• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021 г

Отправить по почте

1

Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 шілдеде № 13945 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитетінің төрағасы 
____________ Н. Айдапкелов 
2016 жылғы 17 маусым
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 13 маусымдағы
 № 245 бекітілген
1
Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысаны
Кезеңділігі:  тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне немесе шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру мерзіміне әзірленуде
Ұсынатын тұлғалар тобы:  Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарына түсетін қондырғы операторлары
Қайда ұсынылады:  Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органына
Тапсыру мерзімі:  тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы жыдың бірінші сәуіріне дейін
6. Қондырғы операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан
7. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша
9. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспарын
13. Қондырғы бойынша парниктік газдар мониторингі жүзеге
асырылатын парниктік газдар шығарындылары көздерінің тізбесі
Жол коды Көрсеткіштердің атауы
Қондырғының атауы Көздің атауы Көздің № Белгіленген қуаты (өлшем бірліктері) (болған жағдайда)
А Б В 1 2
1        
2      
3      
4      
пайдаланылатын әдістің сипаттамасы (есептеулер немесе өлшемдер
а) парниктік газдар қызметі туралы деректерді анықтау үшін
есептеу әдістемесін нұсқау немесе өлшеу әдістерді сипаттау
Жол коды Көрсеткіштердің атауы
Қондырғының атауы Көздің атауы Көздің № Деңгейі Жылу шығару нетто-мағынасының коэффициенті (тонна отынға терраДжоуль) Тотығу коэффициенті (отын жағылған жағдайда) Өзгеру коэффициенті (өнеркәсіптік процестер жағдайында) Көміртегі мөлшерінің коэффициенті (терраДжоульге немесе өнім бірлігіне тонна)
А Б В 1 2 3 4 5 6
1                
2              
3              
4              
в) жылу шығару нетто-мағынасының көлемін, көміртегі құрамын,
сондай-ақ шығарындылар коэффициенттерін қондырғы операторы
анықтағанда отын, шикізат немесе өнімнің іріктеу сынамасының
Көрсеткіштердің атауы
Жол коды Отын, шикізат немесе өнімнің түрі Сынама іріктеудің нүктесі (белгілеу) Сынама іріктеудің параметрі Сынама іріктеудің әдісі (қысқаша сипаттама) Сынама іріктеудің мерзімділігі Парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін деректерді беру мерзімділігі
А Б В Г Д Е Ж
1            
2            
3            
4          
Жол коды Көрсеткіштердің атауы
Өлшеу құралының атауы Орналасуы (сәйкестендіру нөмірі) Өлшеу диапазоны Көрсетілген белгісіздік (+/-%) Қолданудың типтік диапазоны
өлшеу бірліктері төменгі шегі жоғарғы шегі төменгі шегі жоғарғы шегі
А Б 1 2 3 4 5 6 7
1                
2                
3                
4                
Жол коды Көрсеткіштердің атауы
Қондырғының атауы Көздің атауы Көздің № Өзгерістер Өзгертілген жыл
А Б В 1 2 4
1          
2        
3        
4        
16. Мерзімділігін көрсете отырып, деректерді жинау және өңдеу,
сапа бақылауын қамтамасыз ету бойынша рәсімдердің сипаттамасы
19. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары
1) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның
Ескертпе: Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі
жоспарының нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның
Парниктік газдар
 шығарындыларының
 мониторингі жоспарының
 нысанына Қосымша
«Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі жоспарының нысанын» толтыру бойынша түсініктеме
1. Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі жоспары (бұдан әрі – Жоспар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жоспарды Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарына түсетін қондырғы операторлары ұсынады.
1-бөлімде қондырғы операторының толық атауы көрсетіледі;
2-бөлімде қондырғы операторының заңды мекенжайы көрсетіледі;
3-бөлімде қондырғы операторының байланыс телефоны көрсетіледі;
5-бөлімде қондырғы операторының электрондық мекенжайы көрсетіледі;
6-бөлімде қондырғы операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
7-бөлімде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша қондырғы операторының негізгі қызмет түрі көрсетіледі;
8-бөлімде қондырғы операторының басшысының деректері (тегі, аты, әкесінің аты – болған жағдайда) көрсетіледі;
9-бөлімде Жоспарды даярлауға жауапты адамның деректері көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты – болған жағдайда); 
10-бөлімде Жоспарды даярлауға жауапты адамның байланыс деректері көрсетіледі;
12-бөлімде мониторингке жататын және қондырғы бойынша жүзеге асырылатын қызметтің және қондырғының сипаттамасы көрсетіледі. Сипаттамаға қондырғының атауы, қондырғымен жүзеге асырылатын қызмет туралы жалпы қорытындылар, орындалатын қызметтің әрбір түріне қысқаша сипаттама, сондай-ақ әрбір қызмет түрі үшін пайдаланылатын техникалық құрылыс кіреді.
4. 13-бөлімде қондырғы бойынша парниктік газдар мониторингі жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындылары көздерінің тізбесі көрсетіледі:
Б-бағанда «Қондырғының атауы» деген қондырғының атауы көрсетіледі;
В-бағанда «Көздің атауы» деген парниктік газдар шығарындыларының себебі болып табылатын көздің толық атауы көрсетіледі;
1-бағанда «Көздің №» қондырғы операторында жасалатын және сақталатын олардың орналастыру сызбасына сәйкес көздің нөмірі 0001-ден 5999 араласында көрсетіледі. Жаңа көз пайда болған кезде оған ертеде пайдаланылмаған нөмір беріледі. көз жойылған кезде, оның нөмірі бұдан әрі қолданылмайды;
«Белгіленген қуаты (өлшем бірліктері) (болған жағдайда)» деген 2-бағанда қуаты болған жағдайда өлшем бірлігінде көздің белгіленген қуаты көрсетіледі.
5. 14-бөлімде парниктік газдар шығарындыларының мониторингі үшін пайдаланылатын әдістің сипаттамасы (есептеулер немесе өлшемдер негізінде) көрсетіледі:
а) бөлімінде парниктік газдар қызметі туралы деректерді анықтау үшін есептеу әдістемесі немесе өлшеу әдістердің сипаттамасы көрсетіледі;
б) бөлімінде есептеу негізінде әдістің сипаттамасы көрсетіледі:
Б-бағанда «Қондырғының атауы» деген қондырғының атауы көрсетіледі;
В-бағанда «Көздің атауы» деген парниктік газдар шығарындыларының себебі болып табылатын көздің толық атауы көрсетіледі;
«Көздің №» деген 1-бағанда қондырғы операторында жасалатын және сақталатын олардың орналастыру сызбасына сәйкес көздің нөмірі 0001-ден 5999 араласында көрсетіледі. Жаңа көз пайда болған кезде оған ертеде пайдаланылмаған нөмір беріледі. Көз жойылған кезде, оның нөмірі бұдан әрі қолданылмайды;
«Деңгейі» деген 2-бағанда әрбір көз бойынша әдістеме деңгейі көрсетіледі, оған сәйкес коэффиценттер есептелінеді. Ұлттық немесе халықаралық әдістемелік ұсыныстарға сәйкес әдістемесінің деңгейі көрсетіледі;
«Жылу шығару нетто-мағынасының коэффициенті (тонна отынға терраДжоуль)» деген 3-бағанда жылу шығару нетто-мағынасының коэффициенті отынның тоннасына терраДжоуль бірліктерінде көрсетіледі; 
«Тотығу коэффициенті (отын жағылған жағдайда)» деген 4-бағанда отын жағылған жағдайда тотығу коэффициенті көрсетіледі;
«Өзгеру коэффициенті (өнеркәсіптік процестер жағдайында)» деген 5-бағанда өнеркәсіптік процестер болған жағдайда өзгеру коэффициенті көрсетіледі;
«Көміртегі мөлшерінің коэффициенті (терраДжоульге немесе тонна өнім бірлігіне)» деген 6-бағанда Көміртегі мөлшерінің коэффициенті терраДжоуль тоннасы бірлігінде немесе өнім бірлігінде көрсетіледі;
в) бөлімінде жылу шығару нетто-мағынасының көлемін, көміртегі құрамын, сондай-ақ шығарындылар коэффициенттерін қондырғы операторы анықтағанда отын, шикізат немесе өнімнің іріктеу сынамасының әдістерінің сипаттамасы көрсетіледі:
Б-бағанда «Отын, шикізат немесе өнімнің түрі» деген отынның, шикізаттың немесе өнімнің түрі көрсетіледі;
В-бағанда «Сынама іріктеудің нүктесі (белгілеу)» деген сынама іріктеудің нүктесі көрсетіледі;
Г-бағанда «Сынама іріктеудің параметрі» деген сынама іріктеудің параметрі көрсетіледі;
Д-бағанда «Сынама іріктеудің әдісі (қысқаша сипаттама)» деген әдістемеге сілтемемен сынама іріктеу әдісі көрсетіледі және әдістің қысқаша сипаттамасы беріледі;
Е-бағанда «Сынама іріктеудің мерзімділігі» деген сынама іріктеудің мерзімділігі көрсетіледі;
Ж-бағанда «Парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін деректерді беру мерзімділігі» деген парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін деректерді беру мерзімділігі көрсетіледі.
Аккредиттеу болмаған жағдайда оператор зертхананың техникамен жабдықталғанын және мүлдем операторға тәуелсіз болып табылатынын растайды. Бұл жағдайда ақпарат қосымшада жеке құжат болып беріледі;
г) бөлімінде отын, шикізат немесе өнім түрлерінің деректерін анықтау үшін пайдаланылған жағдайда өлшеу жүйелері сипаттамасы көрсетіледі:
Б-бағанда «Өлшеу құралының атауы» деген өлшеу құралының атауы көрсетіледі;
1-бағанда «Орналасу» деген қондырғыдағы өлшеу құралының орналасу және технологиялық процестің сызбасындағы оның анықтамасы көрсетіледі. Бүкіл қолданылатын құралдар бірегей сәйкестендіргіштің (мысалы, құралдың серийялық нөмірі) көмегімен анық сәйкестендіріледі. Құралдарды ауыстыру (мысалы, зақымдану салдарынан кейінгі қажетті) мониторинг жоспарының маңызды өзгеруін білдірмейді. Бірегей сәйкестендіргіш мониторинг жоспарынан бөлек құжатпен тіркеледі;
«Өлшеу диапазоны» деген баған 2, 3 және 4–бағандарға бөлінеді. 2-бағанда өлшеу құралдарының өлшем бірліктері көрсетіледі, 3-бағанда өлшеу құралының төменгі шегі көрсетіледі, 4-бағанда өлшеу құралының жоғарғы шегі көрсетіледі.
5-бағанда «Көрсетілген белгісіздік (+/-%)» деген өндірушінің құжатындағы нұсқауларға сәйкес көрсетілген белгісіздік пайыздарда көрсетіледі;
«Қолданудың типтік диапазоны» деген баған 6 және 7-бағанға бөлінеді. 6-бағанда құралды қолдану диапазонының төменгі шегі, 7-бағанда құралды қолдану жоғарғы шегі көрсетіледі.
6. 15-бөлімде парниктік газдар шығарындыларының көздері бойынша жоспарланған өзгерістер көрсетіледі. Бұл жол парниктік газдар шығарындыларының көздеріне жоспарланған өзгерістер болған жағдайда толтырылады:
Б-бағанда «Қондырғы атауы» деген қондырғының атауы көрсетіледі;
В-бағанда «Көздің атауы» деген парниктік газдар шығарындыларына себеп болып табылатын көздің толық атауы көрсетіледі;
«Көздің №» деген 1-бағанда қондырғы операторында жасалатын және сақталатын олардың орналастыру сызбасына сәйкес көздің нөмірі 0001-ден 5999 араласында көрсетіледі. Жаңа көз пайда болған кезде оған ертеде пайдаланылмаған нөмір беріледі. Көз жойылған кезде, оның нөмірі бұдан әрі қолданылмайды;
«Өзгерістер» деген 2-бағанда көздер бойынша жоспарланған өзгерістер көрсетіледі; 
«Өзгертілген жыл» деген 3-бағанда жоспарланған өзгерістердің жылы көрсетіледі.
7. 16-бөлімде мерзімділігі көрсетіле отырып, деректерді жинау және өңдеу, сапа бақылауын қамтамасыз ету бойынша рәсімдердің сипаттамасы көрсетіледі. Деректер ерікті нысанында көрсетіледі.
8. 17-бөлімде мониторингтің белгілі кезеңдері көрсетіле отырып, қондырғы деңгейінде мониторинг және есептілікке жауапты адамдардың ТАӘ көрсетіледі. Деректер ерікті нысанында көрсетіледі.
9. 18-бөлімде қондырғы операторының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі, мөр қойылады.
10. 19-бөлімде аккредиттелген органның Жоспарды растауы көрсетіледі:
1) тармақшада аккредиттелген органның толық атауы, БСН көрсетіледі;
2) тармақшада аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі және мерзімі көрсетіледі;
4) тармақшада валидацияға жауапты адамның телефон нөмірі, факсы көрсетіледі;
5) тармақшада валидацияға жауапты адамның электрондық поштасы көрсетіледі;
6) тармақшада валидацияға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
7) тармақшада валидацияға жауапты ұйым басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі, мөр қойылады.