«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 шілдеде № 13904 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшлік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _______________ А.С. Мамытбеков 2015 жылғы 16 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы _______________ В. Жұмақанов 2016 жылғы 9 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е.А. Досаев 2015 жылғы 11 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _______________ Қ.Н. Қасымов 2015 жылғы 16 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б.Т. Сұлтанов 2016 жылғы 3 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 519 бұйрығымен бекітілген
Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын (бұдан әрі – порттар), порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бақылау органдары - кедендік, шекаралық, фитосанитарлық, ветеринарлық, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер, Порттың теңіз әкімшілігі;
2) жобалау ұйымы - портты немесе құрылысты салуға, қайта жаңартуға немесе қайта жайластыруға арналған жобаларды әзірлеген ұйым;
3) жүк жоспары - жүк үй-жайларын неғұрлым оңтайлы пайдалану мақсатында жүкті теңіз кемесінде орналастыру жоспары;
4) жүк манифесі - жүк туралы барлық негізгі мәліметтері әр порт бойынша бөлек жазылған құжат;
5) жұмыс технологиялық карталары - теңіз портында жүктерді өңдеу, қоймаға жинау және жүктерді кемеге тиеу мен жүктерді кемеден түсірудің технологиялық процестерін сипаттайтын порттың техникалық құжаттары;
6) коносамент - тасымалдаушымен жіберушіге берілетін және жүкті тасымалдауға қабылдауды растайтын құжат;
7) пайдалану режимі - жобада немесе құрылысты пайдалану үдерісінде белгіленген параметрлермен бірге бағыты бойынша құрылыстарды пайдалану қарқындылығы;
8) пайдалану шарттары - құрылысты пайдалану кезінде оған әсер ететін қозғаушы күштердің жиынтығы;
9) палубалық жүк - кеменің ашық палубасында және қауіпсіз жерінде тасымалданатын, тоннаждың брутто/нетто өлшеміне кірмеген жүктер;
10) порттың үрдістер жиынтығы - жүк операцияларын ұйымдастырумен, ол бойынша шығындарды бөлумен, жүк жұмыстарын нормалаумен және сталиялық, контрсталиялық уақытты есептеумен байланысты тасымалдауға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтін осы порттың қалыптасқан үрдістері мен практикасы көрініс тапқан, порт иесі бекіткен құжат;
11) пайдаланатын ұйым - өз қызметін теңіз порты акваториясында жүзеге асыратын және порт құрылыстарын қолдаумен байланысты қызметтер атқаратын ұйым;
12) порт құрылыстары - теңізде жүзу және кемелер тұрағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, су ортасымен байланысатын теңіз портының аумағында және (немесе) акваториясында орналасқан инженерлік-техникалық құрылыстар (жағалауды қорғайтын құрылыстар, толқын тосқылары, бөгеттер, молдар, пирстер, айлақтар, сонымен қатар түбін тереңдету жұмыстары нәтижесінде пайда болған кіру арналары, су асты құрылыстары);
13) порт құрылысының паспорты - құрылыстың арнауы, сипаттамасы және техникалық жай-күйі (ақаулықтар, жөндеулер, сындарлылық өзгерістер, авариялар және пайдалану беріктілігін бұрынғы қалпына келтіру жөніндегі қабылданған шаралар) көрсетілген техникалық құжат;
14) теңіз портының паспорты - портқа жүктелген өндірістік міндеттерді орындауға арналған порттың өндірістік мүмкіндігін, өндіріс құралдары мен материалдық ресурстар жиынтығының қолдағысы мен жай-күйін куәландыратын құжат;
15) тальмандық қолхат - кемеден/ге жүктерді қабылдау немесе түсіру кезіндегі жүктің саны мен оның жай-күйін куәландыратын және жүк орындары есебінің фактісін растайтын жүк құжаты;
16) теңізде жүзушілерге хабарлау қағазы - навигациялық карталарды түзету жөніндегі гидрографиялық деректердің өзгерістері қамтылған, теңізде жүзу үшін құралдары мен басшылығы бар құжат;
17) техникалық тексеріп қарау журналы - құрылысты тұрақты түрде техникалық тексеріп қарауды өткізу үдерісінде жүзеге асырылатын порт құрылыстарын пайдалану, техникалық жай-күйіне және режиміне бақылауды есепке алу жөніндегі құжат;
18) халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісім жүкқұжаты (бұдан әрі - ХТЖҚК) - 1951 жыдың 1 қарашасындағы Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімге қатысушы елдердің темір жолдары бойынша халықаралық жүк тасымалдауға қолданылтын халықаралық жүкқұжат нұсқасы;
19) штурмандық қолхат - капитанның аға көмекшісі беретін және қол қоятын кеме бортына жүк қабылданғанын растайтын құжат.
2-тарау. Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын пайдалану тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне және кейін қарай ауыстырып тиеу үшін портты пайдалану порттың инфрақұрылымы мен құрал- жабдығын пайдаланумен жүзеге асырылады.
4. Жүктерді ауыстырып тиеу бойынша порт жұмысын ұйымдастыру портқа жүк келуін жоспарлау, жүкті қабылдау, порттың қойма алаңдарында қоймаға жинау, сондай-ақ жүкті теңіз терминалдарынан не қойма алаңдарынан тиеу жолымен жүзеге асырылады.
5. Осы Қағидаларда айқындалмаған жүк тегіне, порт жұмысының технологиясына және тасымал түріне (экспорт, импорт, транзит) байланысты жүктерді ауыстырып тиеу кезінде жүргізілетін техникалық операциялар порттың үрдістер жиынтығына, порттың нұсқаулықтары мен стандарттарына, сондай-ақ порттың жұмыс технологиялық картасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жүкті ауыстырып тиеу бойынша жоспарлар:
1) кемелер, вагондар, өзге де жүктер, контейнерлер және автокөлік құралдарының келуі туралы;
2) жүк тиеу-түсіру орындарында жүк тиеп-түсіретін вагондардың бар-жоғы, өзге жүктің, контейнерлердің және қойма алаңдарында автокөлік құралдарының бар-жоғы туралы;
3) вагондарды кіргізуге, палубалық жүкті, дөңгелек техниканы тиеуге жасалған жүк жоспарларының бар-жоғы туралы;
4) ресімделген жүк құжаттары туралы тәуліктік ақпарат негізінде қалыптастырылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |