• Мое избранное
"Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13759 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11167 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген барлауға арналған модельдік келісімшартта:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қазақстан Республикасының көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді. Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын басшылар үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау бойынша талаптар қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
23-1. Қазақстандық кадрлардың саны жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санынан пайыздық қатынаста мердігерлік және субмердігерлік жұмыстарға тартылған персоналды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша__%, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша__%, білікті жұмысшылар бойынша__% құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
жыл Басшылық құрам ЖБ және ОКБ бар мамандар білікті жұмысшылар
1 жыл      
2 жыл      
...      
(бағалау жұмыстары кезінде)      
Осы тармақтың талаптары осы модельдік келісімшарттың 23-тармағына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылған, шетел азаматтары болып табылатын басшыларға, менеджерлер мен мамандарға қатысты таралмайды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Барлау жүргізу кезінде тауарларды және жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде, егер осы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, теміржол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.
       Бұл ретте барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезеңде келісімшарт бойынша жергілікті қамту мөлшері жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) қатынасы бойынша ______ пайызды құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл Жұмыстар (көрсетілетін қызметтер)
1 жыл  
2 жыл  
...  
(бағалау жұмыстары кезінде)  
                                                                   »;
28-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау жер қойнауын пайдаланушының, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеу саласындағы зерттеулерге жұмсаған нақты шығыстар және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстар болып табылады»;
52-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есептік кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасынан 1 % мөлшерінде;»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) иеленудің тәртібі бұзыла отырып сатып алынған жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстарынан алып тасталады.
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Осы тараудың 53-тармағының мақсаттары үшін жергілікті қамту үлесі келісімшарттың 7-тарауы 26-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу тәртібіне осы келісімшартта және Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды жүзеге асырған жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны ескеріледі. Бұл ретте көрсетілген көлемнен жергілікті қамтудың сатып алынған нақты жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) құны шегеріледі.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
барлауға арналған моделдік келісімшартқа 1-қосымша мынадай тармақпен толықтырылсын:
«
16. Инвестициялар, барлығы мың теңге                        
                                                                   »;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өндіруге арналған модельдік келісімшартта:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Өндіруге арналған жұмыс бағдарламасы осы модельдік келісімшартқа қосымшаға сәйкес келісімшарттың міндетті бөлігі болып табылады және инвестициялық жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін қамтиды.
Жұмыс бағдарламасы негізгі жобалау көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды жылдар бойынша бөліп және қажетті шығындарды көрсете отырып қамтуға тиіс.
Жер асты суларын, емдік балшықты, кең таралған пайдалы қазбаларды, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартқа жұмыс бағдарламасы жобалық құжаттар негізінде жасалады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Егер бекітілген жобаларда айқындалған өндіру көлемдері бекітілген жобалау көрсеткіштерінен нақты мәнде жиырма пайыздан аз өзгерсе, қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бойынша бекiтiлген жобаларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобалары жасалмайды.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді. Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын басшылар үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау бойынша талаптар қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Қазақстандық кадрлардың саны жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санынан пайыздық қатынаста мердігерлік және субмердігерлік жұмыстарға тартылған персоналдарды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша__%, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша__%, білікті жұмысшылар бойынша__% құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
жыл Басшылық құрам ЖБ және ОКБ бар мамандар білікті жұмысшылар
1 жыл      
2 жыл      
...      
(бағалау жұмыстары кезінде)      
Осы тармақтың талаптары осы модельдік келісімшарттың 24-тармағына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылған, шетел азаматтары болып табылатын басшыларға, менеджерлер мен мамандарға қатысты таралмайды.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Өндіруді жүзеге асыру кезінде тауарларды және жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде, егер осы жұмыстар (көрсетілген қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, теміржол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.
       Бұл ретте, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезеңде келісімшарт бойынша жергілікті қамту мөлшері жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) қатынасы бойынша ______ пайызды құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл Жұмыстар (көрсетілетін қызметтер)
1 жыл  
2 жыл  
...  
(бағалау жұмыстары кезінде)  
                                                                   »;
29-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау жер қойнауын пайдаланушының, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеу саласындағы зерттеулерге жұмсаған нақты шығыстар және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстар болып табылады»;
50-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есептік кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасынан 1 % мөлшерінде;»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) иеленудің тәртібі бұзыла отырып сатып алынған жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстарынан алып тасталады.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Осы тараудың 51-тармағының мақсаттары үшін жергілікті қамту үлесі келісімшарттың 7-тарауы 27-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу тәртібіне осы келісімшартта және Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды жүзеге асырған жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны ескеріледі. Бұл ретте, көрсетілген көлемнен жергілікті қамтудың сатып алынған нақты жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) құны шегеріледі.»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшартта:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді. Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын басшылар үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау бойынша талаптар қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
       «28-1. Қазақстандық кадрлардың саны жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санынан пайыздық қатынаста мердігерлік және субмердігерлік жұмыстарға тартылған персоналдарды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша__%, жоғары және орта кәсіптік білімі, бар мамандар бойынша__%, білікті жұмысшылар бойынша__% құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
жыл Басшылық құрам ЖБ және ОКБ бар мамандар білікті жұмысшылар
1 жыл      
2 жыл      
...      
(бағалау жұмыстары кезінде)      
Осы тармақтың талаптары модельдік келісімшартың 28-тармағына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылған, шетел азаматтары болып табылатын басшыларға, менеджерлер мен мамандарға қатысты таралмайды.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Барлау және өндіруді жүзеге асыру кезінде тауарларды және жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде, егер осы жұмыстар (көрсетілген қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, теміржол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.
       Бұл ретте, барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезеңде келісімшарт бойынша жергілікті қамту мөлшері жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) қатынасы бойынша ______ пайызды құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл Жұмыстар (көрсетілетін қызметтер)
1 жыл  
2 жыл  
...  
(бағалау жұмыстары кезінде)  
33-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау жер қойнауын пайдаланушының, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеу саласындағы зерттеулерге жұмсаған нақты шығыстар және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстар болып табылады»;
57-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есептік кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасынан 1 % мөлшерінде;»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) иеленудің тәртібі бұзыла отырып сатып алынған жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстарынан алып тасталады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Осы тараудың 58-тармағының мақсаттары үшін жергілікті қамту үлесі келісімшарттың 7-тарауы 31-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу тәртібіне осы келісімшартта және Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды жүзеге асырған жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құны ескеріледі. Бұл ретте, көрсетілген көлемнен жергілікті қамтудың сатып алынған нақты жұмыстардың (көрсетілетін қызметтерге) құны шегеріледі.»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар (көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартта:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді. Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын басшылар үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау бойынша талаптар қолданылмайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануды жүргізу кезінде тауарларды және жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде, егер осы жұмыстар (көрсетілген қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, теміржол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленудің белгілеген тәртібі бұзыла отырып, сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстарынан алып тасталады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
_________ Е. Сағадиев 
2016 жылғы «___»_________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
_________ Т. Дүйсенова 
2016 жылғы «___»_________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_________ Б. Сұлтанов 
2016 жылғы «___»_________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
____________ Е. Досаев 
2016 жылғы 28 сәуір
___