• Мое избранное
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі – ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі:
1) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі.
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады;
2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық жалақыларын (бұдан әрі – ЛЖ) есептеуге арналған базалық лауазымдық жалақыға (бұдан әрі – БЛЖ) қолданылатын коэффициенттер;
3) жұмысшылардың ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛЖ-ға қолданылатын коэффициенттер;
4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақы және өтемақылар;
5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шетел валютасындағы ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелер) схемалары негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды.
Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.
2. Қоса беріліп отырған:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.01.2013 жылғы № 45 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1) азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;
2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша ЛЖ есептеуге арналған коэффициенттер;
3) жұмысшылардың ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;
4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;
5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;
6) ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
3. Мыналар:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.01.2013 жылғы № 45 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры ЛЖ-дан (тарифтік мөлшерлемеден), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры шетел валютасындағы ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме) негізге алына отырып айқындалады;
2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛЖ-сы (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛЖ-ны (тарифтік мөлшерлемені) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген БЛЖ мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;
педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады;
заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛЖ ЛЖ-ның белгіленген мөлшеріне жоғарылататын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады;
3) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.
4. Мыналар:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1209 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға  сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалады; 
2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады; 
3) ұйымдар қызметкерлерінің ЛЖ-сын (тарифтік мөлшерлемесін) айқындау мақсатында орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мамандығы бойынша жұмыс өтілін (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4) медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді; 
4-1) жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;
4-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.05.2014 жылғы № 598 Қаулысына сәйкес
5) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған қызметкерлерге жалақысындағы, сауықтыруға арналған жәрдемақысындағы айырма 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақысы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақысынан және сауықтыруға арналған жәрдемақысынан төмен болып шыққан жағдайларда төленеді;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітеді;
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын азаматтық қызметшілер лауазымдары тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді.
4-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді деп белгіленсін.
5. Мемлекеттік басқару органдарына: 
1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1553 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту құқығы берілсін.
6. Ұйымдардың басшыларына: 
1) мемлекеттік басқару органымен келісу бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдардың атауларына қызмет ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдануға, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіруге;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1553 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
7. "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 74 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
кіріспедегі "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын" деген сөздер "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200  жылғы "   "   N қаулысын" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Осы қаулыға 29-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1400 қаулысымен
 бекітілген
Азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы
Сыныптама өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2011 жылғы № 976 Қаулысымен (02.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)  
Сыныптама өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1209 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Сыныптама өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1553 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Сыныптама өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1427 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2015 жылы 8 (28486) Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Сыныптама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2015 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Звено Саты Лауазымдардың атаулары
А блогы (басқарушы персонал)
А1 1 Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшылары
1-1 Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшыларының орынбасарлары
2 Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшылары
2-1 Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшыларының орынбасарлары
3 Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшылары
3-1 Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшыларының орынбасарлары
4 Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшылары
А2 1 Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
1-1 Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
2 Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
2-1 Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
3 Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
3-1 Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
4 Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
А3 1 Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары
1-1 Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
2 Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары
2-1 Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
3 Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары
3-1 Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
4 Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары
В блогы (негізгі персонал)
В1 1 Бас ғылыми қызметкер, профессор
2 Жетекші ғылыми қызметкер, доцент
Бас сарапшы
3 Аға ғылыми қызметкер
Жетекші сарапшы
Ғылыми-практикалық орталықтың аға әдіскері
4 Ғылыми қызметкер
Аға сарапшы
Ғылыми-практикалық орталықтың әдіскері
Жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқытушысы
5 Кіші ғылыми қызметкер
Жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының әдіскері
Ассистент
Сарапшы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының аға шебері
«Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салаларында
В2 1 Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)
2 Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)
3 Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)
4 Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)
В3 1 Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)
2 Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)
3 Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)
4 Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)
В4 1 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары
2 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары
3 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары
4 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары
өзге де салаларда
В2 1 Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары
2 Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары
3 Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары
4 Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары
В3 1 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары
2 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары
3 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары
4 Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары
С блогы (әкімшілік персонал)
С1
 
ММ және МҚК шаруашылық бөлімшелерінің меңгерушілері және оларға теңестірілген өзге де жеке лауазымдар
С2
 
Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар
С3
 
1) Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар;
2) ММ және МҚК шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы
D блогы (қосалқы персонал)
D   Техникалық орындаушылар