• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г

Отправить по почте

8

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13938 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес 
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 13және 26) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2022 жылғы № 178 Бұйрығына сәйкес (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқыту жөніндегі әлеуметтік келісімшарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
1
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
1
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
1
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
___________ Е. Сағадиев 
2016 жылғы 15 маусым
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
___________ Б. Сұлтанов 
2016 жылғы 17 маусым
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Қ. Бишімбаев 
2016 жылғы 20 маусым
1
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2016 жылғы 14 маусымдағы
 № 516 бұйрығына
 6-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11140 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған).
2. «Халықты жұмыспен қамту саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1084 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13425 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 мамырда жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13190 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурыздағы жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3, 4, 5, 6, 8, 10, 35-1, 36, 45, 52, 53, 57, 58-тармақтары.
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
6-қосымша
Осы Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-қосымша алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 жылғы № 46 Бұйрығымен (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
7-қосымша
Осы Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-қосымша алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 жылғы № 46 Бұйрығымен (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
4-қосымша
Осы Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары  
1. Осы Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыдандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 6) тармақшасына (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң), «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыссыздарды жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында және жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2022 жылғы № 178 Бұйрығына сәйкес (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
3) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
6) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
7) кәсіптік оқыту – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;
8) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
9) оқу орны –техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
10) оқу орталығы – міндетті түрде өндірістік практиканы ұйымдастырып, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;
11) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;
12) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
13) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
3. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен шыға отырып, 6 (алты) айдан аспайтын мерзімді құрайды.