Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016 г.
Документ на казахском языке
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 23.06.2015 жылғы № 379 Бұйрығын қараңыз
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1301 қаулысымен
бекітілген
Құжат мәтініндегі «нысан бойынша», «нысандар бойынша» сөздері алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысы бойынша (24.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» сөздері «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 жылғы № 2305 Қаулысы бойынша (20.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі
Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Кіші бөлім және 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысымен (24.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту
7. Осы Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
Кіші бөлім 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2012 жылғы № 573 Қаулысымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2013 жылғы № 641 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 153-бабының 7-тармағын орындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.
8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2012 жылғы № 573 Қаулысымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2012 жылғы № 573 Қаулысымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.05.2012 жылғы № 573 Қаулысымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-1. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Кіші бөлім 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды екі кезеңді рәсімді пайдаланып, конкурс тәсілімен өткізген жағдайда ғана бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдай алады.
2. Жалпы ережелер
12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.
13. Егер тапсырыс беруші өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс беруші өзінің бұйрығымен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты етіп анықтайды.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысымен (24.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауап етіп айқындайды.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста білдіретін лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталады.
14. Тапсырыс беруші тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, алдағы мемлекеттік сатып алуларда оның мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын анықтайды.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысымен (24.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысымен (24.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2012 жылғы № 573 Қаулысымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оған қатысты ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
16. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеуге құқылы;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде жол беріледі.
17. Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ұйымдастырушыны не осы Ереженің 16-тармағының3) және 4) тармақшаларында айқындалған бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған жағдайда, тапсырыс берушілер ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажет ақпаратты, оның ішінде:
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзінді көшірмені;
2) тапсырыс берушінің басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған және әр бетін дәйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелігін;
3) конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны);
Комментарий успешно добавлен