• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 20.03.2014 г

Отправить по почте

2

Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 15 Қаулысы

Тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 6 қаңтардағы
 N 15 қаулысымен
 бекiтiлген
Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi 
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен. Бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» сөздер «беру жөніндегі» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және оралмандардың көшiп-келу квотасына енген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеудiң, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар (бұдан әрi - қосымша жеңiлдiктер) төлеудiң тәртiбiн айқындайды. 
1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті);
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;
2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2-2) Орталықтың филиалдары — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстың, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
2-3) Орталықтың бөлімшелері - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;
3) беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының және Ұлттық Банкiнiң банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар;
4) Бағдарламаға қатысушы оралман - оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген және 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушы болған оралман.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.01.2010 № 7, 04.03.2011 № 230 Қаулыларымен. (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қосымша жеңiлдiктер оларды алуға құқығы бар оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне төленедi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуы өз бетiмен және ұйымдасып қоныс аудару жолымен жүзеге асырылады. 
Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде оралмандар және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жерiне жеткенге дейiнгi жолда тамақ өнiмдерiмен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етiледi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру 
4. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру оралманның отбасы оралмандардың көшiп-келу квотасына енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
5. Қосымша жеңілдіктер тағайындау және төлеу үшін оралман отбасының басшысы өзінің тұрғылықты жері бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемдер беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Отбасының басшысын оралманның отбасы белгілейді.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (15.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қолдаухат қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы шешімнен үзінді көшірме ресімделеді (бір дана) және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламамен қоса төлемдерді жүзеге асыру үшін Орталықтың филиалы арқылы Орталықтың бөлімшесіне жіберіледі.
Орталықтың бөлімшесі келіп түскен қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірмені осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оны тіркеу журналына тіркейді, орталықтандырылған деректер базасында алушының (оралманның) карточкасын қалыптастырады және тиісті деректерді енгізеді.
Қосымша жеңілдіктер тағайындаудан бас тартылған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бас тарту себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (15.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешiмде оралман отбасының құрамы, оларға тиесiлi төлемдердiң мөлшерi және беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымда оралман отбасының басшысы ашқан жеке шоттың нөмiрi көрсетiледi.
8. Орталықтың бөлімшесі қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірме алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдарға тиiстi төлемдердi аударады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (15.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қосымша жеңілдіктер тағайындаудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға болады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (15.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Қосымша жеңілдіктер оралман отбасының өздері оралмандардың көшіп-келу квотасына енгізілген жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келмеген мүшелеріне берілмейді.
10-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (15.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Бағдарламаға қатысушы болып табылмайтын оралмандарға:
отбасы отағасына 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өз бетімен қоныс аудару кезінде тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарды өтеуге қаражат. Бұл ретте оралман отбасының әрбір мүшесінің жол жүру ақысын төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі. Жеке мүлкін апару ақысын төлеу оралман отбасына 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
3) оралман отбасының әрбір мүшесіне 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат бөлінеді. Бұл ретте оралман отбасы отағасының жеке шотына аударылған бөлінген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы теріс айырма оралмандардың отбасы мүшелерінің өз қаражаты есебінен төленеді, ал оң айырма оралман отбасында қалады.
11-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.01.2010 № 7 Қаулысымен. (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұратын жеріне бару және мүлкін апару жөніндегі шығыстарды өтеу қаражатын қамтитын біржолғы жәрдемақылар мынадай мөлшерде:
1) отбасы отағасына 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) отбасының әрбір мүшесіне аумақтық даму осьтері бойынша қоныстануына байланысты:
Солтүстік осьте (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) 75 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Орталық осьте (Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) 65 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Оңтүстік осьте (Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сараланып бөлінеді.
Бағдарламаға қатысушы оралмандар Солтүстік осьте қоныстанған жағдайда олардың біржолғы жәрдемақы сомасы 2,0 арттырушы коэффициентіне және Орталық осьте 1,7 арттырушы коэффициентіне көбейтіледі.
12-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.01.2010 № 7 Қаулысымен. (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұрғын үйді салу, қалпына келтіру немесе сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеңілдікті кредиттік қарыздар беріледі.
13-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.01.2010 № 7 Қаулысымен. (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін тасымалдау және олардың мүлкiн апару жөнiндегi көлiктiк шығыстарды: 
1) шыққан мемлекетiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктiне дейiн - уәкiлеттi орган; 
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктiнен соңғы тұрғылықты жерiне дейiн - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады. 
Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде көлiк ұйымдарының оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің мүлкiн апару жөнiндегi қызметтерi оралман отбасына салмағы 1000 килограмнан аспайтын жүк үшiн өтеледi. 
Соңғы тұрғылықты жерiне дейiнгi жолда тамақ өнiмдерiмен, дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету әрбiр отбасы мүшесiне айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 50 пайызы мөлшерiнде жүргiзiледi.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978, 04.03.2011 № 230 Қаулыларымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
15. Оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін құжаттамалау (тұруға ықтиярхат немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi) жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу осы құжаттардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құны мөлшерiнде жүргiзiледi. 
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978, 04.03.2011 № 230 Қаулыларымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
16. Орталықтың бөлімшелері мен беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың арасында есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн төленген сомалар бойынша салыстыру актiлерi жасалады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (15.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
17. Орталықтың бөлімшелері беру жөніндегі уәкiлеттi ұйыммен арадағы салыстыру актiсiнiң негiзiнде есептiден кейiнгi айдың 7-күнiне Орталыққа төлемдер туралы есептердi ұсынады.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен. (15.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
                             ережесiне 1-қосымша
қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 978, 04.03.2011 № 230 Қаулыларымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу туралы  
                            өтiнiш 
    ______________ облысы (қаласы) Ішкі істер департаменті 
       Көші-қон полициясы басқармасының қосымша төлемдер 
           тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме
Ереже 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен.
2. Тұрғын үй сатып алуға тағайындалған қаржының төленетін мөлшері:
Банкінің деректемелері және алушының ағымдағы шотының нөмірі:
_______________________________________________________________
 (қосымша жеңілдіктерді тағайындаған органның атауы)
 _______________________________________________________________
 (Орталық филиалының атауы)
      Төлемдерді ресімдеу үшін ұсынылатын үзінді көшірмелер 
            туралы  20 __ ж.« ___ » № ___  хабарлама
Ереже 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен.
 
Р/с
Істің № Тегі, аты, әкесінің аты Төлемдердің түрі Ескертпе













































  __________________________ көшірмелерін тіркеу журналы 
       (төлемдердің түрі)                     
Ереже 4-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 230 Қаулысымен.
 
Р/с
Үзінді көшірменің №, күні Оралманның тегі, аты, әкесінің аты Хабарлама уақыты, № Тіркеу уақыты






























Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 6 қаңтардағы
 N 15 қаулысына
 қосымша
1
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 және 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 48 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 16-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 ақпандағы N 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 121-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 7, 73-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 351-құжат).