Toggle Dropdown
4
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 шілдеде № 13986 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 05.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережесінің 15) тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін оның төлнұсқасына толық сәйкес келетін графикалық форматтағы көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Toggle Dropdown
3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2016 жылғы «27» маусымдағы
№ 181 бұйрығының
1-қосымшасына
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – көтермелеу жүйесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және саланы дамытуға қосқан үлесі үшін дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы қызметкерлерді көтермелеудің салалық жүйесінің рәсімін нақтылайды.
Toggle Dropdown
2. Көтермелеу саланы дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлердің еңбегін моралдық ынталандырудағы нысаны болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы қызметкерлерді көтермелеу мақсатында көтермелеудің келесі түрлері белгіленеді:
Toggle Dropdown
1) осы көтермелеу жүйесінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрмет грамотасы;
Toggle Dropdown
2) осы көтермелеу жүйесінің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алғыс хат.
Toggle Dropdown
4. Дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларының қызметкерлерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) және оның ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) құрмет грамотасымен және алғыс хатымен көтермелеуге үміткер тұлғалар болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Қызметкерлерді көтермелеу мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, кәсіби мерекелерге: «Спорт күні», «Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесіне орай жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы үлесі, қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін бір тұлға екінші рет қайта ұсынылмайды.
Toggle Dropdown
6. Министрліктің Персоналды басқару департаментіне Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің, оның ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған ұсыным ұсынылады.
Toggle Dropdown
Ұсынымда қызметкер туралы келесі мәліметтер (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, тиісті саладағы жұмыс өтілі, жеткен жетістіктерінің нәтижесін көрсетілулері қажет), қызметкердің нақты қызметін, жетістіктерін және табыстарын көрсететін көрсеткіштер сипатталады.
Toggle Dropdown
7. Қызметкерлерді көтермелеу үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Аппарат басшысының (бұдан әрі – Аппарат басшысы) бұйрығымен комиссия құрылады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің құрамы тақ саннан құрылады. Комиссия құрамы комиссия төрағасын есептемегенде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарларымен, аппарат басшысынан, ведомстволардың басшыларынан немесе орынбасарларынан, тиісті салаға жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалардан тағайындалады.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы болып Аппарат басшысы тағайындалады.
Toggle Dropdown
Хатшы Министрліктің Персоналды басқару департаменті қызметкерлерінің ішінен анықталады.
Toggle Dropdown
8. Комиссия қызметкерлердің мінездемесінде осы көтермелеу жүйесінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестіктерін қарастырады.
Toggle Dropdown
9. Комиссияның жұмысы қажеттілігіне қарай өткізілетін отырыс өткізу жолымен жүзеге асырылады. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Комиссия мүшелері оның жұмысында алмастыру құқығысыз қатысады.
Toggle Dropdown
10. Комиссия шешімдері осы отырысқа қатысқан жалпы комиссия мүшелерінің дауысының көпшілігімен қабылданады. Талқыланып отырған мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
Toggle Dropdown
Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің, төрағасының және хатшысының қол қойылған хаттамасымен рәсімделеді.
Toggle Dropdown
11. Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау, комиссия хаттамасының негізінде министрліктің аппарат басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталады:
Toggle Dropdown
1) әрбір жеке саладағы (дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет) еңбек өтілі үш жылдан аса;
Toggle Dropdown
2) саладағы (дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет) қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін.
Toggle Dropdown
13. Алғыс хатпен келесі қызметкерлер марапатталады:
Toggle Dropdown
1) іс-шараларды өткізген жетістіктері (конкурстар, олимпиадалар, көрмелер);
Toggle Dropdown
2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін.
Toggle Dropdown
14. Құрмет грамотасы мен алғыс хатқа Министрдің қолы қойылады.
Toggle Dropdown
15. Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрімен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен салтанатты түрде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Министрліктің Персоналды басқару департаменті қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып тиісті жазба енгізеді.
Toggle Dropdown
Бұйрыққа
1- қосымша
Toggle Dropdown
Көтермелеу жүйесіне
№ 1-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Toggle Dropdown
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Toggle Dropdown
_________________________________ саласының дамуына қосқан үлесі үшін
Toggle Dropdown
(дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет)
Toggle Dropdown
______________________________________________________марапатталады.
Toggle Dropdown
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі
Toggle Dropdown
__________________________________________________ _____________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Toggle Dropdown
«___» __________20 ____ жыл
Toggle Dropdown
2- қосымша
Toggle Dropdown
Көтермелеу жүйесіне
Toggle Dropdown
№ 2-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Toggle Dropdown
АЛҒЫС ХАТ
Toggle Dropdown
________________________________саласының дамуына қосқан үлесі үшін
Toggle Dropdown
(дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет)
Toggle Dropdown
__________________________________________алғыс хатпен марапатталады.
Toggle Dropdown
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Toggle Dropdown
_____________________________________________ ___________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Toggle Dropdown
«___» __________20 ____ жыл
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 27 маусымағы
№ 181 бұйрығына № 2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл, наурыз-сәуір).
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 29 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 19 мамырдағы № 247-252 (27326)).
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 229 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8858 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325(27599)).