• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2014 г

Отправить по почте

15

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 Қаулысы

3, 5-тармақтарын қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 03.07.2009 жылғы № 1025 Қаулысымен (30.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 жылғы № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 231 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 жылғы № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 жылғы № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1
5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2007 жылғы № 859 Қаулысымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2008 жылдан бастап)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2010 жылғы № 1009 Қаулысымен (02.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) 
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 231 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 жылғы № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007 жылғы № 1159 Қаулысымен (11.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.09.2010 жылғы № 1009 Қаулысымен (02.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекiтiлсiн.
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.09.2010 жылғы № 1009 Қаулысымен (02.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.02.2012 жылғы № 181 Қаулысымен (21.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) 
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.09.2012 жылғы № 1209 Қаулысымен (20.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) 
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.11.2012 жылғы № 1390 Қаулысымен (17.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 231 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің ведомстволары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы: азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету.
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;