• Мое избранное
"Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.04.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.07.2013 жылғы № 722 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 31.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 16.04.2014 жылғы № 358 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
14) «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (12.07.2013 ж. редакцияны караңыз)  (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 15-16, 132-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 481-құжат);
3) «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 94-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 1392 қаулысымен
бекітілген
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.07.2013 жылғы № 722 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары (бұдан әрі – Кадастрды жүргізетін кәсіпорын) тарапынан және мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23 және 43-баптарының негізінде көрсетіледі.
1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;
3) Кадастрды жүргізетін кәсіпорындардың ғимараттарындағы стенділерінде;
4) Кадастрды жүргізетін кәсіпорынның www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;
5) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
6) орталықтың стенділерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні немесе жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі көрсетілген бас тарту туралы дәлелді жазбаша түрдегі жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Кадастрды жүргізетін кәсіпорынға жүгіну сәтінен бастап:
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күні;
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күні;
мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
2) орталыққа өтініш берген сәттен бастап:
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күні;
жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күні;