солтүстiк ендiктiң 46о 13',3 және шығыс бойлықтың 49о 26',4 координаттары бар нүктесi модификацияланған ортадағы сызықтың бастапқы нүктесi болып табылады.
5. Солтүстiк ендiктiң 42о 33',6 және шығыс бойлықтың 49о 53',3 координаттары бар нүктесi модификацияланған ортадағы сызықтың соңғы нүктесi болып табылады.
Көрсетiлген нүкте Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Әзiрбайжан Республикасы арасында жер қойнауын пайдалану мақсатында Каспий теңiзiнiң түбiн межелеу сызығының түйiсу нүктесi ретiнде қабылдануы мүмкiн, мұның өзi олардың арасындағы үш жақты келісімде белгiленетiн болады.
6. Модификацияланған ортадағы сызық кесiп өтетiн изогипстердi тұйықтайтын жаңа геологиялық құрылымдары (бұдан әрi - құрылым) табылған жағдайда, олардағы шаруашылық қызметтi Тараптардың шаруашылық субъектілерi Келісімнiң 2-бабына сәйкес жекелеген шаруашылық келісімдерiнiң негiзiнде жүзеге асыратын болады.
2-бап
Қазақстан Республикасы «Құрманғазы» («Құлалы») құрылымында жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқығын жүзеге асырады. Ресей Федерациясы «Центральная» құрылымында және «Хвалынское» кен орнында жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқығын жүзеге асырады.
3-бап
1. «Құрманғазы» («Құлалы») құрылымында жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Құрманғазы» («Құлалы») құрылымының ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн Тараптардың әрқайсысы уәкiлеттi ұйымды белгiлейдi.
3. Ресейлiк уәкiлеттi ұйым «Құрманғазы» («Құлалы») құрылымындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаға (бұдан әрi осы бапта - жоба) конкурстан тыс қатысуға құқылы.
4. Тараптардың уәкiлеттi ұйымдары жер қойнауын пайдаланудың шарттарын қоса алғанда, консорциум, шетел инвестициясы бap коммерциялық ұйым (бұдан әрi - кәсiпорын) немесе бiрлескен қызметтiң кез келген өзге нысанында бiрлескен қызметтiң нысаны туралы келісімге қол қояды.
5. Қазақстандық Тараптың жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, Ресей Тарапының жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, бұл орайда мынадай шарттар ескерiледi:
а) кәсiпорындағы қазақстандық уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 50 пайыз;
б) кәсiпорындағы ресейлiк уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 25 пайыз; Ресейлiк Тарапқа бекітілген кәсiпорынға қатысу опционы (бұдан әрi опцион) - 25 пайыз;
в) қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың олардың қатысу үлесiне сәйкес келетiн құқықтары мен мiндеттемелерi болады, бұған қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың құқықтары мен мiндеттемелерi бiрдей болатын, Ресейлiк Тарапқа бекітілген кәсiпорында опционды коммерциялық iске асыруға дейiнгiлер қосылмайды.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсiпорынның жер қойнауын пайдалануға арналған құқығын ресiмдейдi. «Құрманғазы» («Құлалы») құрылымы үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт ретiнде Өнiмдi бөлiсу туралы келісім қабылданады.
7. Кен орнын коммерциялық тұрғыда ашқаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей кәсiпорын Ресейлiк Тарапқа бекітілген опционды сату туралы Ресейлiк Тарапқа ұсыныс жасайды. Ресейлiк Тарап Ресей Федерациясының Үкіметі белгiлеген тәртiпке сәйкес анықталған ресейлiк ұйымға опционды пайдалануға құқық бередi.
Ресейлiк Тарап кәсiпорын осындай ұсыныс жасағаннан кейiн алты айдың iшiнде жасалған ұсынысты қабылдауға немесе одан бас тартуға құқылы. Ресейлiк Тарап кәсiпорындағы опционды пайдаланудан бас тартқан жағдайда, кәсiпорын опционға еркiн түрде билiк жүргiзуге құқылы.
Опционды сатудан түскен ақшалай қаражатты кәсiпорын жобаны дамытуға бағыттайды.
Опционды сатқан кезде Қазақстан Республикасының Yкіметі жаңа қатысушының құқығын қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды белгiленген тәртiппен ресiмдеудi жүргiзедi.
4-бап
1. «Центральная» құрылымындағы жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Центральная» құрылымының ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн Тараптардың әрқайсысы уәкiлеттi ұйымды белгiлейдi.
3. Қазақстандық уәкiлеттi ұйым «Центральная» құрылымындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаға (бұдан әрi осы бапта - жоба) конкурстан тыс қатысуға құқылы.
4. Тараптардың уәкiлеттi ұйымдары жер қойнауын пайдаланудың шарттарын қоса алғанда, консорциум, шетел инвестициясы бар коммерциялық ұйым (бұдан әрi - кәсiпорын) немесе бiрлескен қызметтiң кез келген өзге нысанында бiрлескен қызметтiң нысаны туралы келісімге қол қояды.
5. Қазақстандық Тараптың жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, Ресейлiк Тараптың жобаға қатысу үлесi - 50 пайыз, бұл орайда мынадай шарттар ескерiледi:
а) кәсiпорындағы ресейлiк уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 50 пайыз; б) кәсiпорындағы қазақстандық уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi - 25 пайыз; Қазақстандық Тарапқа бекітілген қатысу опционы - 25 пайыз;
в) қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың олардың қатысу үлесiне сәйкес келетiн құқықтары мен мiндеттемелерi болады, бұған қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдардың құқықтары мен мiндеттемелерi бiрдей болатын, Қазақстандық Тарапқа бекітілген опционды коммерциялық iске асыруға дейiнгiлер қосылмайды.
6. Ресей Федерациясының Үкіметі, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынға жалпы салық салу режимін қолдана отырып, 7 жыл мерзімге жер қойнауын геологиялық зерттеу кезеңімен 25 жыл мерзімге аукцион өткізбей жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін шегінде «Центральная» құрылымы орналасқан жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын береді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды 15.10.2015 жылғы Хаттамамен (25.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Хаттаманың 2-бабынан қараңыз)
Жер қойнауын геологиялық зерттеу кезеңі аяқталғаннан кейін кәсіпорын жалпы салық салу режимін қолдана отырып, тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалануды жалғастыруға немесе осы Хаттаманың 6-бабының 3-тармағына сәйкес Ресей Федерациясының Үкіметімен өнімді бөлу туралы келісім жасасуға құқылы.
Кәсіпорын шегінде «Центральная» құрылымы орналасқан жер қойнауы учаскесінде кен орнын игеруге арналған жобалау құжаттамасын белгіленген тәртіппен бекіткеннен кейін 3 ай ішінде бірлескен лицензия бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін аукцион өткізбей пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланғаны үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген біржолғы төлем төлейді.
7. Кен орнын коммерциялық тұрғыда ашқаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей кәсiпорын Қазақстандық Тарапқа бекітілген опционды сату туралы Қазақстандық Тарапқа коммерциялық ұсыныс жасайды. Қазақстандық Тарап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпке сәйкес анықталған қазақстандық ұйымға опционды пайдалануға құқық бередi.
Қазақстандық Тарап кәсiпорын осындай ұсыныс жасағаннан кейiн алты айдың iшiнде жасалған ұсынысты қабылдауға немесе одан бас тартуға құқылы. Қазақстандық Тарап опционды пайдалану құқығынан бас тартқан жағдайда, кәсiпорын опционға еркiн түрде билiк жүргiзуге құқылы.
Опционды сатудан түскен ақшалай қаражатты кәсiпорын жобаны дамытуға бағыттайды.
Опционды сатқан кезде Ресей Федерациясының Үкіметі жаңа қатысушының құқығын қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды белгiленген тәртiппен ресiмдеудi жүргiзедi.
5-бап
1. «Хвалынское» кен орнының жер қойнауын пайдалану Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Хвалынское» кен орнының мұнай-газ ресурстарын бiрлесiп игеру үшiн Тараптардың әрқайсысы уәкiлеттi ұйымды белгiлейдi.
3. Қазақстандық уәкiлеттi ұйым «Хвалынское» кен орнының жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаға конкурстан тыс қатысуға құқылы.
4. Тараптардың уәкiлеттi ұйымдар бiрлескен қызмет нысаны (консорциум, шетел инвестициясы бар коммерциялық ұйым немесе бiрлескен қызметтiң кез келген өзге де нысаны) туралы келісімге қол қояды, оған олардың арасындағы уағдаластық негiзіндегі жер қойнауын пайдалану шарттары қосылады, бұл ретте қазақстандық уәкiлеттi ұйымның қатысу үлесi 50-ге дейiнгi пайызды құрауы мүмкiн.
5. Ресей Федерациясының Yкіметі Тараптардың уәкiлеттi ұйымдары құрған жаңа жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған құқығын ресiмдейдi.
6-бап
«Құрманғазы» («Құлалы»), «Центральная» құрылымдарын және «Хвалынское» кен орнын бiрлесiп игерген жағдайда:
1. Осы Хаттамаға қол қойылғанға дейiнгi кезеңде белгiленген тәртiппен Тараптар берген немесе жасасқан лицензиялар мен келісім-шарттар бойынша лицензиялық учаскелердiң шекаралары осы Хаттамамен белгiленген Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығына сәйкес келтiрiледi.
2. Осы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап бiр ай iшiнде Тараптар қазақстандық және ресейлiк уәкiлеттi ұйымдарды белгiлейдi, олар өздерiне тиiстi өкiлеттiк берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде жер қойнауын пайдалану шарттарын қоса алғанда, бiрлескен қызметтiң нысандары туралы тиiстi шарттарды әзiрлеу туралы келiссөздерге кiрiседi.
3. Осы Хаттаманың 3, 4 және 5-баптарына сәйкес тараптардың уәкілетті органдары құрған кәсіпорындарға олардың шегінде "Құрманғазы" ("Құлалы") және "Центральная" құрылымдары, сондай-ақ "Хвалынское" кен орны орналасқан жер қойнауы учаскелерін пайдалану құқығы өнімді бөлісу шарттарында, сондай-ақ жер қойнауының осы учаскелерінде өнімді "бөлісу шарттарынан ерекше, жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттарында, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, барлау және өндіру мүмкіндігі жоқтығын растайтын қандай да бір конкурстарды немесе аукциондарды өткізбей-ақ осы учаскелерді пайдалану құқығы берілуі мүмкін жер қойнауы учаскелерінің тізбесіне осы учаскелерді енгізу қажеттігінсіз өнімді бөлісу шарттарында беріледі. Көрсетілген кәсіпорындармен осы жер қойнауы учаскелеріне қатысты өнімді бөлісу туралы келісімдер өнімді бөлісу туралы келісімдер жасасу құқығына аукциондар өткізбей-ақ жасалады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды 25.01.2006 жылғы Хаттамамен (13.05.2002 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Хаттаманың 2-тармағынан қараңыз)
4. Уәкiлеттi ұйымдардың кәсiпорындағы өзiнiң қатысу үлесiн (немесе оның бiр бөлiгiн) өз Тарапының Yкіметі келiскен жағдайда басқа да заңды тұлғаларға беру құқығы танылады.
Мұндай беру жағдайында әрбiр уәкiлеттi ұйымның басқа заңды тұлғалар ұсынатынынан нашар емес шарттармен өзiнiң үлесiн беретiн ұйымның үлесiн сатып алуға басымдықты құқығы болады. Мұндай ереже уәкiлеттi ұйымның өз Тарабы Үкіметінiң келісімiмен және уәкілетті ұйымның қаржылық кепiлдiктерiмен жүзеге асырылатын оның үлестес ұйымдарына беруге қатысты қолданылмайды.
5. Тиiстi уәкiлеттi ұйымдардың бiрлескен қызметi туралы келісімде көзделген қаржылық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етпейтiн уәкiлеттi ұйымдар аталған шарттың шарттарына сәйкес мiндеттемелерiн орындайтын уәкiлеттi ұйымдардың пайдасына өзiне тиiсті қатысу үлесiнен айрылады.
6. Осы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап он екi ай iшiнде уәкiлеттi ұйымдар өзара қолайлы шешiм таппаса, Тараптардың Үкiметтерi аталған жобаларға қатысуы үшiн басқа уәкiлеттi ұйымдарды белгiлейдi.
7-бап
Осы Хаттама Келісімнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Хаттаманың 6-бабының 2 және 6-тармақтары оған қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады.
Мәскеу қаласында 2002 жылғы «13» мамырда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзiнiң солтүстік бөлігiнiң түбін межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келісімге Хаттамаға 1-қосымша
Каспий теңiзiнiң солтүстік бөлігiнiң түбiн межелеудiң модификацияланған ортадағы сызығының бұрылыс нүктелерiнiң географиялық координаттары КАТАЛОГЫ
|
Модификацияланған ортадағы сызықтың бұрылыс нүктелерінің нөмiрлері |
Солтүстiк ендiгi
|
Шығыс бойлығы
|
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 |
46о13',3 46о11',6 46о10',8 46о10',6 46о10',7 46о11',2 46о10',6 46о09',7 46о09',4 46о07',1 46о05',1 46о04',2 46о00',1 45о59',1 45о21',5 45о21',3 45о17',3 45о13',5 45о12',3 45о05',9 45о02',4 44о55',1 44о50',0 44о40',6 44о25',4 44о20',0 44о20',0 44о04',0 44о04',0 43о19',2 43о17',0 43о16',5 43о15',8 43о11',6 43о10',3 43о08',2 43о07',8 42о45',0 42о33',6 |
49о26',4 49о30',4 49о32',7 49о36',0 49о37',3 49о42',1 49о42',6 49о43',6 49о43',9 49о46',7 49о49',7 49о51',0 49о57',1 50о01',0 49о25',5 49о25',0 49о21',2 49о17',8 49о16',7 49о10',5 49о10',4 49о09',9 49о09',8 49о09',3 49о08',0 49о05',3 49о36',0 49о36',0 49о00',0 49о00',0 49о20',1 49о20',6 49о21',4 49о27',0 49о27',9 49о29',5 49о29',9 50о00',0 49о53',3 |
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзiнiң солтүстік бөлігiнiң түбін межелеу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келісімге Хаттамаға 2-қосымша
Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеу схемасы

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |