Toggle Dropdown
7
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдері
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдері (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін, оны әзірлеу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.
Toggle Dropdown
3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы – мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
Toggle Dropdown
4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы – мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
Toggle Dropdown
5. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Toggle Dropdown
Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
Toggle Dropdown
6. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.
Toggle Dropdown
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
Toggle Dropdown
7. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрылымы
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай бөлімдерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары;
Toggle Dropdown
2) экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджет саясатының орта мерзімді кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері;
Toggle Dropdown
3) экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджет саясатының бес жылға арналған негізгі бағыттары мен шаралары;
Toggle Dropdown
4) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы (қосымша түрінде);
Toggle Dropdown
5) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттер түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы (қосымша түрінде);
Toggle Dropdown
6) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары;
Toggle Dropdown
7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде);
Toggle Dropdown
8) жоспарлы кезеңге арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар тізбесі (қосымша түрінде).
Toggle Dropdown
9. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
10. Басым бюджеттік инвестициялар тізбесі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
Toggle Dropdown
11. Жоспарлы кезеңге арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар тізбесі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
Toggle Dropdown
12. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысаны, тізбесі, сондай-ақ жауапты орындаушылар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарға байланысты айқындалады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
13. Шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына шығарады.
Toggle Dropdown
14. Шартты қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, үрдістері, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері;
Toggle Dropdown
2) үш жылға арналған:
Toggle Dropdown
тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерін (қосымша түрінде);
Toggle Dropdown
өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
Toggle Dropdown
үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін (қосымша түрінде) қамтуы тиіс бюджет параметрлері.
Toggle Dropdown
16. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджет параметрлерінің болжамы индикативті сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгерістерін, бюджет мониторингі мен нәтижелерді бағалауды, басқа да ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, бюджет параметрлерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған болжамын әзірлеу кезінде нақтылануы мүмкін.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі
Toggle Dropdown
17. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Бірінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын, бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын әзірлеу жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсеткіштер болжамын және республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне, бөлім құрылымына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес ұсыныстар, сондай-ақ, шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар береді;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлейді және оны әлеуметтік экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолдайды;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы органдардан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган РБК мақұлдағаннан кейін екі күндік мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын жолдайды;
Toggle Dropdown
Екінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжам жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым республикалық бюджеттік инвестициялардың, шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбелерін қалыптастыру жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей бюджеттік өтінімдер шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі жобасына енгізу үшін басым бюджеттік инвестициялар, оның ішінде нысаналы трансферттер (өңірлік даму жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген) бойынша ұсыныстар жолдайды;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтары негізінде және орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын:
Toggle Dropdown
РБК-да орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша қалыптастырады.
Toggle Dropdown
3) жоспарланатын кезең алдындағы жылдың шілде айында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;
Toggle Dropdown
4) орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға нақтыланған көрсеткіштер болжамын және республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне ақпаратты ұсынады;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың негізінде жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын нақтылайды және оны әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолдайды;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 28 шілдесінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін қажетті ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің нақтыланған сценарийлік болжамын жолдайды;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінен алынған жоспарланатын кезең алдындағы кезеңдегі ресми есептік деректердің негізінде жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын әзірлейді;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган басым республикалық бюджеттік инвестициялар мен шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбелерін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және РБК қарауына енгізеді;
Toggle Dropdown
9) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттік инвестициялар мен шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбелерін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі;
Toggle Dropdown
10) басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі
Toggle Dropdown
18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Бірінші кезеңде бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен бірінші кезеңде РБК мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдері құрылымының, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі, бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарының негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын және басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезең алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
Toggle Dropdown
Екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау, болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезең алдындағы жылдың қыркүйегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен екінші кезеңде мақұлданған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;
Toggle Dropdown
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне ұсыныстар және көрсеткіштерді нақтылауды ұсынады;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан алынған ақпараттың негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет қаражаты есебінен басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;
Toggle Dropdown
4) басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 қазаннан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі мақұлдайды.
Toggle Dropdown
19. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Бірінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 сәуірге дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын әзірлейді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Toggle Dropdown
Екінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың қазанында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;
Toggle Dropdown
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 қазаннан кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;
Toggle Dropdown
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі мақұлдайды.
Toggle Dropdown
5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
20. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу бойынша әдіснамалық ұсынымдарда әзірлейді.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын
әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. Бес жылдық кезеңге арналған
Toggle Dropdown
Р/с № | Көрсеткіштердің атауы | 1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жылды бағалау | Болжам |
Болжанатын кезеңнің 1-ші жылы | Болжанатын кезеңнің 2-ші жылы | Болжанатын кезеңнің 3-ші жылы | Болжанатын кезеңнің 4-ші жылы | Болжанатын кезеңнің 5-ші жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | ЖІӨ, млрд. теңге |
|
|
|
|
|
|
2 | ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
3 | ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл. |
|
|
|
|
|
|
4 | Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ ресми бағам бойынша, АҚШ долл. |
|
|
|
|
|
|
| Экономика салаларының ЖҚҚ |
5 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
6 | Өнеркәсіп, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
7 | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің карьерлерін әзірлеу, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
8 | Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, млн. тонна |
|
|
|
|
|
|
9 | Өңдеу өнеркәсібі, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
10 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
11 | Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent қоспасы), жылына орташа есеппен бір баррелі АҚШ долл. |
|
|
|
|
|
|
12 | Құрылыс, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
13 | Көлік және қоймаға жинақтау, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
14 | Ақпарат және байланыс, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
15 | Сауда, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
16 | Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге | | | | | | |
17 | Негізгі капиталға инвестициялар, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
| Ақша-кредит саясатының көрсеткіштері |
18 | Экономикаға ЕДБ кредиттері, млрд. теңге, кезең соңына |
|
|
|
|
|
|
19 | Резиденттердің депозиттері, кезең соңына млрд. теңге |
|
|
|
|
|
|
20 | Ақша массасы, кезең соңына млрд. теңге |
|
|
|
|
|
|
21 | Инфляция, кезең соңына, % |
|
|
|
|
|
|
22 | Экономиканы монеталандыру деңгейі, % |
|
|
|
|
|
|
23 | Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, % (кезең соңына) |
|
|
|
|
|
|
| Төлем теңгерімінің көрсеткіштері |
24 | Тауар экспорты, млн. АҚШ долл. | | | | | | |
25 | Тауар импорты, млн. АҚШ долл. | | | | | | |
26 | Сауда теңгерімі, млн. АҚШ долл. |
|
|
|
|
|
|
27 | Ағымдағы шот, млрд. АҚШ долл. |
|
|
|
|
|
|
28 | Ағымдағы шоттың сальдосы, ЖІӨ-ден % |
|
|
|
|
|
|
| Әлеуметтік саланың көрсеткіштері |
29 | Экономикалық белсенді тұрғындар саны, мың адам | | | | | | |
30 | Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам |
|
|
|
|
|
|
31 | оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, мың адам |
|
|
|
|
|
|
32 | Жұмыссыздар саны, мың адам |
|
|
|
|
|
|
33 | Экономикалық белсенді тұрғындарға қарағанда, жұмыссыздық деңгейі % |
|
|
|
|
|
|
34 | Кадрларға қажеттілік, барлығы, мың адам |
|
|
|
|
|
|
35 | оның ішінде ҮИИДМБ шеңберіндегі қажеттілік, мың адам |
|
|
|
|
|
|
36 | Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге |
|
|
|
|
|
|
37 | Орташа айлық номиналды жалақы, теңге | | | | | | |
38 | Нақты жалақы индексі, алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
|
|
39 | Айлық есептік көрсеткіш, теңге |
|
|
|
|
|
|
40 | Зейнеткерлер саны, мың адам. |
|
|
|
|
|
|
41 | Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге |
|
|
|
|
|
|
42 | Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге |
|
|
|
|
|
|
43 | Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге |
|
|
|
|
|
|
44 | Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі, % |
|
|
|
|
|
|
45 | Орта техникалық білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам | | | | | | |
46 | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам |
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
1
2. Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлер болжамы
Toggle Dropdown
млрд. теңге
Toggle Dropdown
Бюджет көрсеткіштері |
Р/с № | Көрсеткіштер атауы | 1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жылғы бағалау | Болжам |
Болжанатын кезеңнің 1-ші жылы | Болжанатын кезеңнің 2-ші жылы | Болжанатын кезеңнің 3-ші жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мемлекеттік бюджет |
1 | Түсімдер |
|
|
|
|
2 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
3 | Кірістер (трансферттерді есептемегенде) |
|
|
|
|
4 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
5 | Салықтық түсімдер |
|
|
|
|
6 | Салықтық емес түсімдер |
|
|
|
|
7 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
