Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1182 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 27.08.2012 № 1087 Қаулысымен (01.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 01.09.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1182 қаулысымен бекiтiлген
Орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзу ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және орман қорының мемлекеттiк есебiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбiн регламенттейдi (бұдан әрi - Ереже).
2. Орман қорының мемлекеттiк есебi (бұдан әрi - есеп) орман қорының күзетiлуi мен қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылу мөлшерiн анықтауды, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
3. Ескерiлетiн көрсеткiштерiне қарай есепке алу жыл сайынғы және кезеңдiк есептер болып бөлiнедi, олар есептi жылдан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүргiзiледi.
4. Жыл сайынғы есептi жүргiзу кезiнде аудандар, қалалар, облыстар және республика бойынша:
1) мемлекеттiк орман қоры санаттарының бөлiнiсiнде мемлекеттiк орман қоры алқаптарының алаңдары (мемлекеттiк орман иеленушiлер бойынша);
2) жекеше орман қорының алаңдары (жекеше орман иеленушiлер бойынша) ескерiледi.
5. Кезеңдiк есеп бес жылда бiр рет жүргiзiледi.
Кезеңдiк есептi жүргiзу кезiнде жыл сайынғы есептiң деректерiне қосымша басым кездесетiн ағаш және бұта тұқымдары мен жас топтарының бөлiнiсiнде сүрек қорларының бар-жоғы, орман шаруашылығын жүргiзу және орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн бағалау үшiн қажет орман қорының қорғалу және экономикалық сипаттамалары туралы деректер ескерiледi.
6. Орман қорының алаңы 0,05 гектардан асатын (0,1 гектарға дейiн дөңгелектеп алғанда) барлық учаскелерi есепке алынуға жатады. Есеп құжаттарында мәлiметтер тұтас гектарлар күйiнде келтiрiледi.
7. Есеп жүргiзу кезiнде ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке жолмен есепке алынады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар (биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк табиғи резерваттар шекарасында орналасқан мемлекеттiк табиғи орман ескерткiштерi солардың құрамында есепке алынады.
8. Есеп құжаттамасын жүргiзу тәртiбiн, есеп көрсеткiштерiнiң тiзбесiн, тиiстi құжаттардың нысандарын, есеп материалдарын беру мерзiмiн орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) айқындайды.
9. Мемлекеттiк орман қорының құрамында есепке алынуға мыналар жатады:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда);
2) мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн берiлген табиғи және қолдан өсiрілген ормандар, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелер;
4) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жасалған енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер.
10. Жекеше орман қорының құрамында есепке алынуға мыналар жатады:
1) мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жасалған және шаруа қожалықтары мен өзге ауыл шаруашылығы ұйымдары сатып алған енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам агроорман-мелиорациялық екпелер;
2) Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде солардың қаражаты есебiнен жасалған енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер.
11. Есеп деректерi жыл сайын жаңартылып отырады. Оны жаңартуға және есеп құжаттарына өзгерiстер енгiзуге орман өсiрудi жоспарлау материалдары және орман иеленушiлер:
1) шаруашылық қызметпен қамтылған немесе табиғи факторлар салдарынан өзгерiстерге ұшыраған учаскелердi қаз-қалпында куәландыру актiлерi;
2) мемлекеттiк органдардың:
жер учаскелерiн орман қорының жерлерi және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына енгiзу;
мемлекеттiк орман қорының жерлерiн алу;
мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан басқасына ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштағы учаскелердi бөлiп алу;
орманды жерлердi орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн оларды мемлекеттiк орман қорындағы ормансыз жерлерге ауыстыру;
ормансыз жерлердi мемлекеттiк орман қорындағы орманды жерлерге ауыстыру;
мемлекеттiк орман қорының жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттар жерiне ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу жөнiндегi шешiмдерi негiзiнде орман қоры есебiнiң деректерiне жыл сайын енгiзiлiп отыратын деректер негiздеме болып табылады.
12. Есепке алуды ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып, сондай-ақ қағазға басылған күйiнде уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Автоматтандырылған ақпараттық есеп жүйелерi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер базасында құрылады, олардың жұмыс iстеу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
13. Есеп жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды:
өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман иеленушiлер бойынша облыстық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар;
уәкiлеттi органның қарауындағы мемлекеттiк орман иеленушілер;
жекеше орман иеленушiлер уәкiлеттi органның аумақтық органдарына бередi.
14. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары берiлген есеп материалдарын тексерудi жүзеге асырады, оларды өңдейдi және жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық аумақтық органдармен келiсе отырып оларды уәкiлеттi органға қарауға және бекiтуге жiбередi.
15. Уәкiлеттi орган есеп деректерiн өңдейдi және аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша жыл сайынғы және кезеңдiк есептер ретiнде бекiтiледi.
16. Есеп материалдарында дәлсіздіктер байқалған немесе олар толық көлемде берілмеген жағдайларда олар пысықтауға қайтарылады.
16-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.09.2011 № 1002 (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Есептi жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |