Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйек N 1213
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 11.06.2007. № 481 қаулысымен (15.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 15.03.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1) күші жойылды.
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"туристік операторлық қызмет, туристік агенттік қызмет, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметін көрсету";
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1130 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2006. № 168 қаулысымен. (14.09.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат) 1 және 2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213 қаулысымен бекітілген
Туристiк қызметті лицензиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - "Лицензиялау туралы" Заң), өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензия беру тәртiбiн, шарттарын, есебiн жүргiзуiн белгiлейдi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгiленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы берiледi.
3. Шетелдiк заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған әрi турагенттiк қызметтi жүзеге асырушы филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарына арналған сондай шарттармен және тәртiппен лицензиялануы тиiс.
4. Туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығы үшiн берiлетiн лицензия бас лицензия болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. Өтiнушi лицензия алғаннан кейін лицензия берiлген кезден бастап жетi ай iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес көрсетілетiн туристiк қызметтерге сертификат алуға мiндеттi, содан кейiн олардың көшiрмелерiн лицензиарға тапсырады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
7. Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
1) туроператорлық;
2) турагенттiк;
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды (ді қараңыз)
4) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуi.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1. Лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшiн - оның әдiлет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшiн - салық органдарында тiркелген жерi бойынша бередi.
7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен.(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
8. Заңды тұлға-өтiнушiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi соның құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкiлдiк туралы ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға көрсетiлуi тиiс.
9. Лицензиат қызметтiң осы түрiмен айналысатын филиалдар (өкiлдiктер) ашқан жағдайда лицензиат филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелу орны бойынша орналасқан лицензиарға филиалдардың (өкілдiктердiң) осы Ереженiң 22, 23, 25-тармақтарында белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте лицензиар он шешiм қабылданғаннан кейiн филиалдардың (өкілдiктердiң) орналасқан жерiн көрсете отырып, лицензияға қосымшаны ресiмдейдi.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Лицензия өтiнiш берушiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негiзiнде берiледi.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтiнiш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығы үшiн алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлейдi.
12. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда, ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн ішiнде лицензияны қайта рәсiмдейдi.
13. Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгiленген мерзiмге берiледi.
14. Лицензиардың басшысы не осыған уәкiлетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
15. Туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығына лицензия өтiнушiге осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көрсетiлген білiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда берiледi.
16. Туроператорлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
3) жарғының, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiктiң және статистикалық кәртiшкенiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгiн растайтын құжат;
5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
6) бiлiмi және жұмыс өтiлi туралы құжаттардың көшiрмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тiзiмi;
7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлікті сақтандыру шартының көшiрмесi;
8) тасымалдаушымен шарттың көшiрмесi;
9) туристiк жолдаманың және турист жаднамасының көшiрмесi;
10) экскурсиялық қызметтi жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарттың көшiрмесi;
11) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегiштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
12) туристiк бағыттардың тiзiлiмi;
13) туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
14) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісi;
15) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Турагенттiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
3) мыналардың: жарғының, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн), жеке куәлiктiң, жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат;
5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
6) бiлiмi және жұмыс өтiлi туралы құжаттардың көшiрмесiн қоса отырып, қызметкерлердiң тiзiмi;
7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартының көшiрмесi;
8) тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
9) туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
11) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
12) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
19. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
3) тиiстi кәсiптiк дайындығын, бiлiктiлігiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесiн растайтын құжаттар;
4) әзiрленген туристiк бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;
5) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама.
20. Өтiнушi ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауаптылықта болады.
21. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
21-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.09.2005. № 964 қаулысымен. (19.08.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Бiлiктiлiк талаптары
22. Туроператорлық қызметті лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын бiлiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) жарғыда туристiк қызметтi негiзгi ретiнде бекіту;
2) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат;
3) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты;
4) туристік бiлiмi немесе туризм саласында кемiнде бiр жыл нақты жұмыс тәжiрибесi бар қызметкерлер;
5) туристiк бағыттардың тiзiлiмi;
6) туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;
7) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
8) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды;
туристiк жарақтар;
көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
9) экскурсиялық қызметте жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарт;
10) тасымалдаушымен шарттар;
11) туристiк жолдама, турист жаднамасы;
12) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат;
13) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);
2) кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
3) туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;
4) туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;
5) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
6) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн не туристердi орналастыру орындары;
туристiк жарақтар;
көлiктi ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;
7) тасымалдаушымен шарттар;
8) туристiк жолдама, турист жаднамасы;
9) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат;
10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
24. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
25. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) кәсiптiк дайындығын, бiлiктiлiгiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесi;
2) әзiрленген туристiк бағыттар;
3) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама;
4) меншiктi немесе жалға алынған туристік жарақтар.
25-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
26. Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:
1) туроператорлық, турагенттік қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен адамдардың осы санаттары үшiн тыйым салынса; Р960918_
2) лицензия алу үшiн қажеттi құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi өтiнушi жойған ретте, өтiнiш оны алу үшiн көзделген жалпы негiздерде қаралады;
3) лицензиялық алым енгiзiлмесе;
4) өтiнушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
5) өтiнушiге қатысты оның осы қызмет түрiмен айналысуына тыйым салынған сот шешiмi бар болса.
26-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
27. Турагенттiк, туроператорлық қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтiнушiге бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
27-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.08.2005. № 853 қаулысымен (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
28. Егер заңнамамен белгiленген мерзiмде лицензия берiлмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды өтiнушi негiзсiз деп тапса, ол бiр ай мерзiмде лицензиардың iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
29. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе өтiнушiнiң құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
30. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.
31. Лицензия өз күшiн мына жағдайларда тоқтады:
1) лицензияның қайтарып алынуы;
2) азаматтың кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.
32. Лицензияны қайтарып алу және оның күшiн тоқта тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiпте және негiздерде жүзеге асырылады.
33. Лицензияның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
34. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін лицензияның күші қалпына келеді.
5. Есепке алу және бақылау
35. Лицензиар берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізеді.
36. Осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
37. Лицензиар осы Ереженің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |