• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 жылғы № 252 Қаулысымен (30.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 жылғы № 252 Қаулысымен (30.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 маусымдағы
N 610 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1226 Қаулысымен (26.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2010 жылғы № 43 Қаулысымен (23.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 жылғы № 252 Қаулысымен (30.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Театрлар
1. "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
2. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 03.02.2014 жылғы № 43 Қаулысымен (27.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
4. "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
5. "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
6. "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
7. "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
8. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
9. "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Концерттік ұйымдар
10. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
11. "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
12. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
13. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
14. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
15. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
16. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.
Мұражайлар
17. "Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесі. 
18. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.01.2014 жылғы № 28 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
19. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
20. "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
21. "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
22. "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Кино
23. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.
Тарихи-мәдени қорықтар
24. "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі. 
25. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі. 
26. "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі. 
27. "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі. 
28. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі. 
29. "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі. 
30. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
30-1. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
30-2. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Кітапханалар
31. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі. 
32. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" мемлекеттік мекемесі. 
33. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі.
Өзге де ұйымдар
34. "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамы 
35. "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 
36. "Мәдени саясат және өнертану институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 
37. "Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 
38. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
38-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.04.2013 жылғы № 369 Қаулысымен (20.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 маусымдағы
N 610 қаулысымен
бекітілген
  • 3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 жылғы № 753 Қаулысымен (31.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: 
көрсетілген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті".
  • 1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (03.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.12.2012 жылғы № 1641 Қаулысымен (07.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды