Bestprofi Logo

Қаулы № 913 от 2009-06-16г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 913 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 913 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1. Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

3. Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

4. Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

5. Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

6. Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

7. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 913 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 (28641)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.10.2011 № 1192 Қаулысымен (16.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (20.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)

5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2015 жылы № 237 (28715) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание