• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына 2-қосымша

«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 26.07.2017 жылғы № 113 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес   
Редакция 09.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк 25 (жиырма бес) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметтің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – (жиырма) 20 минут.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келісу хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00 аралығында.
Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсететін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттардың тізбесі (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде):
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- қосымша сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;
3) діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі;
4) құрылтайшы − шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасы бар нотариалды куәландырылған құжат.
Құжаттар шетел тілінде ұсынылған жағдайда аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылып, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын нотариалды куәландырып ұсынады.
Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.