• Мое избранное
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 17

Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1199

Атау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 207 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
N 266 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесі
1. Жалпы ережелер
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 117 Қаулысымен (24.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1. Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 30.09.2011 жылғы № 132 Қаулысымен (01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Ережеде Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 30.09.2011 жылғы № 132 Қаулысымен (01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4. Банктiк шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Ереженің 37-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009 жылғы № 85 Қаулысымен (09.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 30.09.2011 жылғы № 132 Қаулысымен (01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ағымдағы және жинақ шоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.  
Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
6-1. Клиентке банктік шотты ашу банк «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) сәйкес тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
6-1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 30.09.2011 жылғы № 132 Қаулысымен (01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
6-1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 150 Қаулысымен (23.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2014 жылғы № 168 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктік шоттарды ашудан бас тарту Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банктің арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-1. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы
1-1-тараумен толықтырылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.10.2007. № 123 Қаулысымен.(қолданысқа 07.06.2010 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз)
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 117 Қаулысымен (24.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды.
7-1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 200 Қаулысымен (27.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Клиентке банктік шотты ашқан не клиент банкке өтініш жасаған кезде оны ашқаннан кейін банк клиентке жазбаша немесе электрондық нысанда растауды береді, онда, банктік шоттың нөмірі шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.
Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
7-2. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді. Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген.
2. Банктік шот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу тәртібі
Атау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Атау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009 жылғы № 85 Қаулысымен (09.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 117 Қаулысымен (24.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы шот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009 жылғы № 85 Қаулысымен (09.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
9. Банктік шот шартында:
9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.07.2007 жылғы № 76 Қаулысымен (18.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 13.08.2010 жылдан бастап)
9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.08.2010 жылғы № 76 Қаулысымен (07.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 
9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.07.2011 жылғы № 65 Қаулысымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 жылғы № 108 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) 
9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 жылғы № 62 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 200 Қаулысымен (27.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) шарттың мәні;
2) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
3) қосылу шартын қоспағанда, клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі;
4) банктегі ақшаға иелік ету тәртібі;
5) банктің қызметтерді көрсету талаптары және оларға ақы төлеу тәртібі;
6) клиенттің банктік шотты жабу туралы өтініші негізінде банктік шотты жабу мерзімі қамтылады.
10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
  • 1
11. Банк шотын ашу үшін клиент мынадай құжаттарды ұсынады:
11-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 жылғы № 108 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
11-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (01.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
11-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 жылғы № 62 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 200 Қаулысымен (27.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 жылғы № 28 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.05.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат;
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;
бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты - мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін;
2) Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалар үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;