Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 978 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 10.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 179-құжат);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат);
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 209-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 978 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) тізілім - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі;
Toggle Dropdown
2) өндіруші - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін және (немесе) жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
Toggle Dropdown
3. Тізілімді индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады және жүргізеді.
Toggle Dropdown
2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
4. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің қалыптастырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу деп:
Toggle Dropdown
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
Toggle Dropdown
2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілер тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;
Toggle Dropdown
3) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде тізілімді жаңарту;
Toggle Dropdown
4) тізілімді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне орналастыру түсініледі.
Toggle Dropdown
6. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізбесін осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған қағаз тасығышта тоқсан сайын уәкілетті органға ұсынады.
Toggle Dropdown
7. Уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.
Toggle Dropdown
8. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бірлесіп бекітілген нысан мен мерзім бойынша өз қызметін көмірсутек шикізатын барлау және (немесе) табуға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламалары бойынша жалпы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.
Toggle Dropdown
9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші ерікті негізде:
Toggle Dropdown
1) тіркеу сауалнамасын толтыру жолымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
Toggle Dropdown
2) қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған тіркеу сауалнамасын, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы немесе кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады. Резидент еместер сауда тізілімінен ресмиленген көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа ресмиленген, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжатты ұсынады.
Toggle Dropdown
3) осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының атын және құпия сөзін қолдана отырып ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Toggle Dropdown
10. Уәкілетті орган:
Toggle Dropdown
1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 9-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің осы Қағиданың 11-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы пайдаланушының атын және құпия сөзін өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді;
Toggle Dropdown
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді өндіруші енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің осы Қағиданың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді;
Toggle Dropdown
3) ол осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда, өндірушіні «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тізілімге енгізеді.
Toggle Dropdown
11. Мыналар тізілімге енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушіні бағалау өлшемдері болып табылады:
Toggle Dropdown
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
Toggle Dropdown
2) осы Қағиданың 9-тармағы 3) тармақшасына сәйкес өндіруші көрсеткен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларында болуы.
Toggle Dropdown
12. Тізілімді жаңарту өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілері тізілімнен шығарылған кезде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Уәкілетті орган өндірушіні мынадай жағдайларда тізілімнен шығаруды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) өндіруші жабылғанда;
Toggle Dropdown
2) өндірушінің бастамасы бойынша;
Toggle Dropdown
3) осы Қағиданың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген сәйкес келмейтін өндіруші өлшеміне алып келетін, өндірушілермен, жер қойнауын пайдаланушылармен ұсынылған мәліметтері өзгергенде.
Toggle Dropdown
14. Осы Қағиданың 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің бастамашылығымен тізілімнен алып тастау үшін, ол уәкілетті органға оны тізілімнен алып тастау туралы өтініш ұсынады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін және (немесе) осы Қағиданың 13-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген оқиға болған жағдайда үш жұмыс күн аралығында «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйе құралымен тізілімнен алып тастайды.
Toggle Dropdown
15. Тізілімді орналастыру «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы
тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса
алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу қағидасына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Облыстар аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана) өндірілетін және оларды өндірушілердің тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Toggle Dropdown
1. | Өндірушінің атауы | |
2. | Облыс | |
3. | Қала (елді мекен) | |
4. | Көше, үй, кеңсе | |
5. | Телефон | |
6. | Электрондық мекенжайы | |
7. | Интернет-ресурс | |
8. | Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы | |
Toggle Dropdown
____________________________________ ______________ (Бірінші басшының немесе оны (қолы) алмастыратын адамның аты-жөні)
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы
тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса
алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу қағидасына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі
Toggle Dropdown
Р/с № | ӨСК 1 бойынша тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің атауы және коды | Тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің қосымша сипаттамасы | Өндірушінің атауы |
| | | |
Toggle Dropdown
________________________________________________________
Toggle Dropdown
1 Қазақстан Республикасы өнімінің статистикалық жіктеуіші