• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына беру және қайта атау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына беру және қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1487 Қаулысы

Редакция 08.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
3. Мекеменің қызметінің негізгі мәні топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізу жөніндегі топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметіне орталықтандырылған ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, топырақ құнарлылығына мониторинг жүргізу болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен; (30.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 
"Мемлекеттік мекемелер" деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 87-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағанында:
"13135" деген сандар "12985" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:" деген жолда:
"5119" деген сандар "4969" деген сандармен ауыстырылсын;
"Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" 150" деген жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 20-жолда:
2-бағанда "ескере отырып" деген сөздер "және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда "247" деген сандар "397" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" 150".
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен. (30.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 қыркүйектегі
 N 1487 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 14 қаңтардағы
 N 14 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің өңіраралық жер инспекцияларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
6. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 қыркүйектегі
 N 1487 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 14 қаңтардағы
 N 14 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі.
2. "Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжер ҒӨО)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АЭІМИ)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. "Батысгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Қазгеокарт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Астанатопография" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Орталықмаркшейдерия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Солтүстікгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Шығысгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. "Оңтүстікгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.