Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы » 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы » 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерімен бірге Сот актілерін орындау комитеті;
Toggle Dropdown
1
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері таратылсын.
Toggle Dropdown
1
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің қарауындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарауына берілсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі Батыс ішкі істер департаменті», «Көліктегі Орталық ішкі істер департаменті» және «Көліктегі Оңтүстік - Шығыс ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемелері оларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының 5-тармағында аталған мекемелерді қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп айқындалсын.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
Toggle Dropdown
1) ішкі істер аумақтық органдарының есірткі бизнесіне қарсы күресті жүзеге асыратын бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне бағыныстылығының тік жүйесін енгізуді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерімен және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерімен бірлесіп, мыналардың қызметіне байланысты функциялар мен өкілеттіктерді:
Toggle Dropdown
медициналық айықтырғыштарды - денсаулық сақтау жүйесіне;
Toggle Dropdown
кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететіндерді:
Toggle Dropdown
қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткенге дейін қоғамға қауіпті әрекет жасағандарды;
Toggle Dropdown
өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде бұдан әрі тұру мүмкіндігі болмаған жағдайларда қылмыс жасағандығы айыпталғандарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын - білім беру жүйесіне берсін.
Toggle Dropdown
3) Астана қаласының және Алматы облысының Ішкі істер департаментінде тергеу және криминалдық полиция қызметтерін пилоттық жоба ретінде біріктірсін;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаларды орындау үшін қажетті арнайы қабылдау орындарын кезең-кезеңімен беруді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
5) екі ай мерзімде мемлекеттік қорғауға жататын Қазақстан Республикасының айрықша маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінің жобасын енгізсін.
Toggle Dropdown
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық айықтырғыштардың және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының мүлкін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау және білім беру атқарушы органдарының теңгеріміне беруді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын денсаулық сақтау және білім беру атқарушы органдарының жанындағы медициналық айықтырғыштардың және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды және өкілеттіктерді іске асыру, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану және арнайы мекемелерде әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік жаза және бұл мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін тиісті ғимараттармен (үй-жайлармен) қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп қарап «Ақ-Желкен» емдеу-сауықтыру кешенін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарамағына беру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Toggle Dropdown
10. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
11. Орталық мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. Ақмола облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
2. Ақтөбе облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
3. Алматы облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
4. Атырау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
5. Шығыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
6. Жамбыл облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
7. Батыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
8. Қарағанды облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
9. Қызылорда облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
10. Қостанай облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
11. Маңғыстау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
12. Павлодар облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
13. Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
15. Астана қаласының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
16. Алматы қаласының Сот актілерін орындау департаменті.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің таратылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. Көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
2. Көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
3. Көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
4. Көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
5. Көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
6. Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
7. Көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
8. Көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
9. Көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
10. Көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
11. Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
12. Көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
13. Көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
14. Көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
15. Көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
16. Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарауына берілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
Toggle Dropdown
2. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
Toggle Dropdown
3. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.
Toggle Dropdown
4. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетіне» деген бөліммен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетіне»:
Toggle Dropdown
«218-4. СТЛ-000338 «Би-Логистик» АҚ;
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне» деген бөлім алып тасталсын;
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)».
Toggle Dropdown
2. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):
Toggle Dropdown
2-тармақтың бірінші абзацында «Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген сөздер «Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
Toggle Dropdown
2-тармақтың бірінші абзацында «Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген сөздер «Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
Toggle Dropdown
1) 6-тармақта:
Toggle Dropdown
3) тармақша алып тасталсын;
Toggle Dropdown
мынадай редакциядағы 4) тармақша:
Toggle Dropdown
«4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» алып тасталсын;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
Toggle Dropdown
1-тармақтың екінші абзацында «ведомстволары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті және» деген сөздер «ведомствосы» деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
9-тармақта:
Toggle Dropdown
1), 2) тармақшаларда «, халықтың көші-қоны», «, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
10-тармақта:
Toggle Dropdown
1) тармақшада «, халықтың көші-қоны», «,сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
34), 35), 36), 37), 38), 39), 39-1), 39-2), 39-3), 39-4), 39-5), 39-6), 39-7), 40), 41) тармақшалар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
11-тармақта:
Toggle Dropdown
3) тармақшада «халықтың көші-қоны,», «, босқындар мәселелері жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
14), 15), 17) тармақшалар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
14-тармақта:
Toggle Dropdown
1) тармақшада «, халықтың көші-қоны» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
4) тармақшада «ведомстволардың» деген сөз «ведомствоның» деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
Toggle Dropdown
6) тармақшада «ведомстволар басшыларының» деген сөздер «ведомство басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
16-тармақта:
Toggle Dropdown
4) тармақша «шегінде Министрліктің» деген сөздерден кейін «, ведомствоның» деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
9) тармақшада «ведомстволардың басшылары», «ведомстволар басшыларының» деген сөздер тиісінше «ведомство басшысы», «ведомство басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алып тасталсын.
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
Toggle Dropdown
1-тармақтың бірінші абзацы «қамтамасыз етуді жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
14-тармақ мынадай мазмұндағы қырық екінші және қырық үшінші абзацтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«заңнамаға сәйкес атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;».
Toggle Dropdown
1
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысында:
Toggle Dropdown
1-тармақтың екінші абзацы «және Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының, азаматтар мен заңды тұлғалардың қолдаухаттары бойынша соттардың шешімдерін және өзге ресми құжаттарын орындауға байланысты тапсырмалары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
жетінші абзац алып тасталсын.
Toggle Dropdown
9. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 25, 311-құжат):
Toggle Dropdown
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Toggle Dropdown
1-тармақтың екінші абзацы «Әкімшілік полиция комитеті» деген сөздерден кейін «, Көші-қон полициясы комитеті» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
2-тармақ «қорғау» деген сөзден кейін «, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері бойынша мемлекеттік басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
12-тармақта:
Toggle Dropdown
1) тармақшаның жиырма екінші абзацында «, оларды мемлекеттік техникалық қарауды» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
2) тармақшада:
Toggle Dropdown
екінші абзац «күзет қызметін» деген сөздердің алдынан «аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
жиырма бесінші абзацта «, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстауды» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
қырық екінші және жетпіс бірінші абзацтар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
жетпіс сегізінші абзацта «жүргізілуін» деген сөз «уақтылы өткізілуін» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің, квоталарды өңірлер арасында бөлуді алдын ала келісуді;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға Үкімет белгілеген шекте және тәртіппен рұқсат беруді;
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, шетел азаматтарының келуін, болуын және кетуін бақылау жөніндегі «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіруді;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін талдауды және болжауды;
Toggle Dropdown
халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлеуді;
Toggle Dropdown
халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді;
Toggle Dropdown
халықтың көші-қоны және босқындар мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
Toggle Dropdown
оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
Toggle Dropdown
оралман мәртебесін беру тәртібін анықтауды;
Toggle Dropdown
босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау, баспана іздеген адам куәлігінің үлгілерін және баспана іздеген адамды және босқынды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жіберу тәртібін бекітуді;
Toggle Dropdown
өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдемдесуді;
Toggle Dropdown
баспана іздеген адамға куәлік беруді;
Toggle Dropdown
босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімін жүзеге асыруды;
Toggle Dropdown
босқын куәлігінің және жол жүру құжатының үлгілерін бекітуді және оларды беруді жүзеге асыруды;
Toggle Dropdown
пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімін қалыптастыруды және ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберуді;
Toggle Dropdown
босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеуді және бекітуді, сондай-ақ аталған комиссияны құруды;
Toggle Dropdown
оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындауды;
Toggle Dropdown
оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімделу қызметтерін көрсетудің тәртібін, уақытын айқындауды;
Toggle Dropdown
халықтың көші-қоны туралы және босқындар мәселелері жөніндегі заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды;
Toggle Dropdown
көші-қон мәселелері жөніндегі бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;
Toggle Dropdown
келген оралмандар мен босқындарды тіркеуді және есепке алуды;
Toggle Dropdown
аумақтық органдардың босқын мәртебесін беруден бас тартуы туралы шағымдар жөніндегі шешімдер қабылдауды және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді.»;
Toggle Dropdown
19-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«11-1) халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша саясатты қалыптастырады;».
Toggle Dropdown
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 10-жолда «Академиясы» деген сөз «Алматы академиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 11-жолда «заң институты» деген сөздер «академиясы» деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірлері 17, 18 және 19-жолдар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
реттік нөмірлері 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242 және 243-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«219. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
220. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
221. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Атырау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
222. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қандыағаш станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
223. Қазақстан Республикасы Ішкі істер-министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қызылорда станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
224. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер "департаментінің Орал станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
225. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
226. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
227. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қарағанды - Сұрыптау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
228. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Көкшетау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
229. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қостанай станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
230. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Павлодар станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
231. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Петропавл станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
232. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
233. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
234. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Арыс станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
235. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Достық станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
236. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
237. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Защита станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
238. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Луговая станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
239. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Семей станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
240. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Түркістан станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
241. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Үштөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
242. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шу станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
Toggle Dropdown
243. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.».
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 277-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«277. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті.».
Toggle Dropdown
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
Toggle Dropdown
3-бағанда:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 2-жолдарда:
Toggle Dropdown
«112763» деген сандар «112059» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«46544» деген сандар «45779» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2818» деген сандар «2753» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2764» деген сандар «2709» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2394» деген сандар «2359» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«4593» деген сандар «4522» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2892» деген сандар «2866» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«1929» деген сандар «1880» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«4500» деген.сандар «4428» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2252» деген сандар «2238» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2013» деген сандар «1966» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«5083» деген сандар «4983» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«1781» деген сандар «1749» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2816» деген сандар «2777» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«1928» деген сандар «1888» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2434» деген сандар «2383» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«2166» деген сандар «2130» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«4181» деген сандар «4148» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер» деген жолда, оның ішінде: 46400» деген жолда «46400» деген сандар «46436» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы 789» деген жолда «академиясы» деген сөз «Алматы академиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«Қарағанды заң институты 501» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 501»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары 36»;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 7-жолда:
Toggle Dropdown
2-бағанда «және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді» және «, оның ішінде:» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
3-бағанда «1607» деген сандар «1496» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары 36»;
Toggle Dropdown
3-бағанда:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 8-жолда «1483» деген сандар «1532» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 11-жолдың «22646» деген сандар «24743» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 12-жолдың «2564» деген сандар «2565» деген сандармен ауыстырылсын.
Toggle Dropdown
1
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
14. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
15. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
16. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 15-16, 133-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
Toggle Dropdown
«Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал тәуекелдер» деген 4-бөлімде:
Toggle Dropdown
төртінші абзацтағы «және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген сөздер алып тасталсын.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі