Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 800 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарына арналған ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыру, iргелi ғылымды басқаруды жетiлдiру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде оның үлесiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты", "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты", "Физикалық-техникалық институт", "Металлургия және кен байыту институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты", "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты", "География институты", "Сейсмология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
4. Кәсiпорынға қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 700 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
Toggle Dropdown
реттiк нөмiрлерi 1, 5-жолдар алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"2. Математика, информатика және механика институты";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"17. Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы".
Toggle Dropdown
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 23 тамыздағы
N 800 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi
Toggle Dropdown
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. "Физикалық-техникалық институты" Алматы қаласы
Toggle Dropdown
4. "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология Алматы қаласы және гидрофизика институты"
Toggle Dropdown
5. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары Алматы қаласы институты"
Toggle Dropdown
6. "География институты" Алматы қаласы
Toggle Dropdown
7. "Сейсмология институты" Алматы қаласы