«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығы
Редакция 17.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.11.2016 жылғы № 619 Бұйрығымен (14.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 05.06.2017 жылғы № 367 Бұйрығымен Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.07.2018 жылғы № 717 Бұйрығымен (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан РК министрінің 03.12.2019 жылғы № 1316 Бұйрығымен (16.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2019 жылғы № 428 Бұйрығымен (18.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.01.2019 жылғы № 26 Бұйрығымен (31.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.07.2019 жылғы № 732 Бұйрығымен (06.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.07.2021 жылғы № 662 Бұйрығымен (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.10.2021 жылғы № 1084 Бұйрығымен (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 19.03.2021 жылғы № 243 Бұйрығымен Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы бірінші вице-министрінің 04.04.2022 жылғы № 363 Бұйрығымен (20.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.07.2022 жылғы № 697 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын салаларда жүзеге асырады:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.11.2022 жылғы № 1210 Бұйрығына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) салықтық және кедендік әкімшілендіру;
2) этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
3) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы;
4) Қазақстан Республикасының кеден ісі, салық саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік реттеу;
5) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.03.2023 жылғы № 240 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6) қолданыстағы заңнамамен Комитет құзыретіне жатқызылған басқа да салаларда жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.11.2022 жылғы № 1210 Бұйрығына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының орындалуын, мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударымдардың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін қорғауды және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуын қалыптастыру және салық төлеушілер үшін электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қоршаған ортаны қорғау;
8) тауарлардың ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен оңайлату үшін жағдайлар жасау;
9) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу;
10) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.03.2023 жылғы № 240 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
11) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
12) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігін іске асыруды үйлестіру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттемелері:
1) құқықтары:
салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат алмасу;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |