• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 62

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 Қаулысы

Редакция 02.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжe; 
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1802 Қаулысымен (06.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1802 Қаулысымен (06.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 жылғы № 300 Қаулысымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
  • 1
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысымен (27.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
4. Қоса беріліп отырған: 
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 жылғы № 300 Қаулысымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 жылғы № 300 Қаулысымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.08.2011 жылғы № 900 Қаулысымен (27.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 жылғы № 300 Қаулысымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4-1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1802 Қаулысымен (06.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1802 Қаулысымен (06.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 жылғы № 300 Қаулысымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2008 жылғы № 300 Қаулысымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс);
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2011 жылғы № 900 Қаулысымен (27.07.2011 ж. редакцияны қараңыз); 
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 34 Қаулысымен (01.11.2011 ж. редакцияны қараңыз);  
7-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1802 Қаулысымен (06.11.2012 ж. редакцияны қараңыз).
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2008 жылғы № 300 Қаулысымен (10.01.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
  • 1
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  • 1
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 140-3), 140-4), 140-5), 140-6), 140-7), 140-8) және 140-9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • 26
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекітiлген
  • 14
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1802 Қаулысымен (06.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1185 Қаулысымен (03.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.09.2013 жылғы № 917 Қаулысымен (04.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2013 жылғы № 84 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2014 жылғы № 1384 Қаулысымен (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (26.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1009 Қаулысымен (11.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Қаулының 5-тармағынан қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1403 Қаулысымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2015 жылғы № 346 Қаулысымен  
Ереже өзгертілдіҚР Үкіметінің 17.04.2020 жылғы № 219 Қаулысымен   (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысымен  
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2016 жылғы № 122 Қаулысымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.01.2016 жылғы № 39 Қаулысымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.02.2017 жылғы № 34 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысымен (03.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.10.2018 жылғы № 695 Қаулысымен (17.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2018 жылғы № 454 Қаулысымен (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.06.2018 жылғы № 399 Қаулысымен (08.06.2017 ж. редкацияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2018 жылғы № 655 Қаулысымен
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2018 жылғы № 533 Қаулысымен (23.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.07.2018 жылғы № 425 Қаулысымен (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2019 жылғы № 608 Қаулысымен (26.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1048 Қаулысымен (19.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.04.2019 жылдан бастап осы Қаулының 7-тармағына сәйкес)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.07.2019 жылғы № 534 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2019 жылдан бастап)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2019 жылғы № 149 Қаулысымен (19.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2021 жылғы № 511 Қаулысымен (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (17.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.05.2021 жылғы № 319 Қаулысымен
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.06.2022 жылғы № 417 Қаулысымен (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы  № 834 Қаулысымен (23.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы  № 835 Қаулысына сәйкес
  • 1
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады:
1) заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру;
2) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру;
3) сот-сараптама қызметі;
4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
5) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат;
6) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.
1-1. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 15.07.2024 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес (өзгерту 15.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ тілінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.
9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері