• Мое избранное

Отправить по почте

Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы

Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру саласындағы», «электрондық үкімет», «электрондық үкіметтің», «ақпараттандыру объектісі», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесінен», «ақпараттық жүйелеріндегі», «ақпараттық жүйелері» деген сөздер тиісінше «цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру саласындағы», «цифрлық үкімет», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық объект», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесінен», «цифрлық жүйелеріндегі», «цифрлық жүйелері» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға көрсетілетін және оның базалық және қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көрсетілетін қызмет;
1-тармақ 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) әріптестік келісім – мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін талаптарға сәйкес келетін және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның іріктеуінен өткен кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік корпорация жасаған келісім;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4) әріптестік ұйым – осы Заңға сәйкес әріптестік келісім жасаған кәсіпкерлік субъектісі;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-5-тармақша алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «бір терезе» қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны;
2-1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
4-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше кезеңіне қатысатын және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынатын жеке және заңды тұлғалар;
1-бап 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы – Мемлекеттік корпорациямен бейнебайланыс арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған цифрлық объект;
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
5-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша сервис – көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша түрде жеке тәртіппен көрсетілетін қызмет;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-2) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.02.2025 жылғы № 164-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 22.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-2-тармақша алынып тасталды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне автоматтандырылған қол қою – цифрлық объектілер мен жүйелерден барлық қажетті деректер мен растамалар алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің қатысуынсыз мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық нәтижесіне электрондық цифрлық қолтаңбаны автоматтандырылған түрде түсіру;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін цифрландыруға және мониторингтеуге арналған цифрлық жүйе;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
10-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба – мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі процестердің, тәсілдердің өзгеруін сынамалау жөніндегі процесс;
1-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі – жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет;
13) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау – орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру, профилактикалық бақылау және оған мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.11.2015 жылғы № 417-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.11.2015 жылы № 226 (28704)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
15) мемлекеттік қызмет көрсету процесін цифрландыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі;
15-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақша алынып тасталды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
17-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-1-тармақша алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-2) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;
1-тармақ 17-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-3) стационарлық абоненттік құрылғы – сымдар арқылы берілетін электр сигналдарының немесе радиосигналдардың көмегімен абонент берген ақпаратты қашықтан беруді немесе қабылдауды қамтамасыз ететін байланыс құралы;
1-тармақ 17-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-4) техникалық іркіліс – бір немесе бірнеше пайдаланушының цифрлық жүйені пайдалану мүмкіндігінің болмауына алып келген бағдарламалық-аппараттық кешеннің немесе цифрлық жүйе құрауыштарының жеке біреуінің жоспарланбаған уақытша істен шығуы;
1-тармақ 17-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;
1-бап 17-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-6) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 17-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
18-тармақша алынып тасталды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект.
19-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы
2-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің мақсаты мен қағидаттары
3-бап өзгертілді ҚР 21.05.2024 № 86-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап өзгертілді ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңымен (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.