|
|
|
|
8 | Трансферттер түсімдері |
|
|
|
|
9 | Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт |
|
|
|
|
10 | Бюджет кредиттерін өтеу |
|
|
|
|
11 | Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
|
|
|
|
12 | Шығыстар |
|
|
|
|
13 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
14 | Алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
15 | Тапшылық |
|
|
|
|
16 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
17 | Мұнай емес тапшылық |
|
|
|
|
18 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Республикалық бюджет |
19 | Түсімдер |
|
|
|
|
20 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
21 | Кірістер (трансферттерді есептемегенде) |
|
|
|
|
22 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
23 | Салықтық түсімдер |
|
|
|
|
24 | Салықтық емес түсімдер |
|
|
|
|
25 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
|
|
|
|
26 | Трансферттер түсімдері |
|
|
|
|
27 | Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт |
|
|
|
|
28 | кері трансферт |
|
|
|
|
29 | бюджеттік алып қоюлар |
|
|
|
|
30 | Бюджет кредиттерін өтеу |
|
|
|
|
31 | Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
|
|
|
|
32 | Шығыстар |
|
|
|
|
33 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
34 | Алдыңғы жылға қарағанда % |
|
|
|
|
35 | Тапшылық |
|
|
|
|
36 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
37 | Мұнай емес тапшылық |
|
|
|
|
38 | ЖІӨ-ге қарағанда % |
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Toggle Dropdown
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
Toggle Dropdown
ЖҚҚ – жалпы қосылған құн
Toggle Dropdown
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
Toggle Dropdown
ҮИИДМБ – Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Toggle Dropdown
Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын
әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Басым бағыттар бөлінісіндегі үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі
Toggle Dropdown
Бағыттың атауы | Іске асыру кезеңі | Қаржыландыру көзі* | Жалпы құны (мың теңге) | Жоспарланатын жылға дейін барлығы (мың теңге) | Жоспар (мың теңге) | 3-ші жоспарланатын жылдан кейін (мың теңге) |
1-ші есепті жылға дейін | 1-ші есепті жыл | 2-ші жыл (ағымдағы жылдың жоспары) | 1-ші жоспарланатын жыл | 2-ші жоспарланатын жыл | 3-ші жоспарланатын жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
* - жобаны қаржыландыру көздерін (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер) көрсете отырып
Toggle Dropdown
Мемлекеттік бағдарламалар бөлінісіндегі үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі
Toggle Dropdown
Атауы | ББӘ атауы | Іске асыру кезеңі | Қаржыландыру көзі* | Жалпы құны (мың теңге) | Жоспарланатын жылға дейін барлығы (мың теңге) | Жоспар (мың теңге) | 3-ші жоспарланатын жылдан кейін (мың теңге) |
1-ші есепті жылға дейін | 1-ші есепті жыл | 2-ші жыл (ағымдағы жылдың жоспары) | 1-ші жоспарланатын жыл | 2-ші жоспарланатын жыл | 3-ші жоспарланатын жыл | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
|
|
|
| Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
1. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар |
|
|
|
| Жиыны: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Жарғылық капиталды ұлғайту арқылы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар |
|
|
|
| Жиыны: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Нысаналы даму трансферттері |
|
|
|
| Жиыны: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Кредит беру |
|
|
|
| Жиыны: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
* - жобаны қаржыландыру көздерін (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер) көрсете отырып
Toggle Dropdown
Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын
әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстар тізбесі
Toggle Dropdown
Р/с № | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы | Шығыстардың атауы | Сомасы, млн. теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Жиыны: |
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат).
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 484-құжат).
Toggle Dropdown
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі N 723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 345-құжат).
Toggle Dropdown
4. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат).
Toggle Dropdown
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 және 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 748 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 389-құжат).
Toggle Dropdown
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 331-құжат).
Toggle Dropdown
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1080 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 458-құжат).
Toggle Dropdown
8. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.