Toggle Dropdown
3
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 481 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы және "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Туристік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат);
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 445-құжат);
Toggle Dropdown
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»11 маусымдағы
N 481 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 маусымдағы
N 481 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
1
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және өтініш берушінің туроператорлық қызметпен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды.
Toggle Dropdown
1
2. Туроператорлық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) қалыптастырылған туристік өнімнің;
Toggle Dropdown
2) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғалармен (екі және одан астам) шарттардың;
Toggle Dropdown
3) туристік ваучер (жолдамалар) үлгісінің;
Toggle Dropdown
4) кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің;
Toggle Dropdown
5) кеңсеге арналған меншік немесе жалға алынған үй-жайдың;
Toggle Dropdown
6) туроператор туристік өнімге кіретін тұру, жол жүру жөніндегі қызметті, туризм нұсқаушысының қызметін дербес көрсеткен жағдайда, меншік немесе жалға алынған материалдық базасының;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес келетін туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жобасының;
Toggle Dropdown
8) туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуын қамтиды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 879 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат
Toggle Dropdown
_______________________________
(өтініш берушінің атауы)
Toggle Dropdown
| Р/с N | Тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігініңнөмірі және берілген күні | Лауазымы | Жұмыс өтілі, оның ішінде туризм саласында | Нотариалды куәландырылған құжатты растайтын көшірменің қосымшасы бар білімі туралы дипломы, куәлігі және басқа да құжаттары бойынша білігі (мамандығы) | Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Toggle Dropdown
М.О. Басшының қолы