«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 маусымдағы № 13816 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 3 наурыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.02.2017 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________________ Б.Сұлтанов 2016 жылғы 26 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 30 мамыр
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығымен 1-қосымша
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (бұдан әрі – субсидия) Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімдігін арттыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларының шартты мал басы – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының ірі қара малдың шартты басына айналдыру коэффициенттеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының басын ірі қара малдың шартты басына ауыстыру;
2) ауыл шаруашылығы жануарлары – адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлар (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе және шошқа).
3) кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты – жұмыс органы, қаржы институты және оператор арасында жасалатын, қаражаттарды аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін жазбаша келісім, оған сәйкес жұмыс органы қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
4) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
5) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке немесе заңды тұлға, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін қаржы институттарымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
6) қарыз шарты – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарыз шарты, оның талаптары бойынша қаржы институты кредит/лизинг ұсынады;
7) қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;
8) лизинг – қаржы институтының кәсіпкерлік мақсаттар үшін кейіннен сатып алу құқығымен, ауыл шаруашылығы техникаларын, технологиялық жабдықтарды және ауыл шаруашылығы малдарын уақытша иеленуге және пайдалануға тапсыруы;
9) оператор – кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша операторлық қызметті жүзеге асыратын ұйым;
10) субсидия қаражатын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – жұмыс органдарының, қаржы институттары мен мүдделі салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің орынбасарларымен басқаратын консультациялық-кеңесші орган.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары субсидия қаражаттарын бөлу жөніндегі комиссия жанындағы жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі – жұмыс органы);
11) технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, оларды қолданбаусыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеу жөніндегі жабдықтар.
2-Тарау. Субсидия алу шарттары
4. Субсидия алушылар қарыз алушылар болып табылады.
5. Субсидия мынадай шарттарды сақтаған жағдайда төленеді:
1) қаржы институттары операторға кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса ұсынғанда: қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі, қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын/субсидияланбайтын есептеулері қоса берілген жаңартылған өтеу кестенің жобасы, сондай-ақ кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжаттан үзінді-көшірмелер;
2) қарыз шарты мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
теңгемен жылдық 14 %-дан (он төрт) артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 2015 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған;
теңгемен жылдық 19 %-дан (он тоғыз) артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 2015 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған;
нысаналы мақсаты айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алу, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алуға бағытталған тартылған қаражатты мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу;
сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияландырылмау керек;
кредит/лизингтің қаржыландыру көздері бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болмауы қажет;
қарыз алушы қаржы институтына өтінімді берген күнге негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы керек.
Субсидиялау қайтарымды лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
3) Қарыз шартында осы Қағидалардың 13-тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген техникалар мен жабдықтарды сатып алу көзделген жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерек қорында 50 (елу) шартты мал басынан кем емес ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелуі немесе Қазақстан Республикасында өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдар тізімінде көрсетілген жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын және Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімінде ескерілген осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жемшөп дақылдар тобына жататын жер учаскелері болуы тиіс.
Егер қарыз алушы ауыл шаруашылығы кооперативі болатын болса, осы Қағидалардың 5-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген шарттарды сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы малдарының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорында тіркелуі немесе тиісті кооператив мүшелерінің ауыл шаруашылығына арналған жерлері есепке алынады.
6. Қолданыс мерзімі 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталған 2015 жылы жасалған қарыз шартары бойынша субсидиялауға арналған өтінім 2016 жылы берілген жағдайда, онда мұндай шарттар субсидиялауға жіберіледі.
7. Комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған қарыз шарты қайтадан бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.
8. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған кредитті/лизингті қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары жіберілмейді.
9. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандатуды субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен қатар жүреді.
3-тарау. Субсидияны есептеу тәртібі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |