• Мое избранное
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.05.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 304 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары ;
2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi ;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидияларды (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 866 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Бюджеттік субсидиялар:
1) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – элиттұқымшар) шет елдерден нақты сатып алған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдарының шығындарын ішінара өтеуге;
2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
3) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымынан және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім екпелерінен басқа, нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге арналған. Егер тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болса және бірінші репродукциялы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу бірінші көбейтілген тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;
4) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі – элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиісті жылға арналған бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 866 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы заңнамада белгіленген тәртіппен оларды бекітілген субсидиялау көлемі шегінде басқа аудандар арасында қайта бөлуі мүмкін.
4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген шетелдік сорттардың бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі үшін төленеді.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
6. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларына әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген сорттардың элиталық тұқымының нарықтық құны бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.
8. Осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттер сорттарының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.
9. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемi үшiн бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлерге төленедi.
10. Элиттұқымшарлар және тұқым өткізушілер жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шекті бағалардан аспайтын бағалар бойынша өткізеді.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 866 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқым шаруашылығына және тұқым тұтынушысына, жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның әрбір элиталық тұқымының және көшеттердің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар үшін квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
12. Облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 30 шілдеден кеш емес мерзімде, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бюджеттік субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат береді.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 866 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Квоталардың белгіленген көлемі орындалмаған жағдайда дақылдар бөлінісінде республиканың облыстары үшін квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
13. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық бағамен сатады.
2. Ведомствоаралық комиссия құру тәртібі
14. Элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға арналған субсидиялар сомасын айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдігінің қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 866 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Бөлім осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бюджеттік субсидияларды алуға құжаттарды қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, субсидиялауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны, ВАК-тың жұмыс тәртібі туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді.
3. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарлар шығындарын ішінара және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
15. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін элиттұқымшарлар шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) элиттұқымшарлар есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын нақты сатып алу көлемі жөніндегі тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;
бірегей тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын ілеспе құжаттар;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі – тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі бойынша жиынтық тізілім жасайды және белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде элиттұқымшарларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
16. Элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.
17. Облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде элиттұқымшар ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының шет елдерден нақты сатып алынған бірегей тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
18. Облыстың жергілікті атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлеу шоттарын қоса отырып ақы төлеу шоттарының тізілімін береді.
19. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды өтеу толық көлемде ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
Бірегей тұқым өндірушілер бюджеттік субсидиялар алу үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша келтірілген шығындар нәтижелері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірмейтін мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және келтірілген шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады.
Облыстың жергілікті атқарушы органы бес жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.