• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 541 Қаулысы

Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесi жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негізгi мәнi ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн білім беру кредиттері бойынша кепiлдіктер беру болып белгіленсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен. (01.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен республикалық бюджет қаражатының есебiнен Қоғамның жарғылық капиталын 600000000 (алты жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекітудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi; 
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне берудi; 
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-64-жолмен толықтырылсын: 
"21-64. "Қаржы орталығы" АҚ"; 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-31-жолмен толықтырылсын: 
"222-31. "Қаржы орталығы" АҚ"; 
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (25.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі