• Мое избранное
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009 жылғы № 1272 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Тақырып өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 02.04.2014 жылғы № 308 Қаулысымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылы № 67 (28291) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 617 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.04.2015 жылғы № 236 Бұйрығын қараңыз
Редакция 26.01.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009. № 1272 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„  Республикалық газетінде жарияланды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 02.04.2014 жылғы № 308 Қаулысымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылы № 67 (28291) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру және есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 28, 364-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат).
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1307 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009. № 1272 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„  Республикалық газетінде жарияланды.
Қағида өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 02.04.2014 жылғы № 308 Қаулысымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылы № 67 (28291) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияландыа
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) асыраушы – өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам;
2) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Заңда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
3) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
4) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – әлеуметтік қатер басталғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
5) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
6) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – орталық) – өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;
8) әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу (айқындау) – орталықтың және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысын негізге ала отырып, Заңның 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен әлеуметтік қатердің түріне қарай әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру тәртібі;
9) орталықтың бөлімшелері – орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;
10) орталықтың филиалдары – орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдары;
11) электрондық іс макеті – ақпарат орталық бөлімшелері мен филиалдарының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық шешім жобасы бар электрондық цифрлық нысанда берілген, әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті электрондық құжаттардың және сканерленген көшірмелердің топтамасы;
12) электрондық шешім жобасы – электрондық құжаттардың топтамасы мен алушының мәліметтері негізінде әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органының қарауы және бекітуі/бекітуден бас тартуы үшін дайындалған электрондық құжат;
13) электрондық цифрлық қолтаңба – (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
14) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi – жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
15) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы (бұдан әрі – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы) – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
16) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілі – әлеуметтік аударымдар түскен айлардың жалпы саны;
17) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда әлеуметтік төлемдер түрлерін жүзеге асыруға арналған орталықтың орталықтандырылған дерекқоры.
2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) тәртібі 
3. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік төлемге құқығы туындаған күнге дейінгі орташа айлық табысын және тиісті коэффициенттерді негізге ала отырып жүргізіледі.
4. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ОАТ = ∑(АТ1  + АТ2  + АТ3 ...... + АТ24 ) / 24 мұндағы:
ОАТ – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
АТ – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ОАТәтжб = ∑(АТ1  + АТ2  +АТ3 ...... + АТ24 ) / 12 мұндағы:
ОАТәтжб – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;
АТ – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.
Ай сайынғы табысы төлеушіден көрсетілген айда келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы айда қолданылған әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу және алынған нәтижені жүзге көбейту жолымен мына формула бойынша есептеледі:
АТ = ӘА а / S әа х 100, мұндағы:
ӘА а – бір айдағы әлеуметтік аударымдар;
S әа – әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі.
5. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
ӘТеа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х ЕАК мұндағы:
ӘТеа – еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
ОАТ – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысының орташа айлық табысы;
ЕТЖ – әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақы;