Toggle Dropdown
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысы
Редакция 17.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
14) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
17) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
21) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
22) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
23) «Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызметті Әкімшілік орган көрсетеді.
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті);
2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитеті) болып табылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» (бұдан әрі – Конвенция) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңының;
2) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай-ақ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіндегі және Балық шаруашылығы комитетіндегі стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.
5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – бес жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде рұқсат берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда рұқсат берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.