• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.10.2013 г

Отправить по почте

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.10.2013 жылғы № 1042 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 30.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi; 
2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 4 шілдедегі
 N 661 қаулысымен
 бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесі
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi белгiленген кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде сақтандыру ұйымына аудару жолымен немесе зейнетақы жинақтарын алу жолымен жүзеге асырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндетті зейнетақы жарналарының есебiнен кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында, 22-бабының 3-2-тармағында,  23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде жүзеге асырылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2005. № 580, 28 (04.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi).01.2009. № 72 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн Заңның 23-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында, 23-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдарға алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде зейнетақы жинақтарын аудару жолымен жүзеге асырады. 
Зейнетақы аннуитетiнiң шарты болмаған жағдайда көрсетiлген адамдар Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2005. № 580 қаулысымен (04.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын алуды: 
1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар; 
2) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен адамдар жүзеге асырады.
5. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар: 
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi; 
2) паспортының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін, ішкі істер органдарының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ресімделген, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатымен және көз жеткізу үшін түпнұсқасын; 
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.01.2009. № 72 Қаулыларымен (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
6. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
6-тармақ өзгертілді ҚР 30.05.2013 жылғы № 551 қаулысымен ( 14.09.2012 ж. редакциясын қараңыз)
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi; 
2) почта байланысы құралдары немесе сенiмдi адам арқылы жiберген кезде: 
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзiлсе) және заңдастырылған көшiрмесiн; 
алушы өзi өтiнiш берген кезде: 
паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң көшiрмесiн және паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң түпнұсқасын көру үшiн; 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшi-қон карточкаларын беру жүргiзiлмейтiн адамдарды қоспағанда, көшi-қон карточкасының көшiрмесi және көшi-қон карточкасының түпнұсқасын көру үшін; 
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады. 
Зейнетақы жинақтарын алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісіне күдік туындаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы алушыны хабардар ете отырып, тиісті ұйымдарға сұрау жібереді. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мерзімі тиісті ұйымнан жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736, 28.01.2009. № 72 Қаулыларымен (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
7. Epікті кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары: 
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті; 
2) визалық мөрмен немесе облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен куәландырылған, белгіленген үлгідегі мөртабаны бар (кету күнi мен тұратын мемлекет көрсетілген) төлқұжатының көшiрмесiн және көз жеткізу үшін төлқұжаттың түпнұсқасын; 
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
8. Ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары: 
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтінішті; 
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған төлқұжаттың және кету фактісін растайтын құжаттың көшiрмесiн; 
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2005. № 1059 қаулысымен (11.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
9. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен алушы осы Ереженiң 5-3-тармақтарына сәйкес кәмелетке толмаған адам болса, ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаныштары): 
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi; 
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адамның нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн; 
3) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адам туралы мәлiметтер бар құжаттардың нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған көшiрмелерiн; 
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2005. № 1059 қаулысымен (11.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
10. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар: 
1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн: 
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш; 
қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 
2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін: 
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш; 
мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 
мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұра мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1397 Қаулысымен (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
11. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті почта байланысы құралдары арқылы жіберген кезде осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалды куәландырылады (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген кезде).
11-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1397 (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
11-1. Сенім білдірілген адам зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берген жағдайда, сенім білдірілген адам осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына: 
1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін оның түпнұсқасын; 
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылған болса) ұсынады. 
Сенім білдірілген адамның салымшының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтінішін беруі сенім білдірілген адам жеке өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.
11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1397 Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
12. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн осы Ережеде көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он бес күн iшiнде жүзеге асырады.
13. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін деректемелері төлемдерді тағайындауға арналған өтініште көрсетілетін алушының банк шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банктік қызметтер көрсетуге ақы төлеу оларды айырбастау сомаларын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.01.2009. № 72 Қаулысымен (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
13-тармақ өзгертілді ҚР 30.05.2013 жылғы № 551 қаулысымен ( 14.09.2012 ж. редакциясын қараңыз)
2-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде төлеудi жүзеге асырудың тәртiбi
14. Кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушы жинақтаушы зейнетақы қорына: 
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті; 
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін түпнұсқаны; 
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты; 
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) төлемдер тағайындау негіздемесі көрсетілген зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесін және шолу үшін түпнұсқасын ұсынады. 
Зейнетақы жинақтарын алушы 58 жасқа толған әйелдер мен 63 жасқа толған еркектер болып табылған жағдайда, Орталықтан зейнетақы куәлігі ұсынылмайды. 
Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін почта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген адам арқылы жүзеге асыруға өтініш берілген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады. 
Алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірілген адам арқылы жіберген жағдайда, сенім білдірілген адам сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен шолу үшін соңғысының түпнұсқасын ұсынады.
14-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1397 (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
14-1. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі. 
Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі. 
 14-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.01.2009. № 72 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
15.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.10.2005. № 1059 қаулысымен (11.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
16. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшері және мерзімділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімімен белгіленеді.
16-тармақ өзгертілді ҚР 30.05.2013 жылғы № 551 қаулысымен ( 14.09.2012 ж. редакциясын қараңыз)
17. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiнiң кестесiн қамтитын және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келiсiмдi әзiрлейдi және алушының қарауына ұсынады.
18. Жинақтаушы зейнетақы қорлары жыл сайын алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде қосымша келiсiм мен зейнетақы төлемдерінің кестесiне өзгерiстер енгiзе отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінiң жылдық мөлшерiне қайта есептеу жүргізеді.
18-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.10.2005. № 1059 қаулысымен.(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
19. Зейнетақы төлемдерін алушыны кесте бойынша басқа зейнетақы қорына аударған жағдайда, зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асырған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерінің мерзімділігі мен сомаларын көрсете отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы жөнінде мәліметтер беруге тиіс.
19-тармақ толықтырылды ҚР 30.05.2013 жылғы № 551 қаулысымен ( 14.09.2012 ж. редакциясын қараңыз)
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан
 мiндетті зейнетақы жарналарының,
 epікті кәсiптік зейнетақы
 жарналарының есебiнен қалыптасқан
 зейнетақы жинақтарынан төленетін
 зейнетақы төлемдерін жүзеге
 асыру ережесіне
 қосымша
қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2005 № 580, 29 (04.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(01.01.2005 бастап қолданысқа енгізiледi).12.2007 № 1397 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізiледi), 28.01.2009 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 30.04.2007 № 352, 09.06.2011 № 648, 14.09.2012 № 1196 Қаулыларымен.(13.08.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
Назар аударыңыз! Өтiнiш баспа әрiптерiмен айқын толтырылады 
                                     Кiмге:________________________                                                 (Қордың атауы)
Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы Өтініш
Мен,______________________________________________________________   тегi______________________________________________________________   аты_______________________________________________________________   әкесiнiң аты______________________________________________________ 
                 Жылы Айы Күнi 
 Туған күнi________________________________________________________ 
 Құжаттың түрi:_______ Жеке басының куәлiгi_______ Төлқұжаты_______ 
                                        Жылы Айы Күнi 
 Сериясы_____________  Нөмірі_______________ ______________________   _________________________________________________________ берілдi                               (кім берді)
ЖСН ______________________________________________________________
 Жеке зейнетақы шоты_______________________________________________
__ Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес еркектер - 63 жасқа, әйелдер - 58 жасқа толуына; 
 __ Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес төтенше және жоғары радиациялық қатер аймағында тұруына; 
 __ Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуiне; 
-- Кеден органдарын қоспағанда, орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша зейнетақы төлемiне құқығы бар адамдарға кеден органдарын қоспағанда, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған кезде толық көлемде зейнетақы төлемдерi тағайындалуына;
 __ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне; 
 __ егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiлене отырып;      
 __ алушының қайтыс болуына (мұрагерлерiне); 
 __ алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты 
 200___ жылғы "___"________ N________ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес мiндетті, ерiктi кәсiптiк (керегiнiң астын сызу керек ) зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан 
 __ бiржолғы; 
 __ ай сайын; 
 __ тоқсан сайын; 
 __ жыл сайын   ақшаны мынадай деректемелер бойынша банктiк шотқа аудару арқылы зейнетақы төлемдерiн жүргізудi сұраймын: 
 __________________________________________________________________ 
 (банктiң атауы, банктік шотының нөмiрi, банктiң дербес шотының 
 __________________________________________________________________                          нөмiрi, БСК-i, БCH-i) 
 Мынадай мекен-жай бойынша тұрамын: индекс_________________________ 
 ____________________________________________________________облысы 
 _______________________________________________қ-сы (кенті, ауылы) 
 _________________________к-ci үй N___ пәтер N_____________________   байланыс телефоны_________________________________________________ 
 Алушы:_____________________               (қолы)
Өтiнiш жазылған күн 200___ жылғы "___"_________ 
 Өтiнiштi қабылдап алды:______ж. "___"__________   __________________________________________________________________ 
 (Қордың жауапты қызметкерінің тегі, аты, болса - әкесінің аты,   лауазымы, қолы) 
 Қорда тіркелді: 200___ жылғы "___" _______ N________
-------------------------------------------------------кесу сызығы
Алушыға __________________________________________________________                                 (ТАӘ) 
 Өтініш Қорда: 200__ жылғы "__" ________ N_________ тіркелді 
 Өтініш қабылдап алды: ________ ж. "___" __________ __________________________________________________________________         (Қордың жауапты қызметкерiнiң ТАӘ, лауазымы, қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 4 шiлдедегi
 N 661 қаулысымен
 бекiтiлген
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдістемесі
Осы Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртiбi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi сомасы мен мерзiмi (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленетiн төлемдер түрiнде, кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн ескере отырып жүзеге асырылады. 
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан: 
1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  белгіленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен; 
2) екі жүз елу мың теңгеден; 
3) осы Әдiстемеге қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2005. № 580, 21 (04.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз)(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi).10.2005. № 1059 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi), 29.12.2007. № 1397 Қаулыларымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.10.2005. № 1059 Қаулысымен (11.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
4. Алушы, егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы екі жүз елу мың теңгеден кем болса немесе тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болса (көрсетiлген шаманың қайсысы көп болуына байланысты), зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады. 
Егер төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақының айлық мөлшерінен кем соманы құраған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1397 Қаулысымен (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
                                 Кесте бойынша зейнетақы                                        төлемдерінің мөлшерін есептеуді                                           жүзеге асыру әдістемесіне                                                     қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін есептеуге арналған кесте
Кесте жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1397 (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)
 
Жасы Алып қою
коэффициенті
18 0,07917
19 0,07922
20 0,07926
21 0,07931
22 0,07937
23 0,07942
24 0,07949
25 0,07956
26 0,07963
27 0,7972
28 0,07981
29 0,07990
30 0,08001
31 0,08013
32 0,08025
33 0,08039
34 0,08054
35 0,08070
36 0,08088
37 0,08107
38 0,08128
39 0,08151
40 0,08176
41 0,08204
42 0,08234
43 0,08267
44 0,08303
45 0,08342
46 0,08385
47 0,08432
48 0,08484
49 0,08541
50 0,08604
51 0,08674
52 0,08750
53 0,08835
54 0,08928
55 0,09032
56 0,09148
57 0,09277
58 0,09421
59 0,09582
60 0,09764
61 0,09969
62 0,10202
63 0,10467
64 0,10771
65 0,11121
66 0,11528
67 0,12005
68 0,12570
69 0,13246
70 0,14067
71 0,15081
72 0,16362
73 0,18024
74 0,20257
75 0,23404
76 0,28152
77 0,36099
78 0,52048
79 1,00000
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 4 шiлдедегi
 N 661 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешімдерiнiң тізбесі
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдердi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 396-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 шiлдедегi N 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 306-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1936 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 622-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қаңтардағы N 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 15-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 873 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 282-құжат).