Toggle Dropdown
Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 993 бұйрығына
қосымша
Кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
1. «Өрт қауіптілігі бойынша 4 топқа жатқызылған объектілерді паспорттау туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 18 маусымдағы № 141 бұйрығы.
2. «Азаматтық қорғаныстың оқу-материалдық базасы туралы ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 17 шілдедегі № 161 бұйрығы.
3. «Даярлау және оқыту орталықтарын техникамен және оқу мүлкімен жарақтау нормаларын қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 24 шілдедегі № 164 бұйрығы.
4. «Облыстардың, Алматы қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің (Басқарма, Бас Басқарма құқықтарындағы) үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 10 қазандағы № 198 бұйрығы.
5. «Азаматтық қорғаныс құралымдарымен арнайы тактикалық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәлімдемені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 3 қарашадағы № 211 бұйрығы.
6. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің және әскерлер қызметінің жай-күйін бағалауды анықтау туралы ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1997 жылғы 26 қарашадағы № 225 бұйрығы.
7. «Әскери тасымалдау құжаттары бланкілерінің болуын және заңдылығын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасы орынбасарының 1998 жылғы 23 қаңтардағы № 14 бұйрығы.
8. «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды және қызметтерді орындауға рұқсат беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 3 наурыздағы № 39 бұйрығы.
9. «Қызметтік және еңбек қызметіндегі айрықша жағдайлары үшін арнайы органдардың қызметкерлеріне үстемеақы төлеу және қосымша демалыс беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 4 наурыздағы № 47 бұйрығы.
10. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау жоғары техникалық училищесінің Мемлекеттік біліктілік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 27 наурыздағы № 60 бұйрығы.
11. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 93 бұйрығы.
12. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің орталық аппаратында және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінде атқыш қаруды және оқ-дәріні есепке алу, сақтау және беруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 7 мамырдағы № 104 бұйрығы.
13. «Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 17 маусымдағы № 139 бұйрығы.
14. «Қазақстан Республикасы Заңдары, Президент және Үкімет актілері жобаларының ішкі өту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 23 маусымдағы № 146 бұйрығы.
15. «Шұғыл хабарламалар табелін» қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 1 шілдедегі № 156 бұйрығы.
16. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің өртке қарсы қызметінің эмблемасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 21 шілдедегі № 165 бұйрығы.
17. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті оқу орнының аппеляциялық (даулы) комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасы міндетін атқарушының 1998 жылғы 30 шілдедегі № 168 бұйрығы.
18. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Орталық суда құтқарудың эмблемасы және шевроны туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 2 қазандағы № 214 бұйрығы.
19. «Қазақстан Республикасы ТЖК Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің Газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша тәлімдемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 19 қазандағы № 219 бұйрығы.
20. «Алматы қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің символымен «Шеврон» жеңіне тағатын белгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 6 қарашадағы № 236 бұйрығы.
21. «Ұйымдарда командалық-штабтық оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу бойынша тәлімдемені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 12 қарашадағы № 240 бұйрығы.
22. «Ұйымдарда кешенді оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу бойынша тәлімдемені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 22 қарашадағы № 241 бұйрығы.
23. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайларды жою жөніндегі комитетінің мемлекеттік инспекторы туралы ереже» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 4 мамырдағы № 364 бұйрығы.
24. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мамандандырылған теңіз мемлекеттік инспекциясы туралы ереже» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығы.
25. «Іле Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің аумағында болатын табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру бойынша нұсқаулық» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 28 мамырдағы № 444 бұйрығы.
26. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне арнайы атақтар беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының 1999 жылғы 2 маусымдағы № 129-А бұйрығы.
27. «Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупі кезінде ҚР ТЖА жедел кезекшісі мен оның көмекшісінің іс-қимылдар тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 194 бұйрығы.
28. «Өртті есепке алу карточкасын толтыру және өткізу бойынша нұсқаулықты және өрт келтірген материалдық нұқсанды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 15 қазандағы № 218 бұйрығы.
29. «Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің символы мен жеңіне тағатын белгіні бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 29 қазандағы № 230 бұйрығы.
30. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі тұлғаларының қадағалаудағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне айыппұлдар салу және өндіру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 4 қарашадағы № 231 бұйрығы.
31. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Азаматтық қорғаныс бөлімдерінің әскери қызметшілерін аттестаттау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 8 ақпандағы № 25 бұйрығы.
32. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің кезекші қарауылдарын қызмет өткерудің төрт ауысымды режиміне көшіру туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 24 ақпандағы № 40 бұйрығы.
33. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің авиация техникасымен әуеде тасымалдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты» бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығы.
34. «Жедел ақпарат дайындау, ұсыну, жүргізілген қадағалау-профилактикалық жұмыс туралы түсіндірме хатты ресімдеу тәртібіне өзгерістер және толықтырулар енгізу және проблемалық мәселелер туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 9 наурыздағы № 53 бұйрығы.
35. «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік қағидаларын» бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 сәуірдегі № 101 бұйрығы.
36. «Кәсіптік жедел-құтқару қызметтеріне және құралымдарына радиобайланыс құралдарының тиесілік нормаларын және оларды аудандық төтенше жағдайларда пайдалануды реттеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 3 мамырдағы № 112 бұйрығы.
37. «Азаматтық қорғаныс құралымдары және оларды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырудың (табелизация) шамамен алынған нормалары» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 маусымдағы № 139 бұйрығы.
38. «Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру, үстемеақы белгілеу және материалдық көмек көрсету туралы ережені» бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 шілдедегі № 158 бұйрығы.
39. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінде тұрақты жұмыс істейтін техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 3 тамыздағы № 179 бұйрығы.
40. «Көкшетау техникалық институтының біліктілікті арттыру факультетінің нормативтік құжаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 222 бұйрығы.
41. «Ту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 қыркүйектегі № 228 бұйрығы.
42. «Қызметкерлер, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде арнайы атақтары жоқ қатардағы және басшы құрам үшін еңбекақы төлеу және бірыңғай тарифтік желіні қолдану туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 26 қазандағы № 237 бұйрығы.