Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 14 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 14.06.2018 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.07.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі бағдарламасы 2020 жылға дейінгі (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 400 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама
1. Бағдарлама паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 400 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Атауы |
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 01-7.9 (ХТ) тапсырмасы (3.1.3-тармақ); |
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
Мақсаттар |
Көрсетілетін қызметтер сапасын, қолжетімділігін арттыру, өнімділігі мен экспортын ұлғайту арқылы көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілетті саласын қалыптастыру |
Нысаналы индикаторлар |
1. Көрсетілетін қызметтер саласындағы еңбек өнімділігі, сағатына теңге |
Міндеттер |
1. Көрсетілетін қызметтер саласының сауда секторын дамыту |
Іске асыру мерзімдері |
2015 – 2019 жылдар |
Қаржыландыру көздері және көлемдері |
Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын қаржы шығындары республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ меншікті қаржы есебінен көзделеді. |
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 тамыздағы кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленді.
Елдің әл-ауқатының өсуіне қарай, сервистік экономика экономикалық өсу мен жұмыспен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара бастайды. Соңғы уақытта көрсетілетін қызметтер саласы дамыған және дамушы елдердің экономикалық серпініне шешуші ықпалын тигізеді. Көрсетілетін қызметтер саласының экономикалық өсуге қосатын үлесі нақты сектор салаларының үлесін басып озады.
Экономиканың басқа салаларына қарағанда, жоғары білікті жұмыс орындары көрсетілетін қызметтер саласында көбірек құрылады. Шағын және орта бизнестің басым бөлігі өз қызметін көрсетілетін қызметтер саласында жүзеге асырады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларында жұмыспен қамту азайған кезде көрсетілетін қызметтер саласы өтемдік рөлін атқарады.
Адами капиталды тиімділігі аз секторлардан көрсетілетін қызметтер саласына қайта бөлу экономиканың өнімділігін, халықтың табысы мен өнімді жұмыспен қамтуды арттырады. Халықты көрсетілетін қызметтер секторы шеңберінде экономикалық өсу генерациясына тарту инклюзивтілік қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда көрсетілетін қызметтер саласы бүгінде жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) шамамен 54 %-ын құрайды, бірақ бұл дамыған елдердің көрсеткіштерінен біршама төмен.
«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатын қойды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы шеңберінде көрсетілетін қызметтер саласы ЖІӨ-нің шамамен 70 %-ын құрауға тиіс.
Көрсетілетін қызметтер саласын дамыту экономиканың нақты секторына, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тұтастай алғанда, экономиканың экспортқа бағытталуына мультипликативтік әсерін тигізеді.
Бағдарламада көрсетілетін қызметтер саласының секторларын дамыту, сондай-ақ тұтастай алғанда, көрсетілетін қызметтер саласын институционалдық дамыту бойынша кешенді іс-шаралар көзделген.
Бағдарлама ЖІӨ-ге негізгі үлес қосатын мынадай 9 секторды дамытуға бағытталған: сауда (15,4 %), көлік және логистика (7,8 %), туризм (1,6 %), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (8,6 %), кәсіби көрсетілетін қызметтер (4,3 %), ақпарат және байланыс (2,7 %), қаржылық және сақтандыру қызметі (2,8 %), білім беру (2,9 %), денсаулық сақтау (1,6 %).
Осылайша, Бағдарлама қолданыстағы бағдарламалар («Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың, көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, қаржы секторын дамытудың, туристік саланы дамыту тұжырымдамалары, Бизнестің жол картасы 2020 және басқасы) шеңберінде қабылданатын шараларды толықтырады.
3. Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамытудың ағымдағы жағдайын талдау
Көрсетілетін қызметтер саласы Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде өнеркәсіптің өсуін шамамен 3 %-ға озып отырып және қазіргі уақытта ЖІӨ-нің 54,2 %-ын құрайды (2014 жылдың бірінші жартыжылдығында өсу 0,6 %). Бұл ретте ЖІӨ-нің 5,8 % деңгейінде жоспарланған орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу үшін көрсетілетін қызметтер саласының көлемі 2020 жылға қарай екі еселенеді, ол 7 % орташа жылдық өсу қарқынына сәйкес келеді.
2013 жылдың деректері бойынша Қазақстанға импорттың жиынтық көлемі 62,8 млрд. АҚШ1 долларын құрады, мұнымен бірге 19 %-ы көрсетілетін қызметтер үлесі ие тиесілі. Көрсетілетін қызметтер импорты былайша бөлінді: көрсетілетін кәсіби қызметтер – 54 %; көліктік және туристік көрсетілетін қызметтер – 38 %; қаржы және сақтандыру көрсетілетін қызметтері – 2,7 %; ақпараттық және компьютерлік технология саласында көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер – 3,75 %; мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтер – 1 %.
1-сурет. Қазақстанға көрсетілетін қызметтер импорты, млрд АҚШ доллары, 2013 жыл
_______________
1 Мұндағы және кейінгі мәліметтер АҚШ доллары үшін 152,13 теңге бағамы бойынша ұсынылған
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҰЭМ СК деректері бойынша 2013 жылы елден жалпы сомасы 89972 млн АҚШ долларына тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортталды, мұнымен қоса көрсетілетін қызметтер үлесі 6 %-ды құрады.
Көрсетілетін қызметтер үлесі былайша бөлінді: көліктік және туристік көрсетілетін қызметтер – 82 %, өзге іскерлік көрсетілетін қызметтер – 9 %, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – 4 %, ақпараттық технология саласында көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер – 3 %, қаржы және сақтандыру қызметтері – 1 %, өзге көрсетілетін қызметтер – 1 %.
2-сурет. Қазақстанға тауарлар экспорты млрд. АҚШ долл. 2013 жыл
Дереккөз: ҰЭМ СК
Білім беру секторын қоспағанда, көрсетілетін қызметтер секторларының орташа жылдық өсу қарқыны көрсетілетін қызметтер саласына жатпайтын басқа салаларға қарағанда жоғары.
Көрсетілетін қызметтер саласы Қазақстанның ЖІӨ-де ең жоғары үлесті қамтиды және жақын арадағы перспективада жетекші өсу факторы болып табылады. Қазірдің өзінде көрсетілетін қызметтер саласына ЖІӨ-нің жоғары үлесі тиесілі. Алайда 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін көрсетілетін қызметтер саласы 2020 жылға қарай 1,7 есе артып, ЖІӨ өсуіне негізгі үлес қосады. 2020 жылға қарай елдің ЖІӨ көлемі 369,9 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі болжанады, көрсетілетін қызметтер саласының көлемі 231,9 млрд. АҚШ долларын құрайды.
3-сурет. Қазақстанның ЖІӨ құрылымы
Дереккөз: ҰЭМ СК
Өсу әлеуетін айқындау үшін көрсетілетін қызметтер саласы секторларының әрқайсысы көрсетілетін қызметтер саласының стратегиялық маңызды параметрлері тұрғысынан талданды:
1. Көрсетілетін қызметтер саласының еңбек өнімділігі;
2. Жұмыспен қамту (жұмыс орындарының саны);
3. Көрсетілетін қызметтер саласына инвестициялар;
4. Көрсетілетін қызметтердің сапасы;
5. Қолжетімділік;
6. Көрсетілетін қызметтер құны.
Еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту және инвестициялар тікелей экономикалық әсерді көрсететін параметрлер болып табылады. Талдау бойынша ең басым сектор сауда болып табылуы тиіс, 2013 жылдың нәтижелері бойынша оның ЖІӨ-ге үлесі 15,4 %-ды құрады. 2020 жылға дейін аталған сектор бойынша 450 мың қосымша жұмыс орны және инвестициялардың 65 млрд. АҚШ долларына өсуі күтіледі.
4-сурет. Тікелей экономикалық әсер тұрғысынан секторлар бойынша ағымдағы және нысаналы көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық және оны жақсарту үшін мүмкіндіктер
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |