• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 465 Қаулысы.

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
«Медетші қор» акционерлік қоғамының атауы өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 сәуірдегі
 № 465 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде:
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде:
3. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
Маржан Бопайқызы             президенті»       деген жолдағы «Медетші қор» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Отель Астана» Қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны» ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 923 қаулысында:
бірінші абзацтағы «Медетші қор» жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - «Медетші қор» ЖАҚ)» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ)» деген сөздермен ауыстырылсын; 
сегізінші абзацтағы «Медетші қор» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті тартқан мемлекет кепілдік берген заемдарға қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 969 қаулысында:
бірінші абзацтағы «Медетші қор» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Медетші қор» ЖАҚ)» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ)» деген сөздермен ауыстырылсын; 
төртінші абзацтағы «Медетші қор» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Эксимбанкі» ашық акционерлік қоғамының және «Медетші қор» жабық акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1267 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 522-құжат):
тақырыбындағы «Медетші қор» жабық акционерлік қоғамы» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша «Қордың», «Қор», «Қорға», «Қормен» деген сөздер «Компанияның», «Компания», «Компанияға», «Компаниямен» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалардағы «Қорға» деген сөз «Компанияға» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. «Медетші қор» акционерлік қоғамынын кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1316 қаулысында:
тақырыбындағы «Медетші қор» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Медетші қор» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор)» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Компания)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3-тармақтардағы «Қормен», «Қорға» деген сөздер «Компаниямен», «Компанияға» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарызы шеңберінде «Қарлығаш» шаруа қожалығына берілген кредит бойынша борышты аудару туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 ақпандағы № 128 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 59-құжат):
2-тармақтағы «Медетші қор» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (14.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
10. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Медетші қор» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 жылғы № 340 Қаулысымен (29.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12. «Медетші қор» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2278 қаулысында:
тақырыбындағы «Медетші қор» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Медетші қор» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - Қор)» деген сөздер «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
1
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.06.2014 жылғы № 658 Қаулысымен (19.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)