Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 628 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 58 қаулысымен (30.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Редакция 29.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
2003 жылғы 12 маусымдағы және "Лицензиялау туралы "
2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 58 қаулысымен (30.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы»"15," деген сандар алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 618 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24,
301-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»25»шілдедегі N 628 қаулысымен бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.12.2011 № 1613 Қаулысымен (25.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»25 шілдедегі N 628 қаулысымен бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді:
1) "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 7-бабының
2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспортының;
2) техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жабдықтардың және өлшем құралдарының;
4) темекі өнімдерін өндіруді технологиялық бақылау жөніндегі зертхананың;
5) темекі өнімдерін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау шарттары нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайлардың;
6) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімдер тізбесінің;
7) темекі өнімдерін өндіру үшін қажетті меншік құқығында немесе өзге де құқықтарда өтініш берушіге тиесілі өндіруге және сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайлардың;
8) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы киімдердің және басқа да қорғаныш құралдардың.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |