• Мое избранное

Отправить по почте

Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 693 Қаулысы

Редакция 17.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2010 жылғы № 621 Қаулысымен (03.10.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2012 жылғы № 535 Қаулысымен (21.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.05.2012 жылғы № 600 Қаулысымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.04.2018 жылғы № 200 Қаулысына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.04.2018 жылғы № 200 Қаулысына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарына сараптама;
7) концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
9) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
10) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама;
11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
11-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;
12-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулер;
14-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1056 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
15) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.
2-тармақ 15-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену, және пайдалану құқығын берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 693 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-105-жолмен толықтырылсын: 
"21-105. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: 
көрсетілген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-5-жолмен толықтырылсын: 
"268-5. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.10.2008 жылғы № 915 Қаулысымен (17.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес (17.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысымен (30.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (09.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)