Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 09.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 07.02.2014 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.06.2013 жылғы № 591 Қаулысымен (16.10.2012 ж. редакцияныз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.06.2013 жылғы № 591 Қаулысымен (16.10.2012 ж. редакцияныз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.06.2013 жылғы № 591 Қаулысымен (16.10.2012 ж. редакцияныз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.06.2013 жылғы № 591 Қаулысымен (16.10.2012 ж. редакцияныз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Жол органдары келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
Жол полициясының бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2, 23-3 және 23-4 тармақтармен толықтырылсын:
«23-1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында темір жол өткелдерін орнатуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға және 2,5 км аз қашықтықта көпірлерден жоғары немесе төмен мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшін өзен мен суағар арналарын тереңдетуге жол органдарының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) жұмыс жобасын ұсынады.
23-2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердің еңістігі бойынша жолдан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға, жөндеуге жол органдарының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) гидротехникалық құрылыстардың автомобиль жолдарынан арақашықтығымен жұмыс жобасын ұсынады.
23-3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан түсетін жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға жол органдарының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) жұмыс жобасын;
4) автомобиль жолдарының атауын және мекенжайларын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарға жанасу, қиылысу схемасын;
5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасуға және қиылысуға арналған белгілерді орнатудың және жұмыс жүргізілетін жерлерді қоршаудың схемасын ұсынады.
23-4. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргізудің түрлерін;
3) жұмыс жобасын;
4) автомобиль жолдарының атаулары мен мекенжайлары көрсетілген халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдарды көтерудің және төмендетудің немесе қосымша жол төсеудің схемасын;
5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдарды көтеру және төмендету немесе қосымша жол төсеу белгілерін орналастыру және жұмыс жүргізілетін жерлерді қоршау схемасын ұсынады.
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру тәртібінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі жер учаскелерін жолдың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы уақытша қысқа мерзімді жер пайдалануға беруі мүмкін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жол органдарына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігінде болатын жергілікті атқарушы органдарға орналастыру орнын, өз деректемелерін көрсете отырып, объектіні орналастыруды ресімдеу туралы өтініш береді. Өтінішке объектінің түстік шешімдері мен өлшемдері бар эскиз қоса беріледі.
Жол органдары немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын анықтайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Паспортты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жол органы немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган береді және бес жұмыс күн ішінде жол полициясы бөлімшелерімен келісіледі.
Паспорт бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |