Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Кодексі
Осы Заң күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 02.01.2021 жылғы № 400-VI Заңына сәйкес Құжат мәтініндегі «жануарлар мен өсімдіктер», «жануарлар мен өсімдіктерді» сөздері «өсімдіктер мен жануарлар», «өсімдіктер мен жануарларды» сөздерімен ауыстырылды ҚР 25.01.2012 жылғы № 548-іV Заңы бойынша ( 03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «зерттеу мен пайдалану», «зерттеу және пайдалану саласындағы», «зерделеу және пайдалану», «зерделеу мен пайдалану» сөздері «зерттеу жөніндегі» сөздерімен ауыстырылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-VІ Заңына сәйкес (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган» және «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы мемлекеттік органмен» сөздері «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен» сөздермен ауыстырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 16.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Жалпы бөлім
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 23.06.2009 жылғы №164-іV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы №188-іV Заңымен (23.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы №452-іV Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы №479-іV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 03.12.2011 жылғы №505-іV Заңымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 13.06.2013 жылғы № 102-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар;
2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті;
3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;
4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;
5) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;
6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;
7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім;
8) валидация (детерминация) – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттаманың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауы;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 491-V Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) верификация – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның қондырғы паспортындағы қондырғы операторлары және олардың есепті жылдағы парникті газдарды түгендеу туралы есептерінде қамтылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі туралы және жүзеге асырылатын шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы деректердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыстығын растауы;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 491-V Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) генетикалық түрлендірілген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсімін молайтуға немесе оларды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
11) генетикалық түрлендірілген өнімдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген организмдер немесе олардың компоненттері бар, гендік инженерия әдістері пайдаланыла отырып, өсімдіктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнімдер;
11-1) гидрологиялық мониторинг – су объектілерінің жай-күйі туралы жедел және болжамды ақпарат алу мақсатында су объектілерінің жай-күйін және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігін тұрақты және (немесе) мерзімді байқау жүйесі;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.04.2016 жылғы № 505-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2016 жылы № 79 (28807) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-2) диспергенттер – табиғи процестердің әсерінен бұзылуға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын, мұнай дағының ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік беретін беткі белсенді заттар мен еріткіштердің қоспасы;
1-бап 11-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.04.2016 жылғы № 505-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2016 жылы № 79 (28807) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12) ең озық қолжетімді технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге дейін шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық;
12-1) жобалардың экологиялық сараптамасы – қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен инженерлік қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдер мен есептеулердің сараптамалық бағасы, ол мыналардың:
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-Vі Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 12-1-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2018 жылғы № 210-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының бір бөлігі болып табылады.
13) жойылуы қиын органикалық ластауыштар - ыдырауға төзімді, биожинақтағыштығымен сипатталатын және ауа, су және көшпелі түрлері арқылы трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала келіп, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар;
14) квота бірлігі - квота көлемін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;
15) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
15-1) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;
1-бап 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.04.2016 жылғы № 506-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақша алынып тасталды ҚР 13.06.2013 жылғы № 102-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
17) көміртегі бірлігі - көміртегі қостотығының бір тоннасына тең келетін есептік бірлік;
18) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
19) көміртегі бірліктерінің қайталама айналымы - парниктік газдар шығарындылары нарығы субъектілерінің арасында көміртегі бірліктерін беру, сату және басқа да айналымы процесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар;
20) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - көміртегі бірліктерін айналымға енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, жоюға, айналымнан шығаруға байланысты операцияларды есепке алу жүйесі;
20-1) қайталама шикізат – тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау, ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары;
1-бап 20-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.04.2016 жылғы № 506-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпаратты жинау және беру жүйесі;
21-1) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы;
1-бап 21-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
22) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар;
23) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
24) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
25) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда шектеусіз мерзім ішінде жинап қою;
26) қалдықтардың түрі - шығу көзіне, қасиеттеріне және жұмыс істеу технологиясына сәйкес ортақ белгілері бар, қалдықтар сыныптауышы негізінде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
27) қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
28) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;
29) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;
30) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіптілігіне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртібі;
30-1) қалдықтарды уақытша сақтау – өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы;
1-бап 30-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.04.2016 жылғы № 506-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
30-2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату – органикалық қалдықтардан биогаз және өзге де отын алуды қоспағанда, қалдықтарды олардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды қайталама және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында термиялық өңдеу процесі;
1-бап 30-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңына сәйкес (өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30-3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
1-бап 30-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңына сәйкес (өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
31) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
32) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |